- •Қазақстан
- •2012 Жылдың басына елдегі тұрғындар саны - 16 934 000 адам, бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
- •1991 Жылдың 16 желтоқсан күні өз егемендігін жариялады. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап бұұ-ның толыққанды мүшесі.
- •Ел Конституциясы
- •«Айқап» журналы
- •Мемлекеттік биліктің жоғары органдары
- •Іс қағаздар
- •Қазақстан мейрамдары
- •Қазақ батырлары
- •Қостанай
- •Белгілі әншілер
- •Газет – журналдар
Қазақстан мейрамдары
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
қаңтардың 1—2 Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам)
наурыздың 8 Әйелдердің халықаралық күні (мемлекеттік мейрам)
наурыздың 22 Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)
мамырдың 1 Қазақстан халық бірлігі мейрамы (мемлекеттік мейрам)
мамырдың 7 Отан қорғаушы күні
мамырдың 9 Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам)
шілденің 6 Елорда күні (мемлекеттік мейрам)
тамыздың 30 Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)
қарашаның 3-ші жексенбісі Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні
желтоқсанның 16—17 Тәуелсіздік күні (ұлттық мейрам)
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары – ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен. Олар – Қобланды, Бөганбай, Қабанбай сияқты батырлар.
Бөгенбай батыр(1680 – 1778) Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Сарбаздар мектебінде оқыған. ХVІІІ ғасырда болған шайқастарға қатысқан. 1708 ж. 30 мың жасаққа қолбасшы болған.
Батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған. Ежелгі екінші Мекке саналған Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи - Әзірет Сұлтан кесенесіне ақ түйемен алып барып жерлеген.
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз - қазақ батыры. Азан шақырып қойған аты - Ерасыл.
XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған.
1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.
Қостанай
Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.
Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.
Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. «Қостанай» атауы берілді.
Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комбинаттары т.б. жұмыс орындары бар.
А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері т.б. білім орындары бар.
