
- •1. Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2.Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
- •Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5 Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •6.Бухгалтерлік есептің әдістеріне сипаттама
- •7.Түгендеудің мәні және түрлері.
- •8.Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, түрлері, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •9.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •10.Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстары
- •11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •12. Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихы
- •13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну
- •14. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •15. Аудиторлық есеп (қорытынды) және оны дайындау тәртібі.
- •16 Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспары
- •17 Екі жақты жазудың мәні
- •18 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістер.
- •19 Қр бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі
- •20 Қр екінші деңгейдегі банктерден шот ашу, оны жүргізу және жабу тәртіптері
- •21.Ақша қаражаттарын есепке алудың мәнi мен мақсаты. Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •23.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •24.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •26.Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •27. Еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер есебі.
- •28 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •29 Пайда мен зиян туралы есептің мазмұны және құрылымы
- •30. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және оның құрылымы
- •33.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •34. Банктік неселер есебі
- •35. Қорларды бағалау әдістері.
- •36. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
- •37.Материалдық емес активтер, олардың түрлері және есебі.
- •38. Ұйым капиталының есебі.
- •39.Инвестициялар есебін ұйымдастыру.
- •40.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі.
12. Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихы
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аударымдағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тындаушы» дегенді білдіреді, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталған. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңділігін бағалауға, сондай ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.
Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитті зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел. Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ, Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған. Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп санайды. 1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің адрестік кітабында жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында"-дейді. Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды. Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық қорытынды есебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды бақылау ісіне баға берілетін. Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар "кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады. Біздің елімізде аудит дамуы 1987жылы "Инаудит" акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор ықпал етті.