Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәтіндер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
30.21 Кб
Скачать

Белгілі әншілер

Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. Әміре 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. 1927 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті.

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).

Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н.В.Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М.Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қ.Бәйсейітов пен А.Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, М.Әуезовтың «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады.

Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.

Газет – журналдар

Газет – мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 – 1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары «Қазақ» газеті (1906), «Серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды.

Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады ("Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Алматы ақшамы" т.б). Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, республикалық , облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді.

Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал (французша journal) газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды. Мазмұны жағынан қоғамдық-саяси журнал, әдеби-көркем журнал, спорттық журнал, сатиралық журнал, өндірістік-техникалық журнал, ғылыми-көпшілік журнал, т.б. болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді.

Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап», «Садақ» (1917, татарша-қазақша), «Айна» (1918) т.б.