
- •2.Химияның негізгі заңдары
- •3.Бейорг-қ қосылыстардың негізгі кластары:қышқылдар,негіздер,тұздар,оксидтер.
- •4.Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі,оның құрылымы.
- •6.Атом құрылысының квант-механикалық моделі. Электрондық бұлт туралы түсінік.Кванттық сандар
- •7.Орбитальдарды элетрондармен толтыру реті.Энергияның кішірею принципі.Паули принципі.Хунд ережесі.Клечковский ережесі.
- •8.Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
- •11.Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
- •12. П және σ байланыстар . Бай/с ұзындығы мен энергиясы
- •13. Коваленттік байланыс
- •14. Иондық байланық
- •15.Металдық байланыс.
- •16.Сутектік байланыс.Оның түзілу механизмі
- •18.Электрохимиялық процестердің анықтамалары мен жіктелуі.Электродтық потенциалдар туралы түсінік.Стандартты электродтық потенциалдар.Металл электродының потенциалын есептейтін Нернст теңдеуі.
- •28.Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.
7.Орбитальдарды элетрондармен толтыру реті.Энергияның кішірею принципі.Паули принципі.Хунд ережесі.Клечковский ережесі.
Орбиталдардың электрондармен толтыру реті:орбиталдарды электрондармен толтырғанда K,L,M,N,O,P,Q Бойынша толтырылады.Деңгейшедегі электрондардың максималды саны 2(2l+1) өрнекпен анықталады.Атомдық орбитальдар кванттық ұяшық түрінде көрсетіледі, деңгейшелердің максималды сиымдылығы:s-2,p-6,d-10,f-14электрон.Энергияның кішірею принципі:атомдағы электронның ең тұрақты күйіне нң кіші энергия мәні бар күйі сәйкес келеді,сондықтан алдымен ең кіші мәндегі қабаттар толтырылады.Паули принципі:бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес,яғыни атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей болмайды.Хунд ережесі:берілген энергетикалық днңгнйшедегі электрондардың спин сандарының қосындысы максималды болуы шарт,бұл жағыдайда атом тұрақты күйде болады.Клечковский ережесі:электронның берілгн екі жағдайының қайсысында бас және орбиталь квант сандарының қосындысы(n+l)үлкен болса,соның энергиясы үлкен болады.Егер(n+l) қосынды мәні бірдей бірнеше деңгейшелер болса,онда алдымен бас квант санының кіші мәніндегі деңгейше тола бастайды.
8.Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
Негізгі күйдегі бейтарап атомнан бір электронды бөліп алу үшін жұмсалатын энергияның шамасын иондану энергиясы (І) д.а.Иондану нәтижесінде атомдар оң зарядталған ионға айналады.Иондану энергиясы периотарда солдан оңға қарай артады.Негізгі күйдегі бейтарапты атомға электронды қосқанда жұмсалатын немесе берілетін энергияны электронға тартқыштық( E) деп атайды.Иондану энергиясымен электронға тартқыштық оғшауланған атомдардың күйін сипаттайды.Атомдардың оқшауланбаған күйін электртерістілік шамасы сипаттайды.Электртерістілік-қосылыстағы басқа атомдармен салыстырғандағы электрондық тығыздылықты элемент атомдарының өзіне тарта білу қабілеттілігі: χ=1/2 (І+Е) Период бойынша элеметтер электртерістілігінің өсуі, ал топшаларда оның азаюы байқалады.Элементтің электртерістілік мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым атом зарядталған ионға оңай айналады.Электртерістілік мәні ең жоғар элементті-фтор: χF=4,00
11.Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
Молекулалардың, иондардың, радикалдардың,сондай-ақ кристалдардың түзілуіне әкелетін атомдардың әрекеттесу құбылысын химиялық байланыс деп атайды.Мұнда- әрекеттесуші атомдар жүйесінің потенциалды энертиясының азаюы жүреді.Егер электрондардың спиндері антипаралелді болса,онда атомдар жақындаған кездегі жүйенің потециалды энергиясының азаюы орын алады және r=r0 болғанда тартылу күші тербелу күшіне теңеледі . Осы тұста жұйеның энергиясы өзінің ең кіші мәнін қабылдайды және турақты химиялық байланыс түзіледі. Егер спиндер паралелді болса, онда өзара жақындап келе жатқан атомдардың кез келеген арақашықтығы кзіндегі жүйенің потенциалдық энергиясы жеке-жеке алынған екі атом энергиясының қосындысынан артық болады.Валентілік – атомның химиялық байланыс түзуге қабілеттілігі. Бір элементтің өзі коваленттік не болмаса иондық қосылыстар түзеді.Тотығу дәрежесі деп молекула қурамындағы атомдарды шартты түрде электртерістілігіне сай оң және ионға айналады деп есептегендегі атомның зарядын айтады. Ол “+”немесе “-” таңбаларымен алынған рим сандарымен белгіленеді.