
- •Қазақстан
- •2012 Жылдың басына елдегі тұрғындар саны - 16 934 000 адам, бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
- •1991 Жылдың 16 желтоқсан күні өз егемендігін жариялады. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап бұұ-ның толыққанды мүшесі.
- •Ел Конституциясы
- •«Айқап» журналы
- •Мемлекеттік биліктің жоғары органдары
- •Іс қағаздар
- •Қазақстан мейрамдары
- •Қазақ батырлары
- •Қостанай
- •Белгілі әншілер
- •Газет – журналдар
Қазақстан
Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
2012 Жылдың басына елдегі тұрғындар саны - 16 934 000 адам, бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері).Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі.
Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.
1991 Жылдың 16 желтоқсан күні өз егемендігін жариялады. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап бұұ-ның толыққанды мүшесі.
Ел Конституциясы
Конституция – мемлекеттің басты заңы. «Конституция» латыннан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы – ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе – мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.
Қазан төңкерісінен кейін кеңестер құрамындағы тұңғыш мемлекеттік конститутциямыз 1924 жылы, одан кейін 1937, 1978 жылдары қабылданған.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған алғашқы Ата Заңымыз егемендігіміздің талаптарына толықтай жауап баре алмады. Қазіргі қолданыстағы Ата Заң 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. (9 бөлім, 98 бап).
Конституциялық өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінді.
Мемлекеттік рәміздер
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет
Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.
Парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды.
Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.