
- •Қр қаржылық қадағалаудың қалыптасуы
- •Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
- •Банк қызметін реттеудің және қадағалаудың қажеттілігі
- •Банк қызметін пруденциялдық реттеу
- •Банктің меншікті қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті
- •Банктің субординарлық қарызы
- •Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері
- •8.Банкің ағымдағы өтімділік коэффициенті
- •Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •11. Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •12. Инспекциялық қадағалаудың механизмі
- •1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау.
- •13. Банк қызметін қашықтан қадағалау механизмі
- •14. Банк қызметін қашықтан қадағалау мәні
- •15 Статус Репорт құжаты
- •16 Camel рейтинг жүйесінің принциптері
- •17 Банк қызметін рейтингтік бағалау
- •18 Банктің капитал жеткіліктілігін бағалау
- •19 Банктің активтер сапасын бағалау
- •20.Банктің менеджмент жүйесін бағалау
- •21.Банктің табыстылығын бағалау
- •Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда Активтерің орташа құны
- •22.Банктің өтімділігін бағалау
- •23. Сақтандыру нарығындағы қадағалаудың мәні
- •24. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мәні
- •26. Сақтандыру нарығындағы cанкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
- •27. Сақтандыру қызметін лицензиялау
- •28. Сақтандыру қызметін консервациялау
- •29. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау
- •30. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалау ерекшеліктері
- •31. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау
- •32. Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер
- •33. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметі
- •40.Бағалы қағаздар нарығын реттеу үрдісі
- •41. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары
- •42.Бағалы қағаздар нарығындағы өзін - өзі реттейтін ұйымдар
- •43.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексерудің мәні мен түрлері
- •44.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексеруге негіздеме болатын фактілер
- •45.Бағалы қағаз нарығына арналған пруденциалдық нормативтер
- •46.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
- •47.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері
- •49.Жиынтық қадағалаудың мәні мен қажеттілігі
- •50.Банк конгломеранттарына арналған пруденциалдық нормативтер
- •51.Қарапайым банктік топ
- •52.Қарапайым қаржы конгломеранты
- •53.Күрделі қаржы конгломеранты
- •54.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
- •55.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері
- •56.Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •57.Сақтандыру нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •58.Жзқ реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •59.Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •60.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
32. Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер
Меншікті капиталының жеткіліктілігі
К1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К1 = (ӨА-(М+RR1 немесе FR2))/МЗА
ӨА - өтімді және басқа да активтер;
М - баланс бойынша міндеттемелер;
МЗА - Қордың инвестициялық портфеліндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының құны
МЗА = Несиелік тәуекел+Нарықтық тәуекел + операциялық тәуекел
Несиелік тәуекел - борыштық бағалы қағаздар бойынша мөлшерленетін тазартылған қымбат металдар, металл депозиттері, «кері репо» операциялары, туынды қаржы құралдары, айырбасталмайтын артықшылықты акциялар бойынша есептелетін кредиттік тәуекел;
Нарықтық тәуекел - инвестициялық портфельде бір жыл және одан аз уақыт болған борыштық бағалы қағаздар, акциялар, депозитарлық қолхаттар, пайлар және айырбасталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша есептелетін нарықтық тәуекел.
Меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентінің мәні 0,04-тен кем болмайды
"Зейнетақы активтерінің кірістілігі"
Қордың номиналды кірістілігінің көрсеткіші К2 номиналды кіріс коэффициентімен сипатталады.
Қордың консервативтік инвестициялық бойынша 85% құрайды.
Қордың қалыпты инвестициялық портфель бойынша 70 % құрайды.
К2 номиналды кіріс коэффициентін болашақта өтеу ықтималы бойынша Қордың міндеттемелері және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған резерв
Міндеттемелер сомасы өз шығыстары есебінен қалыптастырылады.
Қордың К2 номиналды кіріс коэффициентінің алдыңғы есепті кезеңдегі түзетілген орташа мөлшерленген номиналды кіріс коэффициентінің мәнінен 30 % астам пайызға кері ауытқыған жағдайда Қорда болашақта К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу ықтималы бойынша міндеттемелер пайда болады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған резерв пен Міндеттемелер Қормен ай сайын әрбір есепті күніне есептеледі.
«Инвестициялау лимиттері»
Қор «Инвестициялау лимиттері» 4-пруденциалдық нормативтің есебін күн сайын жүзеге асырады. «Инвестициялау лимиттері» 4-пруденциалдық нормативін есептеу кезінде:
1) Қ.Р/ң екінші деңгейдегі банкінің меншікті капиталы интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде анықталады;
2) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қ.Р ұйымының меншікті капиталы қор биржасының н/е қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде анықталады;
3) Қ.Р/ң екінші деңгейдегі банкінің ж/е екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қ.Р ұйымының дауыс беретін және орналастырылған акцияларының жалпы саны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында ай сайын орналастырылатын деректердің негізінде анықталады;
4) пайлары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, басқарушы компаниясы Қ.Р/ң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылатын деректердің негізінде анықталады;
33. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметі
Уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) міндеті өз міндеттерін уақтылы және толық орындау үшін қордың қабілетін сақтау және қалпына келтіру, жұмыстағы бар кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қордың ішкі құжаттарындағы бұзуларды жою, сондай-ақ қордың қаржылық жағдайын сауықтыру мақсатындағы өзге іс-шараларды жүзеге асыру, оның жұмыс сапасын жақсарту, қор көрсететін қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тәуекелдерді басқару жүйесін және қордағы ішкі бақылауды жақсарту болып табылады.
Уақытша әкімшіліктің қызметтері келесідей болып келеді:
3. Уақытша әкімшілік алқалы орган болып табылады, оны қордың атынан іс-қимыл жасайтын, консервация режимінде болып отырған басшы басқарады. Уақытша әкімшіліктің басшысы уақытша әкімшіліктің мүшелері арасындағы міндеттерін бөледі.
4. Уақытша әкімшіліктің қордың қызметі мәселелері бойынша шешімі заң талаптарын ескеріп, дербес қабылданады.
Уақытша әкімшіліктің шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады, дауыс тең болған жағдайда оның басшысының дауысы шешуші роль атқарады.
5. Уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) қорға консервация жасау жөніндегі уәкілетті органның шешімдерінде және уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарында көрсетілген ұсынымдарды ескеріп, қорға консервация жасау жоспарын бекітеді.
6. Қорға консервация жасау жоспары мынадай іс-шараларды іске асыруды көздеуі мүмкін:
1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және банктік шоттары бар банктерге, сондай-ақ кастодиан банкке консервация жасалғандығы жөніндегі уәкілетті орган шешімінің көшірмесін беру туралы ұсыныс жасау;
2) қорға консервация жасалғандығы туралы уәкілетті орган шешім қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және кастодиан банкке қордың атынан құжатқа қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қойған қолдарының үлгілері бар жаңа карточкаларды ұсыну;
3) қорға келіп түскен аударым арқылы жасалатын және қолма-қол келіп түскен, оның ішінде зейнетақы жарналарын, дебиторлық берешекті, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұл және өсімпұл), қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтерін, қордың басқа да кірістерін, аванстық төлемдерін, қордың меншік құқығына жататын бағалы қағаздарды өтеуден түскен қаражатты қайтару жөніндегі аударымдарды бақылау;
4) өзінің активтері мен міндеттемелерін, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін түгендейді, оның ішінде зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы мәліметті қоса отырып, мыналардың қорытындысы бойынша акт жасайды.