Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin nadzor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
699.68 Кб
Скачать

41. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары

Уəкілетті орган пруденциалдық нормативтердің жəне сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар нарығының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-əрекеттерін немесе əрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уəкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:1. анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;2. акционерлер алдына бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мəселе қоюға;3. міндеттеме - хат талап етуге;4. бағалы қағаздар нарығының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы.Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі жəне бағалы қағаздар нарығы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою жəне жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.

Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар нарығының субъектісі мен уəкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы жəне осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар нарығының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау. Сотта уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.

Бағалы қағаздар нарығының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Уəкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.Уəкілетті орган санкция ретінде мынадай шараларды қолданады:1. лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;2. лицензиядан айыру;3. бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уəкілетті органның келісімін қайтарып алу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айыппұл салу жəне оны өндіртіп алу.

1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар рыногының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға: 1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге; 2) акционерлер алдына бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мәселе қоюға; 3) міндеттеме-хат талап етуге; 4) бағалы қағаздар рыногының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы. 2. Бағалы қағаздар рыногы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және бағалы қағаздар рыногы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс. 3. Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар рыногының субъектісі мен уәкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім. 4. Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар рыногының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау. Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды. 5. Бағалы қағаздар рыногының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы. 8. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіртіп алуға; 2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға; 3) лицензиядан айыруға; 4) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы. 9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі рет­телуі өз құзыретіне кіретін

мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, бағалы қағаздар нарығы субъекті­леріне осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.  Бағалы қағаздар нарығының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің оларда белгіленген мерзімдерде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]