Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.

Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет екі жақты жазу әдісімен : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Екі жақты жазу бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей соммамен бір мезгілде көсету әдісі.

Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу деп,ал шоттар корреспонденциялатын деп аталынады.

Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді,яғни оған тек екі шот қана қатысады.

Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей,қаржы шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін ,сондай ақ бір шоттың кедиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операцияларда кездеседі.Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен корреспонденцияланатын жазу қарапайым деп аталады.

Мысалы,жеткізушіден 30000 теңге соммасындағы материалдар келіп түсті,Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік шикізатпен материалдар шотындағы сомалар артады,сондықтан шикізатпен материалдар шоты дебеттеледі,сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті,сондықтан Жеткізушілермен және мердігерлермен қысқа мерзімді есеп айырысу шоты бойынша бұл сомма кредитте көрсетіледі.Жалпы жазу мынадай түрге ие болады: Шикізатпен материалдар шотының дебеті,Жеткізушілермен және мердігерлермен қысқа мерзімді есеп айырысу шотының кредиті -30000 тг.

Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен корреспонденциялатын,бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталады.

Мысалы, 50000 тг жалақы есептелген соның ішінде негізгі өндірістің жұмысшыларына -30000 тг,көмекші өндірістің -20000 тг.

Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі.

Дт Негізгі өндіріс шоты- 30000 тг

Көмекші өндіріс шоты 20000 тг

Кт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айрысу 50000 тг

Шауашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі.Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі хронологиялық деп аталады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.

Деректер экономикалық біртектес обьектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталады.Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттарымен ресімделуі хронологиялық деп аталынады.Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.

Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойнша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталады.Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда жүргізіледі.Есеп практикасында хронологиялық және жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес.Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне яғни,екі шотқа әсерін тигізед,өйткені екі жақты сипатқа ие болады.Іс жүзінде егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе,онда бір жағынан материалдар көбейеді,ал екінші жағынан оны сатып алатын қаражаттар азаяды,яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндеетті түрде көрсетіледі: қолма қол ақшаға сатып алынған ба,әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптастыма?

Шаруашылық операциясын екі жақты көрсетудің мәні ол бір шоттың дебеті бойынша екінші шоттың кредиті бойынша бірдей соммамен жазылу тиіс.Демек,екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады;шаруашылық операциясының мазмұн;дебеттелетін шот;кредиттеетін шот;

Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі.Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамымен орналасуы бойынша;осы мүліктің қалыптасы көздрі бойынша . Сондақтан баланстың активі мен пассиві жиындары әрқашан тең.

Демек,екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды.Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар,өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей соммамен екі рет көрсетіледі.Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса,жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]