Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKh_UChET_40_BALL___Rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.39 Кб
Скачать

29 Пайда мен зиян туралы есептің мазмұны және құрылымы

Пайда мен зиян туралы есеп- ҚЕ бұл нысаны ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді.Бұл нысан ұйым кредиторлары мен инвесторлары үшін маңызды ақпарат көзі б.т.Пайда мен зиян т е мынандай көрсеткіштерден (баптардан) тұрады.

1)Дайын өнімдерді сатудан түскен табыстар,осы бап б\ша ұйымның негізгі қызметінен түскен табыс мөлшері анық\ды.

2) Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны бұл бап мынандай шығындардан тұрады: а)Материалдық шығындар б)Жалақы төлеу б\ша в)Әр түрлі міндетті аударым салығы г)Негізгі құрам тозу саласы (амортизация)

3)Жиынтық табыс - бұл өндірілген өнімдерді сатудан түскен қаржылық нәтижені көрсетеді.1 бап -2бап арқ. анықталады.

4)Кезең шығындары:

  • Жалпы және әкімшілік шығындар сату б\ша

  • Пайыздарды төлеу б\ша шығындар

Кезең шығындары дайын өнімдердің өзіндік құндарына қосылмайтын шығындар б.т

5)Негізгі емес қызметтен түскен табыс немесе зиян. 3бап -4 бап шегеру арқылы ан\ды.

6)Негізгі емес қызметтен табыс немесе зиян-ұйым жарғысында көрсетілген қызметтерден басқа ҚР заңдылықтарына қайшы келмейтін қызметтерді көрсетуден түскен табыс немесе зиян сомасын көрсетеді.

7) Салық салынғанға дейінгі табыс немесе зиян соммасы 5бап+6бап

8)Табыс салығы (КТС - 20%)

9) Салық төлегеннен кейінгі табыс немесе зиян соммасы 7бап -8 бап

10) Кездейсоқ жағдайлардан түскен табыс немесе зиян соммасы.Бұл бап кездейсоқ жағдайлардан нәт\де пайда болған табыс немесе зиян соммаларынан табыс салығын шегеру арқылы ан\ды.

11) Таза табыс немесе зиян-бұл бап белгілі бір есептік кезең ішіндегі ұйымның қол жеткізген қаржылық нәтижесінен көрсетеді. 9бап -10бап

Пайда мен зиян туралы есеп қаржылық есеп берудің маңызды құжаттарының бірі болып саналады, ол белгілі есепті кезеңдегі қызметтің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.

30. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және оның құрылымы

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – бұл нысан белгілі бір есептік кезең ішіндегі ұйымға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың пайдалануы туралы ақпарат береді. Осы нысан арқылы қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ұйымның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және оларды қандай көздерге жұмсап отырғандығын көре алады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте ұйым қызметі 3 түрге бөліп қарастырылады.

1. Операциондық

2. Инвестициялық

3. Қаржылық

1)Операциондық-бұл табыс алумен байланысты негізгі қызметі б.т. немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі.Оп\қ қызметі б\ша ақша қаражаттарының қозғалысы 2 түрге бөлінеді.

1.1 Ұйымға келіп түскен ақша қаражаттары.Олар:

 Тауарлар мен дайын өнімдерді сатудан немесе қызметтер көрсетуден түскен түсімдер

 Сыйақы және коммисиялар түріндегі түсімдер

 Алынған аванстар

1.2 Ақша қаражаттарының шығу көздері

 Жеткізушілерге сатылып алынған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін төленген ақша қаражаттары

 жалақы б\ша төлемдер,

 берілген аванстар

 Салықтар мен міндетті төлемдер б\ша жүргізілген есеп айырысу

 Пайыздар мен девиденттер төлеу

 Сақтандыру қызметі үшін төленген қаражаттар

2)Инвестициялық-бұл ұзақ м активтерді сатып алу және сату сонымен бірге қаржылық инвестицияларды алу және беру қызметтері.Осы қызмет нәт\де ақша қар\ң қозғалысы келесідей:

1. Инвест\қ қызмет түскен ақша қаражаттары

 Материалды емес активтердің НҚ және басқа ұзақ м активтерді сатудан түскен түсімдер

 Басқа заңды тұлғалардан алынған қарыздар

 Қаржылық инвестицияларды сатудан түскен түсімдер

2.Инвестицияның әсерінен ақша қаражаттарының шығу көздері

 Ұзақ м активтерді сатып алу

 Басқа заңды тұлғаларға қарыз беру

 Қаржылық инвестициялар алу

3)Қаржылық қызмет-ұйымның меншікті капиталында және қаржылық міндеттемелерінің көлемі мен құрылымында болған өзгерістердің нәт\де көрсетеді.Осы қызмет әсерінен ақша қаражатттарының қозғалысы келесідей түрде болады;

1.Қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының түсу көздері

 Ұйым өзі шығарған бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер

 Коммерциялық банктерден және банктік емес несие қаржы мекемелерінен алынған несиелер

2.Қаржылық қызмет әсерінен ақша қаражаттарының шығу көздері

 Өзінің айналысқа шығарған бағалы қағаздар сатып алу

 Қаржылық мекемелерден алынған несиелерді қайтару

31.Аудиттің мазмұны және атқаратын қызметтері. Аудит түрлерінің жіктелуі Аудит - Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру. Аудит - бұл тәуелсіз зерттеу, ұйымның қаржылық есептілігін және басқа да экононмикалық ақпаратын талдау, ішкі бақылау жағдайын және бухгалтерлік есепті жүргізудің әрекет ететін заңдылыққа сәйкестігін тексеру, сонымен қатар әртүрлі сұрақтар бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оң-тайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізу болып табылады. Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша каржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру 

Аудит қызметтері: 1)Бақылаушылық (тексеру); 2)Сараптамалық (бағалау); 3) Басқарушылық 4) Кеңес берушілік (мәселер бойынша); 5)Өндірістік; 6) Ақпараттық.

Аудит сыныптамасы: 1)Ақпаратты пайдалану бойынша: -ішкі;-сыртқы; 2)Заң талабы бойынша: -міндетті;-бастатамашылық; 3) Аудит обьектілері бойынша: -банктік аудит, -сақтандыру компанияларының, -биржа инвестициялық институты және бюджеттен тыс; -жалпы аудит, -мемлекеттік аудит болып бөлінеді.

4)Мақсаты б\ша:

Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру. Салықтық аудит – бұл салықтың есептелуінің дұрыстығы мен төлеу дұрыстығын, салық саясатының сақталуын тексеру. Бағалық аудит – тапсырысқа бекітілген бағаның дұрыстығын тексеру. Басқармалық аудит - кәсіпорындарда басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру мен тексеру. Басқармалық аудит – бұл клиент үшін оның қуаты мен ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру бойынша кеңес беру қызметінің түрі.  Арнаулы аудит - субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

5)Іске асырылуы бойынша: - бастапқы; - кесілген; - оперативті.

6)Тексеру сипаты бойынша: 1)растаушы-шар/қ опер/ң нақты орын алғандығын растаушы құрал ретінде. 2)жүйелі бағытталған-меншік иесінің ж/е оның контрагенттерінің арасындағы қат/р/ң б.б. жүйеге бөліп сип. аудит3)тәуекелге негізделген-ауд/ң өз пікірін білдіруде б.б. дәрежеде тәуекелге баруын көрс аудит. Ішкі аудит қызметінің көлемі ж/е атқаратын міндеттері жиі өзгеріп отырады ж/е ұйым басшылығының талаптарына б/ты болады Сыртқы аудит барысында активтердің жай-күйі бақыланады, ішкі бақылау рәсімдерінің орындалуы тексеріледі, операциялардың өңделуіне талдау жасалынады, басқару жүйесіне баға беріледі.

32.Аудиторлар мен аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті қанағаттанғысыз дэрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, экімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Аудиторлық үйым барлық елеулі қатынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есеп берулерінің анықтығы туралы кэсіби пікір калыптастыратыны жэне оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады.

Заңдық жауапкершілік тек келісімшарттағы міндетемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ немқүрайлылык, ұкыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру жэне т.б. сияқты азаматтық құқық бұзушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен катар, залалға әкеп соқтыратын аудиторлык тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған жағдайларда қарастырылады. Егер қайсыбір түлға аудитор өзіне зиян шектірді деп айыптап, оған қарсы сот процесін бастайтын болса, ол міндетті түрде аудиторға жаза тартқызатын эрекеттерді - келісімшарттың бүзылуын, азаматтық кұқық бұзушылықтың болғанын, алдау жэне алаяқтық эрекеттерге барғанын дэлелдеуі керек.

Аудиторлар клиент алдында да және оның қызмет нәтижелеріне мүдделілік танытатын, ягни қызмет нэтижелерінің негізінде үшінші жақ ретінде білгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдында да жауапты. Аудиторлар өз жүмыстарының нэтижелеріне сүйенетін накты эрі элеуетті клиент инвесторларының алдында да жауап береді. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады: 1) қызметкерлерді жалдау; 2) жұмыс кестесін жасау; 3) біліктілікті арттыру; 4) мансап; 5) басқарушы қызметкерлерді бақылау; 6) қызмет көрсетуге клиентгі қабылдау; 7) кеңес беру; 8) тэуелсіздік; 9) фирманы бақылау.

Аудиторлар мен аудиторлың ұйымдардың мынадай құқықтары бар: аудиторлық тексерулердің формалары мен эдістерін қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер, нормалар мен стандарттар жэне тапсырыс берушілермен жасалатын келісім-шарттың талаптары немесе «алдын ала тергеу, прокурор, тергеуші, сот органы» мемлекеттік органдарының тапсырма мазмұны негізінде өз бетінше белгілеу;-бухгалтерлік кітаптарды, басқа да қаржылық шаруашы-лық қызметтерінің қүжаттамаларын, мүліктің бар екендігін, ақша сомасын, құнды қағаздарды тексеру, шаруашылық жүргізуші субъект басшысынан бақылау жүргізуді, өнім сапасын анықтау, орындалған жұмыс өлшемдерін, құжаттарды тексеруді жүзеге асыруға катысты құжаттарды талап ету; - тапсырыс берушіде де, үшінші түлғада да болатын аудиторлық тексерулердің мазмұнына қатысты қажетті кұжаттар мен ақпараттарды, сондай-ак тапсырыс берушінің басшылығынан жэне қызметкерінен жазбаша немесе ауызша түрде түсініктеме алу; -тексерілетін заңды тұлға есепшоттарының жағдайы мен операциялары туралы қажетті мәліметтерді банктен алу және т.с.с.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында жэне тапсырыс берушімен жасалған келісімшартта қарастырылатын өз міндеттерін біліктілікпен орындауға жауапты. Тексерулерді сапасыз жүргізіп, шаруашылык етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға келісімшартта қарастырылған мөлшерде материалдык жауапкершілік жүктейді. Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор - өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.

Аудиторлар қаржылық есептемелердің жэне басқа құжаттардың заң талаптарына сэйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нэти-желері мен басқа да мэліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес баска да міндеттерді орындауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]