
- •Қр қаржылық қадағалаудың қалыптасуы
- •Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
- •Банк қызметін реттеудің және қадағалаудың қажеттілігі
- •Банк қызметін пруденциялдық реттеу
- •Банктің меншікті қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті
- •Банктің субординарлық қарызы
- •Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері
- •8.Банкің ағымдағы өтімділік коэффициенті
- •Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •11. Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •12. Инспекциялық қадағалаудың механизмі
- •1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау.
- •13. Банк қызметін қашықтан қадағалау механизмі
- •14. Банк қызметін қашықтан қадағалау мәні
- •15 Статус Репорт құжаты
- •16 Camel рейтинг жүйесінің принциптері
- •17 Банк қызметін рейтингтік бағалау
- •18 Банктің капитал жеткіліктілігін бағалау
- •19 Банктің активтер сапасын бағалау
- •20.Банктің менеджмент жүйесін бағалау
- •21.Банктің табыстылығын бағалау
- •Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда Активтерің орташа құны
- •22.Банктің өтімділігін бағалау
- •23. Сақтандыру нарығындағы қадағалаудың мәні
- •24. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мәні
- •26. Сақтандыру нарығындағы cанкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
- •27. Сақтандыру қызметін лицензиялау
- •28. Сақтандыру қызметін консервациялау
- •29. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау
- •30. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалау ерекшеліктері
- •31. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау
- •32. Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер
- •33. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметі
- •40.Бағалы қағаздар нарығын реттеу үрдісі
- •41. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары
- •42.Бағалы қағаздар нарығындағы өзін - өзі реттейтін ұйымдар
- •43.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексерудің мәні мен түрлері
- •44.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексеруге негіздеме болатын фактілер
- •45.Бағалы қағаз нарығына арналған пруденциалдық нормативтер
- •46.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
- •47.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері
- •49.Жиынтық қадағалаудың мәні мен қажеттілігі
- •50.Банк конгломеранттарына арналған пруденциалдық нормативтер
- •51.Қарапайым банктік топ
- •52.Қарапайым қаржы конгломеранты
- •53.Күрделі қаржы конгломеранты
- •54.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
- •55.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері
- •56.Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •57.Сақтандыру нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •58.Жзқ реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •59.Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •60.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
28. Сақтандыру қызметін консервациялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткілікті нормативін орындамаған;
2) заңда көзделген негіздердің кез келгені бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін.
Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның шектеулі (бір жылға дейін) мерзімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындауын көздейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері сот тәртібімен он күн мерзімде шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешім.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;
3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесін;
5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;
6) консервациялау режимінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, табысы туралы декларацияны, меншiгiнiң бар екендігі және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы нұсқамасын;
7) уақытша әкімшіліктің ұсынымын қамтуға тиіс.
Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзiмдi екі басылымда жариялайды.
29. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау
ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жасау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға ж/е зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар негізінде жүзеге асыруға құқылы.
ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) Лицензия алуға арналған өтінішті;
2) жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын төлем құжаттарының (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері) көшірмесін;
3) ЖЗҚ-ның директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережесін;
4) штат кестесін (ЖЗҚ-ның қызметкерлерінің тегін, аттарын, бар болса - әкесінің аттарын, атқаратын лауазымдарын көрсете отырып);
5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң талаптарына сәйкес жаңадан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын;
6) ЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларын 3 (үш) данада (қағидалардың бір данасы келісілгендігі туралы белгісі бар лицензияны берген кезде қайтарылады);
7) ЖЗҚ-ның есеп саясатын;
8) ЖЗҚ-ның ұйымдық құрылымын;
9) үй-жайдың, ұйымдық техниканың, телекоммуникациялық жабдықтың бар екендігін растайтын құжаттарды;
10) Қағидалардың нысан бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды.