
- •1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
- •3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
- •4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
- •5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері
- •6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
- •7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері
- •8. Бухгалтердің кәсіби этикасы
- •9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану
- •10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
- •11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
- •12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.
- •13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.
- •14.Есептік цикл және қаржы есептілікті дайындау
- •15.Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік.
- •16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.
- •17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
- •18. Бағалау мен калькуляциялау
- •19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
- •20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
Ақпаратты пайдаланушылар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі- ол кәсіпорын басшылары. Ал, сыртқы өз ішінен екіге бөліне: 1. кәсіпорыннан тыс, бірақ оған қаржылық қызығушылығы барлар; 2. Кәсіпорынға тікелей қаржылық қызығушылығы жоқ топтар мен агенттіктер.
Басқарушы менеджерлер- кәсіпорын қызметін, оның алдына қойған мақсатына жетуіне және оны басқаруға толық жауапты топ. Кәсіпорындардың алдына қояр мақсаттары көп, бірақ оны жүзеге асыру, бәсеке заманында, басшылардың негізгі көңілді екі мақсатқа бөлуін талап етеді: кіріс келтіру (пайдалылық) және өтемділік. Кіріс келтіру (пайдалылық)- кәсіпорындардың кіріс келтіру мүмкіншілігі, яғни қажетті инвестициялық капитал тарту. Өтемділік дегеніміз, белгіленген мерзімде кәсіпорынның міндеттемесін өтеуге тиісті төлем қабілетінің болуы.
Кәсіби менеджерлер бухгалтерлік есеп және талдау мәліметтеріне сүйеніп, әр уақытта басқарушы шешімдер қабылдайды. Сондықтан, басқарушылар бухгалтерлік ақпаратты негізгі пайдаланушылар болып табылады. Менеджерлер бухгалтерлер алдында мынадай сауалдар қояды: соңғы тоқсандағы кәсіпорын таза кірісі қанша; компанияда қажетті ақша қаражаттары жеткілікті ме; қандай өнімдер жоғары пайдалы; әр өндірілетін өнімнің өзіндік құны қандай?
Тікелей қаржылық қаржылық қызығушылығы бар пайдаланушылар- бухгалтерлік есептің келесі функциясы кәсіпорын қызметінің нәтижесі жайлы ақпарат беру, яғни кәсіпорын қаржы есептілігі негізінде оның төлем қабілеті мен кірісі жайлы ақпарат алу. Сыртқы пайдаланушылар бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат келесідей мәліметтер іздейді: инвесторлар мен олардың окілдерін өздерінің салынган не болашақта салынатын қаржыларының тәуекелділігі туралы, ұйым дивидендтерді төлеу қабілеті туралы ақпарат қызықтырады; қарыз берушілер берілген қарыздардың уақтылы өтелуі мен пайыз сомаларының төленуін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты қарайды; жабдықтаушылар мен мердігерлерді өздеріне тиесілі сомалар төленетіндігі жөніндегі ақпарат қызықтырады; сатып алушылар меп тапсырыс берушілер ұйым қызметінің жалғастыратындығы жөніндегі ақпаратты қарастырады.
Тікелей қаржылық қызығушылығы жоқ пайдаланушыларға жататындар: Салық органдары, бақылаушы органдар, және статистика агентіктері жатады. Билеуші ұйымдар өздері атқаратын фунқциялардың орындалуына қажетті ақпаратты қарайды: ресурстарды бөліп тарату; халық шаруашылығын реттеу; жалпы мемлекеттік саясатты дайындау және статистиқалық, бақылау жасау; қоғамды ұйымның жергілікті және аймақтық көлемде қоғамның жағдайын жақсартудағы рөлі мен үлесі туралы ақпарат қызықтырады,ұйымдағы есеп пен есептілік жүйесінің ұйымдастырылуын анықтайды.
Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:
камералдық жүйе — ұйымның тиімділігі ақшалай қаражат қалдықтарының қозғалысымен және өзгерісімен айқындалады;
қарапайым (униграфикалық) жүйе — бағалау активтердің өсуін анықтауға саяды;
қосарлы жүйе — бағалау алынған пайданың шамасымен айқындалады.
Пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қaржылық есеп (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық есеп (ішкі пайдаланушылар үшін) жүйелеріне бөлінеді. Халық шаруашылығы салалары түрғысынан осындай салалардың түрлері қанша болса, сонша есеп жүйесіне бөлінеді (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, туристік есеп, сауда, көлік есебі, т. б.). Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тұрғысынан орталықтандырылған жүйе (бүкіл ұйымға бір дербес баланс) және орталықтандырылмаған жүйе (бүкіл ұйымға бір теңгерім және оның белімшелеріне бөлек теңгерімдер) болып ажыратылады.