
- •1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
- •3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
- •4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
- •5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері
- •6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
- •7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері
- •8. Бухгалтердің кәсіби этикасы
- •9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану
- •10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
- •11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
- •12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.
- •13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.
- •14.Есептік цикл және қаржы есептілікті дайындау
- •15.Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік.
- •16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.
- •17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
- •18. Бағалау мен калькуляциялау
- •19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
- •20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
Қателік-бұл есеп жазбаларындағы арифметикалық н/е логикалық ағаттық нәтижесінде орын алатын қаржылық ақпараттың кездейсоқ бұрмалануы, толық ж/е нақты болмауы н/е шаруашыылық қызмет деректерінің дұрыс көрсетілмеуі. Егер қателіктің әсері тек бір ғана есеп тіркелімімен шектелсе, оны жергілікті деп қарастырады. Есепке алу процесін жүзеге асыру барысында бірнеше есеп тіркелімдерінде жіберілген қателіктер транзитті деп аталады.
Қателіктерді келесі түрлерге бөлуге болады: 1.Бухг/ есепті жүргізу қателіктері; 2.Кездейсоқ қателіктер. 3.Қайталанатын қателіктер.
Компьютерлік жүйеде жіберілетін қателіктерді жіктей отырып, оларды келесі түрлерге бөлуге болады: 1.әдейі емес (жоспарланбаған), 2.әдейі (жоспарланған), 3.түзетілетін, 4.фатальды (түзетілмейтін).
Бухг/к есепте кездесетін қателіктерді табу тәсілдері: 1.пунктерлеу н/е кезекті тексеру әдісі; 2.іріктеу; 3.Жаппай әдіс; 4.Логикалық әдіс.
Қателіктерді түзету әдістері: 1.түзетпелі; 2.қосымша өткізбелер; 3.жалпыланған өткізбе; 4.қызыл түзетпе әдісі;
Түзетпе жазбалар туралы айтатын болсақ – бұл теріс сандармен көрсетілген қосымша өткізбелер. Олардың құрылуына бухг/к анықтамалар негіз болып табылады. Түзетпе өткізбелер тек қателерді түзету үшін ғана емес, сонымен қатар шартты ж/е алдын-ала бағаланған өткізбелерді түзету үшін де қолданылады.
Есептік тіркелімдер мұқият, түзетусіз және тазартусыз жүргізілуі керек. Жіберілген қателіктер қате соманы жұқа сызықпен сызып тастау жолымен түзетіледі және жасалған түзету жайлы ескерту жазылады. Қажет болған жағдайларда қате сомаларды түзету үшін “Қызыл сторно” әдісімен арнайы бухгалтерлік жазба жасалады, яғни бастапқы қате жазу сол шоттарда қайталанады, бірақ қызыл сиямен жазылады. Операция нәтижесін шығарған кезде қызыл сиямен жазылған жазулар шегеріледі, яғни қате жазу бухгалтерлік есептің шоттарын алынып тасталады. Содан кейін ескерілген шаруашылық операцияларының дұрыс жазуы жасалады.
Қателер табылғаннан кейін оларды жөндеу жүргізіледі. Есеп жазбаларында қателерді дұрыс жөндеу есеп мәліметтері мен сандарының сенімділігін және анықтылығын қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады.
Егер есеп тіркегіштердегі қате жиындарды қойғанға дейін табылса, онда жөндеу дұрыс емесін сызып және белгілі сөзбен дұрыс жазбалар жазу жолымен жөнделеді. Қате жазбаларды сызу сызылған сөзді оқуға болатындай етіп жазады. Керекті жазба бар мүмкіндіктерге байланысты сызылғанның астына жазылады, яғни осы жағдайда есептіркегіштердегі қате жазбаларды жөндеу техникасы құжаттардағыдай болып келеді.
Құжаттарда құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен, ал есептіркегіштерде қатені жөндеген тұлғаның қолымен қателерді жөндеу расталынуы керек. Сөз жазу кітаптың, карточканың, журнал-ордердің жолдарында жөнделген қатеге қарсы бағанда жазылады. Банк құжаттарында қатені жөндеу тәртібі банк ережелерімен бекітіледі.
Қателердің дұрыс еместерін сызып, оның орнына дұрыс жазбаларын жазу әдісі корректурлық әдіс деп аталады.
Қосымша жазба әдісі есеп тіркегіштердегі сома наңты сомадан кем болған жағдайда қолданылады. Егер:
•шоттар корреспонденциялары дұрыс көрсетілсе, бірақ керекті сомадан кем жазылған кезде;
•өнімнің өзіндік құны нормативті (жоспарлы) құнынан жоғары болған кезде пайдаланылады.
Қызыл сторно (теріс жазба) әдісі қате шоттар корреспонденциясын жөндеу үшін немесе керекті сомадан сома артық болған кезде қолданылады. Жөнделген жазба немесе сома есептіркегіштерге қызыл сиямен жазылады.Есептеген кезде қызыл сиямен жазылған сомалар қосылмайды, керісінше жиынтық сомадан алынып тасталынады.