Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKh_UChET_40_BALL___Rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.39 Кб
Скачать

35. Қорларды бағалау әдістері.

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

  3. ФИФО әдісі

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте біріммен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есеті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұ әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.

Бұл бағаны кәсіпоынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.

36. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

Негізгі құралдар дегеніміз - тауарлар шығаруда, қызметтер көрсетуде жалға беруге, әкімшілік мақсаттарға арналатын, өзінің құнын дайын болған өнімге біртіндеп амортизация есептеу жолымен өткізетін 1 жылдан артық уақытқа пайдаланатын материалдық активтер. Негізгі құралдарға ұйымның қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары тағы да басқаларын жатқызамыз. НҚ мынандай белгілері бойынша жіктеледі:

1.Өндіріске қатысуына байланысты: өндірістік, өндірістік емес

2.Кімнің иелігінде екеніне байланысты: меншігіндегі(бух.балансты көрсетеді), жалға алынған

3.Пайдалану сипатына қарай: жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемей тұрған

4.Заттың құрамына қарай: мүліктік, мүліктік емес негізгі құралдар.

Ұйымдағы негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін 2400 бөлімшесінде шоттар пайдаланылады. 2420, 2430 – пассивті шоттар және контрактивті шоттар. Негізгі құралдар есебін жүргізу үшін мынандай шоттар кореспонденциясы жасалды:

1)Сатып алынған н.қ. қосылған құн:

- заңды тұлғалардан ДТ 2410, КТ 3310

- жеке тулгалардан ДТ 2410, КТ 3380

- жар-к капиталга салынган жылж-н муликтерди корсету ДТ 2410, КТ 5110

- акцияларға төлем негізгі құр-н жүргізуде ДТ 2410, КТ 5020

2)Сатып алынған н.қ.-р бойынша қосылған құн сомасын көрсету(12%):

-заңды тұлға ДТ1420 , КТ 3310

-жеке тұлға ДТ 1420, КТ 3380

3)НҚ сатып алу және оларды заңдастырумен байланысты шығ-ды қосқан жағдайда:

ДТ 2410 , КТ 3310,3380

4)Жеке және заңды тұлғалардан қайтарымсыз негізде алынған н.қ.:

ДТ 2410 ,КТ 6220

5)Түгендеу кезінде анықталған, есепке кірмеген негізгі құралдарды кірістеу:

ДТ 2410 , КТ 6280

6)Құрылыс аяқталып, н.қ.-р пайдалануға берілген жағдайда:

ДТ 2410 , КТ 2930

7)НҚ есептелінген амортизация сомасы:

-негізгі өндіріске ДТ 8110 , КТ 2420

-жалға және әкім-к шығ-ға жатқызылған жағдайда: ДТ 7210 , КТ 2420

-тауарларды сату қыз-р көрсетуге б\ша шығ-ға жат-н жағдайда ДТ 7110, КТ 2420

Н. құр/ң бух/к есебінің міндеті: расталған есептік мәліметтердің, құжаттардың сақталуын ұйымдастыру; н.қ. келіп түсуін, шығарылуын, қозғаласын есепте уақытылы ж\е дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету; н.қ. тозуының дұрыс есептелуіне ж\е тиімді пайдалануына бақылау ұйымдастыру; н.қ/ға ағымдағы ж\е күрделі жөндеулерді, қайта құрумен б\ты шығындарды есепке дұрыс ж\е уақытылы көрсетуді ж.а; моральды ж\е физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау; негізгі құралдар б\ша дұрыс есептеме жасау ү\н бух\к есептің деректері банкін уақытылы ж\е дұрыс қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]