
- •1. Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2.Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
- •Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5 Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •6.Бухгалтерлік есептің әдістеріне сипаттама
- •7.Түгендеудің мәні және түрлері.
- •8.Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, түрлері, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •9.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •10.Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстары
- •11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •12. Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихы
- •13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну
- •14. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •15. Аудиторлық есеп (қорытынды) және оны дайындау тәртібі.
- •16 Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспары
- •17 Екі жақты жазудың мәні
- •18 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістер.
- •19 Қр бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі
- •20 Қр екінші деңгейдегі банктерден шот ашу, оны жүргізу және жабу тәртіптері
- •21.Ақша қаражаттарын есепке алудың мәнi мен мақсаты. Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •23.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •24.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •26.Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •27. Еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер есебі.
- •28 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •29 Пайда мен зиян туралы есептің мазмұны және құрылымы
- •30. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және оның құрылымы
- •33.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •34. Банктік неселер есебі
- •35. Қорларды бағалау әдістері.
- •36. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
- •37.Материалдық емес активтер, олардың түрлері және есебі.
- •38. Ұйым капиталының есебі.
- •39.Инвестициялар есебін ұйымдастыру.
- •40.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі.
11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңына сәйкес есеп саясаты – ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерінен ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірбиесі болып табылады.
Есеп саясатының міндеттері:
- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы- материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану.
Есеп саясатын құрастыру ұйым қызметінің шарттарына негізделген, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырудың негізі ретінде әдістердің бірін таңдап алуды білдіреді. Осылайшы есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру үшін ұйым қабылдаған әдістер жиынтығы. Есеп саясаты бухгалтерлік есептің қағидаларына және сапалық сипаттамаларына сәйкес 1 жылдан артық мерзімге құрастырылады. Ұйым басшылығы есеп саясатын таңдап, оны қаржылық есептілік ХҚЕС сәйкес болатындай етіп қолдануы қажет. Ұйымда қабылданған есеп саясатына мынадай жағдайларда өзгерістер енгізіледі:1) мемлекеттік өкілетті ұйымның талабы бойынша;2)егер өзгерту қаржылық есептілікті ақпараттың шынаы ұсынылуына жағдай туғызатын болса. Есеп саясатына енгізілген өзгерістер сол ұйымының басқару құжаттарымен рәсімделуі қажет. Есеп саясаты ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан орындарына байланысты ортақ қолданылады. Егер есеп саясатындағы өзгерістер өткен және есепті кезеңдерге, алдағы кезеңдерге елеулі әсер ететін болса, онда ұйым табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілікке сәйкес түзетулер жасай отырып, өзгерістер нәтиежесінде орын алуы мүмкін жағдайларды бағалауы қажет. Бас ұйым есеп саясатында болған өзгерістер туралы өзінің құрылымдық бөлімшелеріне хабарлауы қажет. Есеп саясатын құрастыру жауапкершілігі ұйым басшысына берілген. Сондықтан да есеп саясаты ұйым жарғысында көрсетілген тәртіпке сәйкес бекітілуі қажет. Есеп сасатында мынадай тараулар міндетті түрде көрсетіледі: 1)Жұмыс шоттар жоспары; 2)Активтер мен міндеттемелерді түгендеу тәртіптері; 3)Активтер мен міндеттемелерді бағалау әдістері; 4) Құжат айналысы туралы ереже; 5)Бухгалтерлік операцияларды бақылау тәртіптері; 6)Есепті ұйымдастыруға қажетті басқа да шешімдер.