
- •1. Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2.Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
- •Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5 Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •6.Бухгалтерлік есептің әдістеріне сипаттама
- •7.Түгендеудің мәні және түрлері.
- •8.Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, түрлері, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •9.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •10.Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстары
- •11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •12. Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихы
- •13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну
- •14. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •15. Аудиторлық есеп (қорытынды) және оны дайындау тәртібі.
- •16 Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспары
- •17 Екі жақты жазудың мәні
- •18 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістер.
- •19 Қр бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі
- •20 Қр екінші деңгейдегі банктерден шот ашу, оны жүргізу және жабу тәртіптері
- •21.Ақша қаражаттарын есепке алудың мәнi мен мақсаты. Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •23.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •24.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •26.Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •27. Еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер есебі.
- •28 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттеу жүйесі
- •29 Пайда мен зиян туралы есептің мазмұны және құрылымы
- •30. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және оның құрылымы
- •33.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •34. Банктік неселер есебі
- •35. Қорларды бағалау әдістері.
- •36. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
- •37.Материалдық емес активтер, олардың түрлері және есебі.
- •38. Ұйым капиталының есебі.
- •39.Инвестициялар есебін ұйымдастыру.
- •40.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі.
16 Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспары
Бухгалтерлік есептің шоттары-шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі. Қазіргі кезеңде бізде қолданыста жүрген шот жоспар 8 тараудан тұрады. Олар:
1.Қысқа мерзімді активтер(яғни мұнда ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвест,тауарлар, ағымдағы салықтық активтер және басқалары сипатталады.)
2.Ұзақ мерзімді активтер, бұнда Ұзақ мерзімді қаржылық инвест,берешектердің ұзақ мерзімді қарыздары, негізгі құралдар, биологиялық активтер және т.б бар.
3.Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, бұл қысқа мезімді қаржылық активтер, салықтар бойынша міндеттемелер және т.б. тұрады.
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
5.капитал және резервтер;
6.табыстар;
7.шығыстар;
8. Өндірістік есеп шоттардан тұрады.
Бе шоттарының типтік жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық өлшем түрінде көрсетуге арналған. Типтік шоттар жоспарларындағы барлық шоттар синтетикалық шоттар болып табылады. Онда бе шоттарына 4 саннан тұратын код берілген: Бірінші сан – шоттың қай бөлімге жататынын; Екінші сан – қандай бөлімшеге жататынын көрсететін;Үшінші сан – қай тобына тиісті екенін көрсетеді;Төртінші сан – әрбір ұйым дербес түрде анықтайды.
17 Екі жақты жазудың мәні
Екі жақты жазу әдісі - шар\қ операцияларын бух\к есеп шоттарында тіркеу әдісі.Мәні-әрбір шар\қ операциясы екі рет тең сомамен бір шот дебитінде ж\е басқа шот кредитінде жазылады. Кем дегенде 2 шот пайдаланылады. Жүргізілген шаруашылық операциялары бойынша шоттарда жазба жасауды бухгалтерлік жазба д.а. Бухгалтерлік жазба жасау жүргізілген операция сомасын қандай шоттың қай жағында жазу білдіреді.
Шоттардың арасында өзара байланысты шоттар корреспенденциясы д.а.
Бухгалтерлік жазба жасау үшін, яғни жүргізілген шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін келесілерді анықтау қажет: 1) шаруашылық операцияларына қатысқан шоттарды анықтау; 2) сол шоттардың активті немесе пасстивті екендігін анықтау; 3) шаруашылық операциясының әсерінен болған өзгерістерді шоттарда көрсету. Бухгалтерлік жазба 2 түрге бөлінеді: Жай – шаруашылық операциясына екі шот қана қатысады, бір шот дебиттеледе, екінші шот кредиттеледі. Күрделі - жүргізілген шаруашылық операциясы бір мезгілде бір шоттың дебитінде, бірнеше шоттың кредитінде көрсетіледі және керісінше (кем дегенде 3 шот қатысады.)
Екі жақты жазу шар\қ операцияларының нәтижесінде бух\к есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді. Шар\қ операциясын екіжақты көрсетудің мәні-ол бір шоттың дебеті б\ша ж\е екінші шот кредиті б\ша бірдей сомамен жазылуы тиіс. Екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі к\о-ң мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды.
Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды.
18 Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістер.
Кез келген кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сомалар өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорындарда әрбір орындалған операциялардан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін де емес. Осыған байланысты бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төрт түрге бөліп қарастырады.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді. (–А; +А)
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді. (–П;+П)
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы сондай сомаға артады. (+А;+П)
Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылған операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив пен пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылы үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді. (-А;-П)