
- •1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
- •3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
- •4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
- •5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері
- •6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
- •7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері
- •8. Бухгалтердің кәсіби этикасы
- •9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану
- •10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
- •11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
- •12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.
- •13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.
- •14.Есептік цикл және қаржы есептілікті дайындау
- •15.Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік.
- •16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.
- •17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
- •18. Бағалау мен калькуляциялау
- •19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
- •20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз- шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шот- бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шаруашылық операцияларын тіркеу барысында қөп мөлшерде ақпарат жинақталады, осы ақпаратты сақтау мақсатында және ұйым қызметкерлерін шаруашылық операциялары жөнінде жедел және тиімді нысандағы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жақсы жолға қойылған жүйе қажет.Бухгалтерлік есеп шоттары ұйымның шаруашылық қызметін басқаруға әсерінен өзгеріс ағымдағы есепке алу арқылы экономикалық топтастыру әдісі болып табылады. Шоттар арқылы біртектес объектілердің экономикалық топтастырылуын және ағымдағы бақылауын жүзеге асыруға болады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде әрбір жеке актив, жеке міндеттеме және акционерлердің меншікті қапиталын жеке құрастырушыға, табыстар мен шығыстарға жеке шот бар. Әрбір жеке шотта есепке алынатын объектінің бастапқы жағдайы тіркеледі, одан кейін қорлар тобы мен қорлану көздерінің, шаруашылық қызмет үрдістері мен нәтижелерінің жаңа жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін өзгерістері тіркеледі.Шоттар баланспен өзара байланысты. Актив және пассивтің әрбір бабына сәйкесінше аталатын шот ашылады.Шоттың ең қарапайым үлгісі үш элементтен тұрады: аты, шоттың активке, міндеттемеге немесе қапитал есебіне қатысын сипаттайды; сол жағы дебет деп аталады; оң жағы кредит деп аталады. Т-шот деп аталу себебі ол құрылысы бойынша Т әрпінің нысанына ұқсайды, әдетте кәсіби бухгалтерлер ортасында «самолетик» деп те аталады. Айдың басында шоттар өткен айдағы баланс негізінде ашылады. Шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздерінің әрқайсысына жеке шот ашылады.Барлық бухгалтерлік шоттар келесідей жіктеледі: активті және пассивті;жинақтамалы және талдамалы;баланстық және баланстан тыс: капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын.Шоттардың бірінші тобы: активті және пассивті. Олардың аты баланстың екі жағының аттарына сәйкес және солардың мазмұнын көрсетеді. Активті шоттарда сальдо дебетте, пассивті шоттарда кредитте жазылады. Шоттарда ағымдағы ай бойында көрсетілетін сомалар айналым деп аталады. Дебет жағында көрсетілген сомалар дебеттік айналым, ал кредит жағында көрсетілген сомалар кредиттік айналым деп атапады. Сальдо дебеттік, немесе кредиттік, кейде нөлге тең болуы мүмкін. Сальдосы жоқ шот жабық шот деп аталады. Шотты ашылған деп есептеу үшін оған кем дегенде бір шаруашылық операциясының сомасын көрсету қажет. шотты жабу дегеніміз оның сальдосын нөлге теңестіру.Бастапқы қалдық - негізгі құралдардың, материалды емес активтердін, қорлардың, ақша қаражаттарынын және осы ұйым алдындағы борыштардың бастапқы құны. Айналым, мүліктің келіп тусуі немесе дебиторлардын осы ұйымға борышының артуы. Соңғы қалдық - есепті қсзең сонындағы НҚ. МЕА. ТМҚ. АҚ немесе осы ұйьмға қарыздың қолда бары.Айналым - мүліктердің есептен шығарылуы (шығарылуы. берілуі) немесе дебиторлық борыштың азаюы (өтелуі).Негізгі пассивтік шоттар қапиталдар мен қорлардың өзгсрісінің алынған қаржыландырудың, қарыздың, ұйым міндеттемелері мен кредиторлармен есеп айырысулардың есебін жүргізуге арналған. Сальдо тек кредиттік болуы мумкін, ол меншікті және қарыздық қорлану қоздері мен басқа ұйымдар мен жеке адамдар алдындағы борыш сомасын көрсетеді. Бұл шоттардың кредитінде қорлану көздері мен борыштардың артуы, ал дебетінде олардың азаюы көрсетіледі. Ай соңындағы қалдық келесі түрде есептеледі: Активті шот бойынша Сқ=Бқ(Д) + А (Д) - А (К) Пассивті шот бойынша Сқ = Бқ(К) + А (К) - А (Д) Бқ-бастапқы сальдо; Сқ-соңғы сальдо.Активті шоттағы қалдық дебеттік, ал пассивті шот бойынша қалдық -кредиттік. Бухгалтерлік есепте ақпаратты жинақтау дәрежесіне немесе қөрсеткіштерді әртүрлі дәрежесіне қарай бөлшеқтеп көрсетуге байланысты шоттардың екі түрі қолданылады: Синтетиқалық шоттар(жинақтамалы) шаруашылық қорлары мен олардың қозғалыстары жөнінде жалпылама көрсеткіштерді береді. Олар қодталған түрде Типтік шоттар жоспарында көрсетіледі және теқ қана ақшалай өлшемде ғана жүргізіледі. Аналитиқалық шоттар (талдамалы) синтетиқалық шоттарда есепке алынған мәліметтерді бөлшектеп, сәйкес есеп объектілеріне жан-жақты сипаттама береді. Материалдық құндылықтар есебін жүргізуі аналитикалық шоттар тек ақшалай ғана емес, натуралды өлшем бірлігінде де жүргізіледі. Тәжірибеде синтетикалық және аналитикалық шоттармен қатар субшоттар, яғни, синтетикалық және аналиталық шоттар арасындағы аралық шоттар да қолданылады. Олардың көмегімен бір синтетикалық шотқа қатысты жекелеген объектілер жөнінде жинақтамалы мәліметтер алу үшін аналитикалық есеп деректерін қосымша топтастыру жүзеге асырылады. Үшінші түрлі топтастыруға байланысты шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық екі жақты жазу жүйесіне кіретін синтетикалық шоттар. Баланстан тыс шоттар - қалдықтары балансқа кірмейтін, яғни баланстан сырт жерде көрсетілетін шоттар.Төртінші түрлі топтастыру арқылы шоттар қапиталдандырылатын және қапиталдандырылмайтын болып болінеді. Қапиталдандырылатын шоттар ұйым қорларының (шаруашылық қорлары мен қорлану көздерінің) есебін жүргізуге арналған. Қапиталдандырылмайтын шоттар есепті кезеңдегі қаржылық нәтижені анықтайтын қаржылық-шаруашылық үрдістердің (табыстар мен шығыстар) есебін жүргізуге арналған.