Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKh_UChET_40_BALL___Rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.39 Кб
Скачать

33.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі

Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын  жалпы мәселелер мыналар болып табылады:

-салық салынатын негізгі анықтаудағы толықтығы және дұрыстығы; -салық мөлшерлемесінің жіне басқа төлемдерді қолданудың,сондай-ақ төлемді есептегенде арифметикалыө есептің дұрыстығы; -жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық  төлеуде  жеңілдіктерді қолдану;

-бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалы  есебін  жүргізу дұрыстығы;

Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

2002 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетпен есеп айырысу есебі»туралы заңы өз күшіне енген болатын.

3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі.  Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер  4310 шотта есепке алынады.

Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына  3120 «Жеке табыс салығы»  шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі. 3130 — «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі,  ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі. Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот  дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160  шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160  шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160  шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі. Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты  дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]