Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKh_UChET_40_BALL___Rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.39 Кб
Скачать

5 Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары

1. Есептеу принципі - өндірілген өнімді сатудан түскен табыстар, бұл өнімдерді өндіріп, дайындаған кезде емес, осы өнімдерді сатып алушыларға жеткізген кезде, есептеу принципіне сай табыс төлемі соммасына жазылады.

2. Үздіксіз принципі – бухгалтерлік есеп концепциясы бойынша кәсіпорындар өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып отыру мүмкіндігінен айырылып қалмауы керек.

Қаржылық есептілік ұйым дәл қазір жұмыс істеп тұр және болашақтада өз қызметін тоқтатпайды деген тұжырымға сәйкес құрастырылады.

Сапалық сипаттамалар ұсынылатын қаржылық есептілікті пайдаланушыларға қажет етеді. Негізгі 4сапалық сипаттамалар түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырмалылық.

3. Түсінікітілік принципі – қаржы есебінде көрсетілетін ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Шаруашылық қызметі жөнінде тіркелген барлық фактілер түсініктілік принципіне сай, пайдаланушыларға түсінікті және қарапайым жолдармен орындалуы керек.

Орындылығы. Пайдалы болуы үшін ақпарат шешім қабылдаушы пайдаланушылар үшін орынды болуы қажет.

4. Маңыздылық принпципі – қаржылық есеп көрсеткіштері міндетті түрде талдынып, мұның негізінде шешім қабылданып, іске асырылатын резерв қорларының көздері белгіленіп, мұндай шаралар есеп саясатында көрсетілгені жөн.

5. Мәнділік принципі – есеп саясаты қаржылық есептегі ақпараттар маңызын ашып көрсету үшін, мәнді жасалынуы қажет. Ақпарат мәнді болады, егер оның алынып тасталуы немесе бұрмалануы пайдаланушылардың қаржылық есептілік негізінде экономикалық шешім қабылдауына әсер етсе.

Сенімділік – берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай айдаланушылар оған сенімді болса,бұл сенімді б.т.

6. Айқындылық принципі – ақпараттар айқынды болады, егер мұнда қателер жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерден ауытқымауы керек.

7. Бейтараптық принципі – қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.

8. Сақтық принципі – белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай тұрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады.

9. Аяқтау принципі – айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.

10. Салыстырмалы принципі – қаржы жөніндегі ақпараттар пайдалы және маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқада өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстыруы керек.

11. Сабақтастық принципі – кәсіпорындарда қарастырылып, таңдап алынған есеп саясаты сабақтастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады.

12. Шындық және әділдік принципі – пайдаланушылар үшін қаржы қорытындының есебі шындық және әділеттілік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы, шаруашылық және қаржы қызметі сондай – ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.

6.Бухгалтерлік есептің әдістеріне сипаттама

Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.

Бухгалтерлік есеп әдісі – ұйымның шаруашалық қызметінің нәтижелерін анықтау және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым қызметін көрсету тәсілдерінің жиынтығы.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:

  • Құжаттау;

  • Түгендеу;

  • Бағалау;

  • Калькуляциялау;

  • Екі жақты жазу;

  • Шоттар;

  • Бухгалтерлік баланс;

  • Қаржылық есептілік.

Құжаттау-бұл құжаттардың көмегімен шаруашылық операцияларын олар жүргізілген орында ж/е дер кезінде алғашқы тіркеу әдісі.

Түгендеу-бұл ұйым құндылықтарының нақты бар екенін есеп мәліметтерімен салыстыру. 1-2 алғашқы бақылау құралы

Бағалау-бұл б.е. объектілерін ақшалай өлшем түрінде көрсету әдісі.

Калькуляция-бұл өнімнің өзіндік құнын анықтау ж/е шығындарды топтастыру әдісі. 3-4 құндық өлшемдер

Екі жақты жазу-бұл жүргізілген шаруашылық операцияларын бух. Шоттарда көрсету әдісі. Ағымдық топтастыру

Шоттар-бұл шаруашылық операцияның ағымдық есебін жүргізу әдісі.

Бухгалтерлік баланс-бұл ұйымның шаруашылық қаражаттарын құрамы ж/е қалыптасу көздері туралы ақпараттарды белгілі бір күнге ақша қаражаттары түрінде экономикалық қалыптастыру әдісі.

Қаржылық есептілік-бұл ұйымның қаржылық жағдайы ж/е шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтердің бірыңғай жүйесі. 5-6-7 жалпылау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]