
- •1. Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2.Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
- •Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5 Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •6.Бухгалтерлік есептің әдістеріне сипаттама
- •7.Түгендеудің мәні және түрлері.
- •8.Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, түрлері, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •9.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •10.Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстары
- •11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •12. Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихы
- •13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну
- •14. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •15. Аудиторлық есеп (қорытынды) және оны дайындау тәртібі.
- •16 Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспары
- •17 Екі жақты жазудың мәні
- •18 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістер.
- •19 Қр бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі
- •20 Қр екінші деңгейдегі банктерден шот ашу, оны жүргізу және жабу тәртіптері
- •21.Ақша қаражаттарын есепке алудың мәнi мен мақсаты. Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •23.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •24.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •26.Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •27. Еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер есебі.
- •28 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •29 Пайда мен зиян туралы есептің мазмұны және құрылымы
- •30. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және оның құрылымы
- •33.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •34. Банктік неселер есебі
- •35. Қорларды бағалау әдістері.
- •36. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
- •37.Материалдық емес активтер, олардың түрлері және есебі.
- •38. Ұйым капиталының есебі.
- •39.Инвестициялар есебін ұйымдастыру.
- •40.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі.
9.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
Шоттар-ұйымның активтері, капиталы мен міндеттемелерінің есепті кезең басындағы қолда бары, кезең ішіндегі қозғалысы, кезең соңындағы қалдығы жөн. мәлімет беретін бух/к есеп әдісінің элементі. Шот кәсіпорынның шар/қ қызметін басқарып отыру үшін шар/қ құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отырады. Бух шот ашу дегеніміз-есеп объектісінің бастапқы жағдайын сипаттайтын соманы жазу дегенді білдіреді.Белгілі бір есептік кезең аралығында шар-қ қаражаттарында болған өзгерістерді айналым деп атайды. Құрылысы :Шоттың сыртқы түрі «Т» әрпіне ұқсас екі бөліктен тұратын кесте. Сол жақ бөлігі дебет, оң жақ бөлігі кредит д.а. Әрбір шотқа айдың басындағы ж/е соңындағы қалдықтың (сальдоның), дебеті мен кредиті б/ша айналымның болуы тән. Бастапқы қалдық-есепті кезеңнің барысындағы, яғни шоттың ашылу барысындағы қалдық. Соңғы қалдық-есепті кезең соңындағы, яғни шоттың жабылу бар. қалдық. Дебеттік айналым-шоттың дебет жағына жазылған сандардың қосындысы. Кредиттік айналым-шоттың кредит жағына жазылған сандардың қосындысы. Активті шот-ұйымның шар-қ қаражаттарының бар екендігін ж/е ондағы өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған.Активті шотта Бастапқы ж/е соңғы қалдықтар дебетке жазылады.
Дебет шоттың аты Кредит |
|
Бастапқы қалдық активтердің көбеюі (+) Деб айналым соңғы қалдық |
активтердің азаюы (-) Кред айналым |
Соңғы қалдығы былай есептеледі:
Сқ=Бқ+ДТайн – КТайн. Пассивті шот-бұл ұйымның шар-қ қаражаттарының қалыптасу көздерінің(міндеттеме мен капитал) бар екендігін ж/е онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған шот.
Дебет шоттың аты Кредит |
|
Ұйымның меншік капиталы мен міндеттемелерінің азаюы (-) Деб айналым
|
Бастапқы қалдық Ұйым-ң меншіктік к мен міндеттемелірінің көбеюі(+) Кред айналым соңғы қалдық |
Соңғы қалдығы:Сқ=Бқ+КТайн – ДТайн.
10.Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстары
Барлық есеп шоттар өздерінің масштабы, көлемі, есептік деректерінің топтасуы бойынша негізгі екі түрге бөлінеді:
біртекті құралдарды (ресурстарды) және шаруашылық процестерін қорытындылаушы топтар аты мен есепке алуға арналған синтетикалық есеп шоты (немесе бірінші реттегі шоттар);
құралдар (ресурстар) мен шаруашылық процестерін егжей– тегжейлі түп–түгел топтастыру мен есептеуге арналған аналитикалық шоттары (немесе екінші реттегі есеп шоттар);
Есеп шоттардың синтетикалық және аналитикалық болып бөлінуіне сәйкес бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық операцияларының қорытындыланған көрінісін беретін синтетикалық есепке және субъектінің шаруашылық қызметінің бүкіл бөліктерін немесе элементтерін толық көрсететін аналитикалық есепке бөлінеді. Синтетикалық есеп ақшалай өлшемде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп ақшалай өлшеммен қатар натуралдық және еңбек өлшемдерін де пайдаланады. Аналитикалық есеп жүргізу қажеттілігі мынадан туындаған: синтетикалық есеп казіргідей күрделі нарықтық шаруашылық жағдайында субъект қызметіне барынша толық бақылау жасауға сенімді түрде қамтамасыз ете алмайды.
Синтетикалық
және аналитикалық есеп
шоттары.
Синтетикалық
Синтетикалық
есеп шоттарда шаруашылық ресурстары
(құралдары) мен олардың қозғалысы туралы
қорытындыланған көрсеткіштер сақталады.
Аналитикалық есеп шоттар есептің тиісті объектілеріне толық, әрі егжей – тегжейлі сипаттама береді. Өзіне қосымшаға аналитикалық есеп шоты бар синтетикалық есеп шотқа жазылатын барлық жазулар бірдей уақытта және қатарлас тиісті аналитикалық есеп шоттарға да жазылады және керісінше, бірдей уақытта және қатарлас синтетикалық есеп шотқа жазу жазылмай тұрып аналитикалық есеп шотқа бірде-бір жазу жасалынбау керек.
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттар арасындағы өзара байланыс былайшы көрінеді:
Синтетикалық есеп шотқа түсірілетін әрбір жазу олар біріктіретін аналитикалық есеп шоттар тұсына жүргізіледі (дебетке немесе кредитке);
Синтетикалық есеп шотқа операция жалпы сомамен жазылады, ал аналитикалық есеп шотқа-тиісті жеке сомалармен жазылады, олар жиынтығында жалпы соманы құрайды;
Синтетикалық есеп шоттың дебет бойынша айналымы дебеттер айналымдары қамтыған аналитикалық есеп шоттардың жалпы жиынтығына тең, ал шаруашылық есеп шоттың кредит бойынша айналымы аналитикалық есеп шоттардың кредиттік айналымдарының жиынтығына тең;
Синтетикалық есеп шот сальдосы олар қамтыған аналитикалық есеп шоттардың барлық сальдоларының жалпы жиынтығына тең;