- •Қр қаржылық қадағалаудың қалыптасуы
- •Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
- •Банк қызметін реттеудің және қадағалаудың қажеттілігі
- •Банк қызметін пруденциялдық реттеу
- •Банктің меншікті қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті
- •Банктің субординарлық қарызы
- •Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері
- •8.Банкің ағымдағы өтімділік коэффициенті
- •Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •11. Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •12. Инспекциялық қадағалаудың механизмі
- •1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау.
- •13. Банк қызметін қашықтан қадағалау механизмі
- •14. Банк қызметін қашықтан қадағалау мәні
- •15 Статус Репорт құжаты
- •16 Camel рейтинг жүйесінің принциптері
- •17 Банк қызметін рейтингтік бағалау
- •18 Банктің капитал жеткіліктілігін бағалау
- •19 Банктің активтер сапасын бағалау
- •20.Банктің менеджмент жүйесін бағалау
- •21.Банктің табыстылығын бағалау
- •Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда Активтерің орташа құны
- •22.Банктің өтімділігін бағалау
- •23. Сақтандыру нарығындағы қадағалаудың мәні
- •24. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мәні
- •26. Сақтандыру нарығындағы cанкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
- •27. Сақтандыру қызметін лицензиялау
- •28. Сақтандыру қызметін консервациялау
- •29. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау
- •30. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалау ерекшеліктері
- •31. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау
- •32. Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер
- •33. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметі
- •40.Бағалы қағаздар нарығын реттеу үрдісі
- •41. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары
- •42.Бағалы қағаздар нарығындағы өзін - өзі реттейтін ұйымдар
- •43.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексерудің мәні мен түрлері
- •44.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексеруге негіздеме болатын фактілер
- •45.Бағалы қағаз нарығына арналған пруденциалдық нормативтер
- •46.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
- •47.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері
- •49.Жиынтық қадағалаудың мәні мен қажеттілігі
- •50.Банк конгломеранттарына арналған пруденциалдық нормативтер
- •51.Қарапайым банктік топ
- •52.Қарапайым қаржы конгломеранты
- •53.Күрделі қаржы конгломеранты
- •54.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
- •55.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері
- •56.Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •57.Сақтандыру нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •58.Жзқ реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •59.Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •60.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді. Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар ҚР банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.
Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әртүрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктің қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшылардың мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады. Республикада банкілерді қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің көмегімен жүзеге асады. Мұндағы басты міндеттерінің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл – қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялдық қағалау әдісі.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизиялады құру барысының орындалуын тексеру.
2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен саластыра отырып бағалау.
Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосу мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тимділігі банк беретін ақппараттардың сапалылығымен ғана шектеледі.
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банкткердің қызметін реттеу әдісі.
Инспекциялау әдісінің артықшылығы – банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек – кейбір жағдайда біренеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды.
Инспекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік операциялар мен банктік тәуекелдерді білетін жоғары білікті мамандардан тұратын топ немесе топтарды құру қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізу үлкен еңбек көлемін қажет ететінін ескере отырып, қадағалау органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін (әрбір банк кемінде жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің тәуекелінің жалпы тексеру мен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындауға негізделеді.
