
- •1. Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2.Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
- •Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5 Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •6.Бухгалтерлік есептің әдістеріне сипаттама
- •7.Түгендеудің мәні және түрлері.
- •8.Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, түрлері, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •9.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •10.Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстары
- •11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •12. Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихы
- •13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну
- •14. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •15. Аудиторлық есеп (қорытынды) және оны дайындау тәртібі.
- •16 Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспары
- •17 Екі жақты жазудың мәні
- •18 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістер.
- •19 Қр бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі
- •20 Қр екінші деңгейдегі банктерден шот ашу, оны жүргізу және жабу тәртіптері
- •21.Ақша қаражаттарын есепке алудың мәнi мен мақсаты. Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •23.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •24.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •26.Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •27. Еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер есебі.
- •28 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •29 Пайда мен зиян туралы есептің мазмұны және құрылымы
- •30. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және оның құрылымы
- •33.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •34. Банктік неселер есебі
- •35. Қорларды бағалау әдістері.
- •36. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
- •37.Материалдық емес активтер, олардың түрлері және есебі.
- •38. Ұйым капиталының есебі.
- •39.Инвестициялар есебін ұйымдастыру.
- •40.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі.
13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну
Қаржылық есептілік дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпараттарды көрсететін бухгалтерлік есептің әдісі. Қаржылық есептілік операциялар мен басқа жағдайлардың қаржылық нәтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес кеңейтілген категорияларға жинақтап отырып көрсетеді. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес қаржылық есептіліктің келесідей нысандары бар:
1) Бухгалтерлік баланс (қаржылық жағдайы туралы есеп).
2) Пайда мен зиян туралы есеп (жиынтық пайда туралы есеп)
3) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
4) Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
5) Түсіндірме жазба
1. Баланс – ұйымның шаруашылық қаражаттарының құрамы және қалыптасу көздері туралы ақпараттарды белгілі бір күнге ақша қаражаттары түрінде экономикалық топтастыру әдісі.
Бухгалтерлік баланс арқылы ұйымның белгілі бір есептік кезеңіндегі қаржылық жағдайын анықтауға болады.
2. Пайда мен зиян туралы есеп – ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Бұл нысан ұйым кредиторлары мен инвесторлары үшін маңызды ақпарат көзі.
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – бұл нысан белгілі бір есептік кезең ішіндегі ұйымға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың пайдалануы туралы ақпарат береді. Осы нысан арқылы қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ұйымның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және оларды қандай көздерге жұмсап отырғандығын көре алады. Бұл есепте ұйым қызметі 3 түрде қарастырылады: 1) Операциондық 2)Инвестициялық; 3) Қаржылық қызмет.
4.Капиталдағы өзгерістер туралы есеп. Бұл нысанда көрсетіледі: 1) есептік кезеңдегі таза табыс н/се зиян сомасы;2) ұйымның меншікті капиталының болып табылатын барлық баптар; 3) есептік саясатта болған өзгерістер әсерінен енгізілген түзетулер; 4) меншікті капитал бойынша жүргізілген операциялар сомасы; 5) есептік кезең басындағы және соңындағы бөлінбеген табыс немесе зиян сомасы. Осы нысанға талдау жасау арқылы капиталдағы болған өзгерістердің себептері анықталады.
5.Түсіндірме жазбаның нақты бекітілген нысаны жоқ, онда жоғарыда көрсетілген нысанға толықтырулар, түсіндірулер мәтін түрінде жазылып көрсетіледі.
14. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы заң. Осы Заң ҚР-да аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. 3-бап. Аудиторлық қызмет: 1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие. 2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мына қызметтерді де көрсете алады: 1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша қызметтер; 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау; 3) ішкі аудит; 4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру; 5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру; 6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, 7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру; 8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту; 9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету, т.б. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдар мен нормативтік құжаттар кіреді.
ҚР «Аудиторлық кызмет туралы» заңы, 20 қараша 19.02.2007
ҚР«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»кодексі- 30 қаңтар 2001ж., №155
ҚР«Қылмыстық кодексі». 16 шілде 1997 ж
ҚР «Азаматтық кодексі» 27 желтоқсан 1994 ж.
«ҚР банктер және банкттік қызмет туралы» ҚР-ның заңы 31 қыркүйек 1995 ж.
ҚР-ның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 2000ж
ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңы 7 шілде 2004 ж.
ҚР-ның «Табиғи монополиялар туралы» заңы 9 шілде 1998 ж. ҚР-ның «Шетелдік инвестициялар туралы» заңы 27 желт 1994
Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары 4 бөлімнен тұрады:
1. Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің стандарттарының жалпы негіздерін құрайтын қажетті шарттар, логикалық принциптер, заңдылықтар.
2. Жалпы стандарттар – бұл аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді және кәсіби орындау үшін қажетті ие болатын анықтау сапасы және мамандық дәрежесі.
3. Жұмыс стандарттары – аудитордың жұмысын жоспарлаудың қажеттігі туралы ережелер (нұсқаулар), ішкі бақылау жүйесін оқып білу және бағалау.
4. Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.