Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKh_UChET_40_BALL___Rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.39 Кб
Скачать

28 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі

Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы заң. Осы Заң ҚР-да аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. 3-бап. Аудиторлық қызмет: 1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие. 2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мына қызметтерді де көрсете алады: 1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша қызметтер; 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау; 3) ішкі аудит; 4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру; 5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру; 6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, 7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру; 8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту; 9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету, т.б. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдар мен нормативтік құжаттар кіреді.

  • ҚР «Аудиторлық кызмет туралы» заңы, 20 қараша 19.02.2007

  • ҚР«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»кодексі- 30 қаңтар 2001ж., №155

  • ҚР«Қылмыстық кодексі». 16 шілде 1997 ж

  • ҚР «Азаматтық кодексі» 27 желтоқсан 1994 ж.

  • «ҚР банктер және банкттік қызмет туралы» ҚР-ның заңы 31 қыркүйек 1995 ж.

  • ҚР-ның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 2000ж

  • ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңы 7 шілде 2004 ж.

  • ҚР-ның «Табиғи монополиялар туралы» заңы 9 шілде 1998 ж. ҚР-ның «Шетелдік инвестициялар туралы» заңы 27 желт 1994

Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары 4 бөлімнен тұрады:

1. Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің стандарттарының жалпы негіздерін құрайтын қажетті шарттар, логикалық принциптер, заңдылықтар.

2. Жалпы стандарттар – бұл аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді және кәсіби орындау үшін қажетті ие болатын анықтау сапасы және мамандық дәрежесі.

3. Жұмыс стандарттары – аудитордың жұмысын жоспарлаудың қажеттігі туралы ережелер (нұсқаулар), ішкі бақылау жүйесін оқып білу және бағалау.

4. Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]