- •Қазақстан
- •2012 Жылдың басына елдегі тұрғындар саны - 16 934 000 адам, бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
- •1991 Жылдың 16 желтоқсан күні өз егемендігін жариялады. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап бұұ-ның толыққанды мүшесі.
- •Ел Конституциясы
- •«Айқап» журналы
- •Мемлекеттік биліктің жоғары органдары
- •Іс қағаздар
- •Қазақстан мейрамдары
- •Қазақ батырлары
- •Қостанай
- •Белгілі әншілер
- •Газет – журналдар
«Айқап» журналы
«Айқап» - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
Мемлекеттік биліктің жоғары органдары
ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы. Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын орган болып есептеледі. Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды.
Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган болып табылады.
Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.
Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге сайланады.
Астана
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 773 387[ адам тұрады (1 қараша 2012). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.
Іс қағаздар
Іс қағаздар – жеке адам өміріне қатысты, басқару, өкім шығаруға қатысты, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздар болып бөлінеді.
Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздары: өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит-кард, өтініш, арыз.
Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары: Заң үкім, өкім Жарғы, жарлық, Ереже, хабарлама, бұйрық.
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары: мінездеме, нұсқау, кепілдеме, ресми хаттар, кеден мағлұмдамасы, жеделхат, жарнама, қолхат, хабарландыру, сенімхат, кепілхат, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, еңбек келісімі.
Түйіндеме (резюме) – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Өтініш(заявление) – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
Киіз үй
Киіз үй – көшпелі халықтар үшін қолайлы баспана болып табылады. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдардан бері пайдаланып келеді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Киіз үйдің құрылысы кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді бірнеше негізгі бөліктерден тұрады. Сыртынан жабатын киізді – «туырлық» деп атайды. Туырлық ақ немесе қоңыр болуы мүмкін. Бұл киіз басылған қой терісінің түсіне байланысты. Осы сыртқы келбетіне қарай ақ үй, қоңыр үй деп атайды. Киіз үйдің бөліктері сәмбі талынан жасалады. Халық арасында сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал, деп те атайды. Киіз үйді жасайтын шеберді «үйші» дейді.
