
- •2.Логистиканы қолданудың тиімділігі
- •Тарату жүйесінің тасымалдау шығ/ры
- •Қоймалар саны
- •13.Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі.
- •14. «Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы.
- •15. Шығындардың қойма сандарына тәуелділігі
- •16. Өндірістік логистика түсінігі
- •Материалдық қор түсінігі және оның түрлері
- •Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басарудың «тартушы» және «итеруші» жүйелері
- •Жинау цехы
- •Шикізат қоймасы
- •Канбан микрологистикалық жүйесі
- •Қор жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаттамасы және қор жағдайын бақылаудың негізгі жүйелерінің қызмет ету механизмі
- •Тарату логистикасының түсінігі
- •Қорларды нормалау
- •23. Логистикадағы қоймалау және қоймалардың қызметтері
- •Қызмет көрсету аумағында оңтайлы қойма саны
- •25.Жүк өңдеу және таро (сыртқы орам) және оның түрлері, буып түюдің алатын орны
- •26.Тарату жүйесіндегі басқару шығындарының қойма санына тәуелділігі
- •27.«Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы мен канбан микрологистикалық жүйесінің өзара бай/сы
- •28. Тарату жүйесіндегі эксплуатациялық шығындардың қойма санына тәуелділігі
- •Әлемдік логистикалық жүйелер: Америка, Еуропа, Азия
- •30. Ғаламдық логистикадағы делдалдар
- •31.Логистикалық сервис деңгейінің оңтайлы көлемін ан
- •32.Логистикалық сервис түсінігі және логистикалық сервис деңгейі.




5 бірлік өнімді Дайындау командасы






№2 цех







Канбан микрологистикалық жүйесі
JІT әдісіне негізделген микрологистикалық жүйелер ақпарат пен болжау дәлдігіне тым сыншыл. JІT тиімді жүзеге асыру үшін технологиялар сенімді телекоммуникациялық жүйелермен және ақпараттық-компьютерлік қолдауымен жұмыс жасауы қажет.
KANBAN микрологистикалық жүйесі. Жоғарыда аталғандай, JІT концепциясын іс жүзіне енгізуінің бірден бір әрекеті “Тоета Моторс” корпорациясы жасаған KANBAN микрологистикалық жүйесі болып табылады (жапон тілінен аударғанда “карта” деген мағынаны білдіреді). KANBAN жүйесі өндірістегі “созылмалы” микрологистикалық жүйесінің бірінші рет жүзеге асырылуын білдіреді, оны енгізуге шамамен 10 жыл кеткен. Мұндай ұзақ уақыттың себебі - KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. Осы ортаның маңызды элементтері мыналар болып табылады:
өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
өндіріс үрдісінің барлық сатыларындағы сапаны және жабдықтаушылардағы бастапқы материалды ресурстарының сапасын жалпы бақылау;
тек сенімді жабдықтаушылармен және тасымалдаушылармен әріптесу;
бүкіл персоналдың жоғары кәсіби жауаптылығы және жоғары еңбек моралі.
Американдық және еуропалық бәсекелестер осы және басқа да логистикалық орта факторларын ескермей, KANBAN жүйесін автоматты түрде енгізгісі келді, бірақ олар жеңіліске ұшырады.
“Тойота Моторс” корпорациясы ең алғаш рет 1972 ж. “Такахама” зауытында (Нагоя қаласы, Жапония) пайдаланған.
KANBAN микрологистикалық жүйесі сақтандыру қорын талап етпейтін, тез қайта құрылуға қабілетті үзіліссіз өндірістік ағымын ұйымдастыру жүйесін білдіреді. KANBAN жүйесінің мәні мынада: зауыттың барлық өндірістік бөлімшелері, соның ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта және қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, дәстүрлі әдістен басты айырмашылығы – құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс Берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. Жүйедегі ақпаратты тарату құралы пластикалық конверттегі арнайы “kanban” карточкасы болып табылады. Карточканың екі түрі бар: таңдау және өндірістік тапсырыс. Таңдау карточкасында өңдеудің алдыңғы учаскісінде алынуы тиіс бөлшектердің саны көрсетіледі, ал өндірістік тапсырыс карточкасында — алдыңғы өндіріс учаскісінде дайындалуы тиіс бөлшек саны көрсетіледі. Бұл карточкалар “Тоета” кәсіпорнының ішінде, сондай-ақ корпорациялар арасында және олармен қызмет жасайтын компаниялар арасында, сонымен қатар кәсіпорын филиалдарында айналып отырады. Осыдан келіп “kanban” карточкалары жіберілетін және өндірілетін өнім саны туралы ақпарат тасиды, бұл JІT концепциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, А,В,С өнімдерін дайындауда қолданылатын а және в бөлшектері алдыңғы технологиялық сатыда дайындалады (4-сурет). а, в бөлшектеріне “kanban” тапсырысының карточкасын жапсырып конвейер бойына қоймалайды. А өнімін дайындайтын жинау линиясындағы жұмысшы таңдау карточкасы жапсырылған белгілі бір бөлшектер жәшігін алу үшін технологиялық арбада тапсырыс карточкасымен а бөлшегінің қоймалау орнына келеді. Қоймалау орнында жұмысшы таңдау карточкасына сәйкес, жәшіктерден жапсырылған карточкаларды жұлып, арбаға бөлшектерді тиейді. Содан кейін алған бөлшектерді жұмысшы жинау линиясына жеткізеді. Ал өндірістік тапсырыс карточкалары а бөлшегінің қоймалау орнында, ағымды линияда қалады, ол алынған бөлшектер санын көрсетіп тұрады. Олар “kanban” өндірістік тапсырыс карточкасында көрсетілген санға қатаң түрде сәйкес келетін көлемдегі жаңа а бөлшектерін дайындауға тапсырысты қалыптастырады.
Қор жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаттамасы және қор жағдайын бақылаудың негізгі жүйелерінің қызмет ету механизмі
Қор.дың жағдайын бақ.у – бұл қорлардың мөлшерінің ауытқуын анықтау ж/е осы ауытқуды жою үшін оперативті шара.ды қабылдау мақсатында өн.тік - тех.қ бағыттағы қорлардың деңгейін халық тұтынатын бұйымдарды және т.б зерттеу ж/е реттеу.Қор.дың жағдайын бақылау қажеттілігі қор.дың нақты мөлшерінің шектен шығып кету жағдайында шығынның көбеюімен байланысты. Қордың жағдайын бақылау берілген қорлардың есебі негізінде жүргізеді ж/е үздіксіз н/е белгілі бір мерзімнен кейін жүзеге асырылады.



Қорлардың жағдайын бақылау жүйелері


Қорлардың нақты деңгейін үзіліссіз тексеру
Қорлардың нақты деңгейін мерзімді тексеру

Оперативті басқару жүйесі

Біркелкі жабдықтау жүйесі


Қорларды максималды деңгейге дейін толтыру жүйесі

Белгіленген тапсырыс көлемі бар жүйе

Екі деңгейлі жүйе
Қордың жағ.н бақ.у жүй.ң топт.луы. Тәжірибеде бақ.дың көптеген әдістері қолданылады, оларды келесідей белгілері бойынша топтастыруға болады: -тексеру тәртібі: мерзімді ж/е үздіксіз; -қордың басталу деңгейі: болуы ж/е болмауы; -тапсырылған партияның мөлшері: бірдей н/е әр түрлі; Қор.дың жағдайын бақ.у жүйесі мынадай түрде жүзеге ас.уы мүмкін: Оперативті басқару жүйесі. Белгілі бір уақыттан кейін оперативті шешім қабылданады: тапсырыс беру н/е тапсырыс бермеу, егер тапсырыс берсе, онда қанша тауар біолігіне беріледі. Біркелкі жеткізу жүйесі.Бірдей уақыт аралығынан кейін тауар бірлігінің тұрақты саны тапсырысқа беріледі. Қордың максималды деңгейіне дейін толтыру жүйесі. Бұл кезде бірдей уақыт аралығынан кейін пария тапсырысқа беріледі, яғни бірлігінің саны қордың белгіленген максималды деңгейінің ж/е қордың нақты деңгейінің айырымына тең. Қордың нақты деңгейін мерзімді тексеру кезінде тапсырыс мөлшері белгіленген жүйе. Қорлардың нақты деңгейі бірдей уақыт аралығы арқылы тексеріледі. Тауардың тұрақты көлемінің тапсырысы туралы шешім тексеру кезінде тауарлы қор аз болса н/е тауарлы қордың белгіленген бастапқы деңгейіне тең болған кезде қабылданады. Қор.ң нақты деңгейін мерзімді тексеру кезіндегі екі деңгейлі жүйе. Тауарлы қорлардың нақты деңгейі бірдей уақыт аралығындағы аралық арқылы тексеріледі. Егер ол минималдыдан кем н/е соған тең болса онда максималды тауарлы қор мен нақты қордың айырымына тең партияға тапсырыс беру жөнінде шешім қабылданады. Қор.ң нақты деңгейін үз.сіз тексеру кезіндегі екі деңгейлі жүйе. Партия тап.сқа беру шешімі бастапқы қорға жеткен кезінде қабылданады. Тапсырысқа берілген партия көлемі максималды тауарлы қормен бастапқы деңгйінің айырымына тең болады.
Тарату логистикасының түсінігі
Тарату логистикасы – тұтынушылардың талғамдары мен талаптарына сай, дайын өнімді тұтынушыға жылжыту процесінде жүзеге асатын тасымалдау, қоймалау, сақтау және т.б. операцияларды жоспарлау, бақылау және басқару ғылымы. Тарату логистикасы тарату процесінде материалды ағымдардың қозғалысын, физикалық бөлу процесін оптимизациялау болып табылады. Тарату логистикасының зерттеу объектісі - өндірушіден тұтынушыға жылжитын материалды ағымдардың қозғалысы.Тарату логистикасының міндеттері:1.Өнімді тұтынушыларға жеткізудің ең тиімді арналарын таңдау;2.Өнімді қалай орау керектігін анықтау;3.Дайын өнімді тұтынушыға жеткізудің ең тиімді маршрутын таңдау;4.Қойма қажет болса, қойма түрін және санын анықтау;5.Өнімді тұтынушыға дейін жеткізетін делдалдар қажет болса, оның деңгейін анықтау. Тарату логистикасының дәстүрлі таратудан немесе сатудан ерекшелігі: Тарату процесі маркетингтің өткізу концепциясымен тығыз байланыста болады; Тарату процесі жабдықтау ж/е өндіру процестерімен жүйелі өзара байланыста жүзеге асады;Тарату логистикасы келесі сұрақтарға жауап береді: 1.Қанша жеткізу орны қажет, ол орын қай жерде орналасуы керек және орынның ауданы қандай болу керек? 2.Қай тасымалдау құралы фирма үшін тиімді?3.Өнімді таратуда басқа кәсіпорындардың қызметі қажет бола ма? (қойма, тасымалдау және т.б.) 4. Өнімді тарату талабына сай оның орамы қандай болу керек?5. Қай уақытта және қанша мөлшерде өнімді жеткізу керек ?6. Дайын өнімді уақытша сақтайтын қойма қажет па, қажет болса, қанша көлемде? 7. Қойманың сыйымдылығы қандай болу керек?8. Тарату операцияларын жүзеге асыруда қандай құрал-жабдықтар және қызметтер қажет? (қоймалау, тасымалдау, технологиялық және т.б.) 9. Фирманың жеке меншік қоймасын қолданған жөн бе немесе жалға алған дұрыс па?
Қорларды нормалау
Қорлар нормасы - өндірістік өнімдерді үздіксіз жабдықтаумен н/е тауарларды өткізумен кәсіпорындарында болатын еңбек заттарының есеп айыратын минималды санын. Тауарлы қорлар нормасын анықтау кезінде әдістердің 3 тобын қолданады. Эвристикалық әдіс деп алдағы өткен кезеңге есеп беруді үйрететін, нарықты талдайтын ж/е минималды кажеткорлар туралы шешім қабылдайтын мамандар пайдалануды болжайды. Маман ретінде әрқашан қорларды нормалау есебін шешетін кәсіпорын жұмысшысы ьола алады. Бұл жағдайда қолданылатын есепті шешу әдісі тәжірибе – статистикалық д.а. Қорларды басқару саласына қойылған есептер қиын болған жағдайда бір емес , бірнеше мамандар тәжірибесін қолдануға болады.Бұл әдіс те эвристикалық топқа жатады және бұны эксперттік бағалау әдісі д.а.Техника- экономикалық есептер әдісі бұл әдістің мәні мақсатты белгілеуден бөлек топқа байл. Тұтас қорларды бөліп жіберу мысалы номенклатуралық позициялар.Белгіленген топтар үшін сақтандыру ағымдағы және мерзімді қорлар бөлек есептеледі.Экономика- математикалық әдіс Тауарларға деген сұраныс немесе өнімге деген сұраныс көбінесе кездейсоқ үрдіс болады, бұл математикалық статистика әдістерімен мазмұндалуы мүмкін.Қорлар көлемін анықтаудағы өте карапайым экономика математикалық әдістің бірі экстраполяция әдісі б.т.
У5=0.5(2*y4+y3-y1) .y4.y3.y1-қорлар деңгейі
У5- алдағы 5-ші кезеңге кордың нормативті деңгейі
23. Логистикадағы қоймалау және қоймалардың қызметтері
Қоймалар – тауарларды қабылдауға, орналастыруға және сақтауға арналған, оларды тұтынуға және тұтынушыға жіберуге дайындау үшін арналған үйлер, ғимараттар және түрлі құрылымдар. Қоймалар логистикалық жүйелердің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қоймалардың түрлері Қоймалар келесі белгілері бойынша топтастырылады: Өнімнің түрлері бойынша (5) материалды ресурстар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, қайтарымды қалдықтар, қосалқы бөлшектер және т.б. Мамандану деңгейі бойынша– (3) тар маманданған (бір немесе бірнеше өнім түрлері үшін), шектеулі және кең ассортиментті қоймалар. 3. Меншік түрлері бойынша(2) жеке меншік және мемлекеттік қоймалар 4. Функционалдық мақсаты бойынша (3): Өндірістік үрдісті қамтамасыз етуге арналған буферлі қорлар қоймасы (материалды ресурстар, аяқталмаған өндіріс, өндірістік, сақтандыру, мезгілді және басқа да түрлі қорлардың қоймасы); клиенттердің ерекше талаптарына сәйкес тапсырыстарды қалыптастыруға арналған делдалдық қоймалар; Материалды ағымдардың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін сақтау қоймалары; Арнайы қоймалар (мысалы, кеден қоймалары, уақытша сақтау, қайтарымды қалдықтар және т.б. қоймалары). 5. Қойма операцияларын механизациялау дәрежесі бойынша (2): автоматтандырылған, жартылай автоматтандырылған. 6. Жүктерді темір жол немесе су көлігі арқылы жеткізу мүмкіндігі бойынша(2): станциялық немесе порттық қоймалар, терең қоймалар 7. Техникалық құрылымы бойынша (3): ашық, жабық, жартылай жабық қоймалар. Қойманың функциялары. Әр түрлі қоймаларда орындалатын жұмыстардың жиынтығы шамамен бірдей. Кез келген қойма аз дегенде үш түрлі материалды ағымдарды өңдейді: логистикалық жүйеге сырттан келетін материалдық ағымдар, логистикалық жүйеден сытқа шығатын, және логистикалық жүйе ішіндегі материалдық ағымдар. Қойма иелерінің американдық ассоциациясының мәліметтері бойынша қоймалар 65-тен астам логистикалық қызмет түрлерін орындайды. Негізгілері: жүкті өңдеу, сақтау және бөлу; тасымалданатын жүктерді сақтау; қойма ішіндегі температура мен ылғалдықты бақылау және реттеу; жүктерді тасымалдаумен, жөнелтумен, жол қозғалысымен байланысты ақпараттар беру; өнімді қойма ішінде бөлу; тауарларды орау және сұрыптау; пакеттеу және жүктерді байлау; жүктерді автомобильдерге, прицептерге және жартылай прицептерге тиеу (түсіру); жүк партиясын консолидациялау және бөлшектеу; сақтаудың арнайы орындарын дайындау; тауардың құжаттарын дайындау және жеткізу; жүктерді қабылдауда, жіберуде және т.б. қойма құжаттарын рәсімдеу; жүк құжаттарын дайындау; су, темір жол және аралас көлігі арқылы жүктерді тасымалдау үшін терминалды қызмет көрсету; стандартты емес құралдарды талап ететін ірі габаритті жүктерді, металдарды және басқа өнімдерді сақтау; жүктерді ашық жерде сақтау; шағын партиялы жүктерді өңдеу, сақтау және буып-түю; контейнерлерді сақтау. Осы тізімнен қазіргі қоймалардың көп көлемде логистикалық операцияларды орындайтынын көріп отырмыз және олар клиентке қоймалау, жүк өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызметтер бойынша кеңінен логистикалық шешімдерді таңдау мүмкіндігін береді, яғни қоймалар ірі логистикалық орталық ролін орындайды.
Қызмет көрсету аумағында оңтайлы қойма саны
Оңтайлы қойма санын анықтағанда келесі шығындар міндетті түрде ескеріледі:
Қорларды ұстау шығындары;
Басқару шығындары;
Тасымалдау шығындары;
Эксплуатациялық шығындар;
Жабдықтау шығындары
Қойма торын дамыту бойынша шешімдерді толық құнын талдау қажет, бұл дегеніміз логистикалык жүйедегі қойма саны өзгергенде пайда болатын барлық эконмикалық өзгерістерді ескеру керек.
Суретте материалдық ағымдарды бөлуді ұйымдастыру варианттары: а) бір бөлу орталығы б) екі бөлу орталығы в)бес бөлу орталығы
Мына суретте қарастырып отырғанымыздай материалдық ағымдарды бөлу жүйеснің моделін қарастырамыз. Жабдықтаушы кәсіпорын белгілі бір территорияда орналасқан көтерме сатып алушыоар торына қызмет көрсетеді делік. Осы есеп бойынша сатып алушылар саны мен тұтынылатын ағымдар көлемі тұрақты шамалар болып табылады. Көріп отырғанымыздай бөлу жүйесіндегі қойма саны өзгергенде материалды агымды тұтынушыға жеткізу үрдісімен байланысты шығындардың бір бөлігі өседі , ал бір бөлігі төмендейді. Бұл қоймалардың оңтайлы санын іздеу мәселесін қоюға және шешуге мүмкіндік береді.
25.Жүк өңдеу және таро (сыртқы орам) және оның түрлері, буып түюдің алатын орны
Логистика саласындағы көптеген шетел мамандарының айтуы бойынша «жүк өңдеу» терминінің өзін анықтау өте қиын. Кейбір авторлар жүк өңдеуді «зауыт ішінде немесе қойма мен тасымалдау кәсіпорын арасында жүктің жақын қашықтықта тиімді орын ауысуы» деп анықтайды. «Жүк өңдеу» - қойманың ішінде орындалатын барлық операциялардың жиынтығы. Жүк өңдеу факторлары:
Қозғалыс (Жүк өңдеу әр уақытта логистикалық жүйедегі одан тыс белгілі бір инфрақұрылым ішіндегі материалды ресурстардың, дайын өнімнің белгілі бір мөлшерінің қозғалысымен және орын ауысуымен байланысты)
Уақыт (өнім, өндірісшілік бөлімшелер, қоймалауға және тағы басқа кететін уақытты үнемдеу.)
Саны (жүк өңдеу әр уақытта жүк партиясының белгілі бір көлеміне байланысты)
Кеңістік (қойма, көлік құралдары, терминал және т.б)
Жүк өңдеуді басқаруда келесі негізгі мақсатты белгілерге сәйкес ескерілуі тиіс:
қойма қуаттылығын пайдалану тиімділігін арттыру. Фирмалар көбіне жүкті максималды биіктікке қоймалауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдаланады.(вертикальды қолдану). Қойма ауданын максимальды қолдану (горизонтальды пайдалану)
Операциялық тиімділікті жақсарту. Мұның мақсаты – өңделетін жүк бірліктерінің түрлерін максимилизациялау.
Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және ауыр қол еңбегін қысқарту.
Логистикалық қызметті жақсарту. Жүк өңдеу «JIT» концепциясын жүзеге асыруда өз рөлін атқарады, яғни қоймаға тауарларды тасу, қорларды үлестіру, тапсырыстарды іріктеп оларды жинақтау, жүктің тұтынушыларға тез арада жеткізілуін дайындау жұмыстарын орындау.
Логисткалық шығындарын азайту.
Қазіргі логистикалық басқарудағы ораудың рөлі келесі негізгі жағдайлармен анықталады:
өнімді идентификациялау және ақпараттар ұсыну.
Қоймалаудың, жүк өңдеудің, тасымалдаудың және жеке таратудың басқа да операциялардың тиімділігін жоғарылату.
Тұтынушымен байланыс
Бұзылудан қорғау
Орамның түрлері:
сыртқы орам (тара)
ішкі орам
тара түрлері:
пакеттеу
паллет (поддон)
кантейнер
пакеттеу мынаны қамтамасыз етеді:
- өнімнің тұтынушыға жету жолындағы сақталуы
- тиеу-түсіру және тасымалдау-қоймалау жұмыстарын орныдауда оларды кешенді механизациялау және автоматтандыру есебінен тиімділігін жоғарылату көресткіштеріне жету
- жүк көтерімділігін және жылжушы құралдардың сиымдылығын максималды қолдану
- қойма құрудың артық жүк тиеу мүмкіндігі
- тиеу-түсіру және тасымалдау-қоймалау жұмыстарын орындау қауіпсіздігі.
26.Тарату жүйесіндегі басқару шығындарының қойма санына тәуелділігі
Тауарларды тұтынушыларға жеткізу бойынша тасымалдау жұмыстарын, сәкесінше тасымалдау шығындарын екі топқа бөледі. – Тауарларды бөлу жүйесінің қоймаларына жеткізумен байланысты шығындар, яғни алысқа тасымалдау шығындары. –Тауарларды қоймалардан тұтынушыларға жеткізу шығындары, яғни алысқа тасымалдау шығындары. Тасымалдау шығындарының қойма санына тәуелділігін әр топ үшін қарастырайық. Қойма санының өсуімен тауарларды қоймаға жеткізу құны да өседі, себебі сапа саны көбейеді, сондай-ақ көліктің жол жүруінің жиынтық шамасы да өседі. Тасымалдау шығындарының басқа бөлігі – тауарларды қоймадан тұтынушыларға жеткізу құны қоймалар санының өсуімен төмендейді. Қойма саны көбейгенде жиынтық тасымалдау шығындары төмендейді.
F- тарату жүйесінің

қызмет етуінің жалпы
шығындары
ʄ2 - қорларды сақтау
шығындары
ʄ3 – жөнелту шығындары
ʄ4 – тарату жүйесін
басқару бойынша шығыны
ʄ1 – тауарды жеткізудің
жалпы шығындары
ʄ5 – тұтынушылардан
1 2 3 4 5 6 7 8 N
N көтерме Қоймалар саны
Суретте: Бөлу жүйесінің қызмет етуіне кететін шығындардың жүйедегі қойма санына тәуелділігі бейнеленген
27.«Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы мен канбан микрологистикалық жүйесінің өзара бай/сы
JІT әдісіне негізделген микрологистикалық жүйелер ақпарат пен болжау дәлдігіне тым сыншыл. JІT тиімді жүзеге асыру үшін технологиялар сенімді телекоммуникациялық жүйелермен және ақпараттық-компьютерлік қолдауымен жұмыс жасауы қажет.
KANBAN микрологистикалық жүйесі. Жоғарыда аталғандай, JІT концепциясын іс жүзіне енгізуінің бірден бір әрекеті “Тоета Моторс” корпорациясы жасаған KANBAN микрологистикалық жүйесі болып табылады (жапон тілінен аударғанда “карта” деген мағынаны білдіреді). KANBAN жүйесі өндірістегі “созылмалы” микрологистикалық жүйесінің бірінші рет жүзеге асырылуын білдіреді, оны енгізуге шамамен 10 жыл кеткен. Мұндай ұзақ уақыттың себебі - KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. Осы ортаның маңызды элементтері мыналар болып табылады:
өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
өндіріс үрдісінің барлық сатыларындағы сапаны және жабдықтаушылардағы бастапқы материалды ресурстарының сапасын жалпы бақылау;
тек сенімді жабдықтаушылармен және тасымалдаушылармен әріптесу;
бүкіл персоналдың жоғары кәсіби жауаптылығы және жоғары еңбек моралі.
JІT концепциясын іс жүзіне асыруда сапа маңызды орын алады. Жапондық автомобиль өндіруші фирмалар JІT концепциясын және KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе отырып өндіріс үрдісінің барлық сатысындағы сапаны және кейінгі қызмет сапасын басқарудағы және бақылаудағы әдістерді өзгертті. Соңғы нәтижеде бұл TQM — сапаны жалпы басқару — философиясына айналды, ол фирманың барлық стратегиялық және тактикалық мақсаттарында бірінші орынға сапаны қойды. JІT концепциясы логистикалық микстің барлық құрамдастарының шеңберінде сапа деңгейін ұстауға және бақылауға әсер етеді
28. Тарату жүйесіндегі эксплуатациялық шығындардың қойма санына тәуелділігі
Қойма саны өскенде бір қойманы пайдаланумен байланысты шығындар төмендейді. Бірақ барлық қойма шаруашылығын ұстауға кететін жиынтық шығындар өседі. Бұл ауқым әсерімен байланысты: қойма ауданы азайғанда, бір шаршы метрге келетін эксп шығындар көбейеді. Мысалы, саудадағы қойма ауданы 10,5 шаршы метрден 1,5 мың шаршы метрге дейін азайғанда, яғни 7 есе азайғанда, пайдалану шығындары тек 5,25 есеге азаяды. Бір қойманың жетеуімен алмасуы пайдалану шығындарын 1,4 есеге өсуіне алып келеді.
Әлемдік логистикалық жүйелер: Америка, Еуропа, Азия
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. шет еле кәсіпорындарында, кәсіпорынның жұмыс істеу саласына, өндірісті ұйымдастыру жағдайына байланысты әр түрлі логистикалық концепциялар қолданылады, атап айтқанда JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б.
JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы. JIT концепциясын енгізу дайын өнім мен сервистің сапасын жақсартады, артық қорларды минимизациялайды және кешендік логистикалық функцияларды интеграциялау есебінен менеджменттің фирмалық стилін өзгерте алады. Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Фирма сенімді жабдықтаушыларды таңдауға ұмтылады, себебі жеткізудегі кез келген үзіліс өндірістік кестені бұзуы мүмкін.
JІT концепциясы логистикалық микстің барлық құрамдастарының шеңберінде сапа деңгейін ұстауға және бақылауға әсер етеді. Бұл концепция, біздің ойымызша, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарға және дистрибьюциямен айналысатын кәсіпорындарға тиімді болып келеді.
KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. KANBAN жүйесінің мәні мынада: зауыттың барлық өндірістік бөлімшелері, соның ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта және қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. KANBAN микрологистикалық жүйесінің маңызды элементі ақпараттық жүйе болып табылады, оған тек карточкалар емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау және жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып табылады. Бұл жүйені көбінесе ауыр өнеркәсіп саласында қолданған жөн. KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде және дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда.
MRP-I жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті жоспарлауда материалдық ресурстарға қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау, өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау. MRP-I жүйесі нарық талаптарына толық жетілмеген жүйе. Бұл жүйе үлкен көлемдігі ақпаратты анықтауға және өндеуге шамалы, логистикалық шығындары басқаларға қарағанда жоғары, қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тәуелсіздігі, үлкен тапсырысты орындауға мүмкіндігі төмен, жүйені құрастыру өте шығынды болып келеді. Бұл жүйе ұзақ мерзімді тауар өндіру циклына сай жасалған.
MRP II топ жүйесінің мақсаты –жабдықтау, қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды бақылау, шығындар, қаржы, негізгі қорлар және тағы басқа өндірістегі жасалатын барлық үрдістерді біріктіру. MRP II MRP-I-дің жетілдірілген түрі. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету, өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешеді. Қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқартып, бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндік жасайды. MRP II тауарлы-материалды қорларды 17%, кәсіпорын рентабелдігін 10% өсіртуге, шикізат пен құрал-жабдықты 7% сатып алуды қысқара алады. Сонымен қатар, тұтынушыларға көрсетілетін қызмет көлемі 16% жоғарлайды. Бұл концепция шағын өнеркәсіп кәсіпорындарға және дистрибьюциямен айналысатын кәсіпорындарға тиімді болып келеді.
30. Ғаламдық логистикадағы делдалдар
Ғаламдық логистиканың дамуы үшін «халықаралық арналық делдалдар» маңызды орын алады, оларға әдетте келесілер жатады:
Халықаралық жөнелтушілер
Тасымалдау компаниялары
Экспорт операцияларын басқару жөніндегі операциялар
Сыртқы сауда компаниялары және өкілеттіліктер
Брокерлік және агенттік фирмалар
Экспорт-импорт операцияларындағы тауарларды ораумен айналысатын компаниялар
Порттар және басқалар
Ғаламдық логистикалық жүйелердегі арналық делдардар арасындағы ерекше орын, жоғарыда аталғандай, халықаралық-логистикалық фирмаларға беріледі. Әдетте, олар ғаламдық арналар мен жүйелерде көптеген логистикалық функцияларды орындайды, олардың негізгілнріне мыналар жатады:
Халықаралық тасымалдаудағы жүктерді квоталау
Көлік құралдарының жүк орындарын және жүк сыйымдылығын сақтау
Коммерциялық және кеден құжаттарын дайындау
Экспорттық лицензияларды алу
Жүк жіберуші үшін экспорттық декларацияны орындау
Сертификаттарды, мал дәрігерлік және басқа да куәліктерді дайындау
Консулдық инвойстарды дайындау және алу
Тауарды тасымалдау құжаттарын дайындау, тиеу, түсіру, құжаттарды тексеру, өлшеу, орау, және т.б. операциялар
Сақтандыру
Тасымалдау ақысы, клиенттермен есеп айырысу; кіріс құжаттарын қабылдау
Құжаттарды банкке беру немесе оларды берілген орынға жіберу
Портта, жүк терминалында қойма қызметтерін ұсыну
Интермодальды тасымалдауды жүргізу
Өз меншігіндегі көлік құралдарын, трейлерді, контейнерлерді ұсыну
Жүк жіберушілер үшін ақша жинау және қабылдау және т.б. операциялар
Көптеген ірі халықаралық тасымалдау-жөнелту фирмалары, мысалы, «Shenker», « TNT EW», «ASG AB» «BTL» « Federal express» « Scansped», ISO 9002 стандарттарымен куәландырылған, бұл олардың көрсететін логистикалық қызметтерінің жоғары әлемдік деңгейі туралы айтады.
Ғаламдық логистикалық халықаралық делдал, мысалы, «TBT Group» корпорациясы болып табылады. Бұл компания бүкіл әлемде ірі халықаралық экспедиторлар және логистикалық фирмалардың бірі ретінде белгілі. Қазіргі уақытта компания голландиялық пошта және телекоммуникация корпорациясына жатады және оның жылдық айналымы 6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ол үш компаниядан тұрады: TNT Express Worldwide, TNT Logistics және TNT Multi Country Logistics және ол өз клиенттеріне кең логистикалық қызметтер спектрін ұсынады.
31.Логистикалық сервис деңгейінің оңтайлы көлемін ан
Логисткалық
сервис деңгейі. Жабдықтаушы позициясынан,
сонымен қатар қызмет алушы тұрғысынан
қызмет көрсету жүйесін бағалауға
мүмкіндік беретін маңызды белгісі
логистикалық сервис деңгейі болып
табылады. Берілген көрсеткіштердің
есебі келесі формула бойыншыагықталады:
; мұндағы:
логистикалық сервис деңгейі. М- логисткалық
сервистің теориялық мүмкін көлемінің
сандық бағалануы.
логисткалық сервис нақты көрсетілетін
көлемінің сандық бағалануы. Логисткалықсерис
деңгейін бағалау үшін ең маңызды
қызметтер түрі таңдалады, яғни бұл
қызметтерді көрсету едәуір шығындармен
байланысты, ал көрсетпеу рынокта көптеген
жоғалтуларға алып келеді. Парето ережесі
бойынша ассортименттің тек 20% ы ғана
80% пайданы беретінін айтып өткен. Мамандар
сервис деңгейі 95%-97% көбейген кезде
экономикалық әсер 2%-ға көбейетінін, ал
шығындар 14% - ға өсетінін есептеді.
Логисткалық
сервис деңгейінің оңтайлы көлемін
анықтау. Логистка
қызметінің міндеті – сервис деңгейінің
оңтайлы көлемін анықтау. Сервис деңгейінің
оңтайлы мәнін сервис деңгейінің
төмендеуімен пайда болатын рыноктағы
жоғалтулар және сервиске кеткен шығындар
қисығын тұрғызу арқылы табуға болады.
сервис
шығындары

Сервис деңгейі
η
32.Логистикалық сервис түсінігі және логистикалық сервис деңгейі.
Логистикалық қызметтің табиғаты тұтынушыға метриалдық ағымның әр түрлі логистикалық қызмет көрсету мүмкіндігін болжайды. Логисткалық сервис тарату үрдісімен тығыз байланысты және тауарларды жеткізу үрдісінде көрсететін қызметтер жиынтығы. Логистикалық сервистің объектісі материалдық ағымадрдың әр түрлі тұтынушылары болып табылады. Логистикалық сервис – жабдықтаушының өзімен немесе логистикалық сервис саласындағы маманданатын экспедиторлық фирмалармен жүзеге асырылады. Логисткалық қызмет көресту саласындағы барлық жұмыстарды Логисткалық қызмет көресту саласындағы барлық жұмыстарды 3 негізгі топқа бөлуге болады:
сату алдындағы, яғни логистикалық сервис жүйесінің қалыптасуы бойынша жұмыстар
тауарды сату үрдісінде жүзеге асырылатын логистикалық қызмет көрсету бойынша
сатудан кейінгі логистикалық қызмет.
1 топ.
Өткізу үрдісінің басталуына дейін логисткалық сервис саласындағы жұмысқа негізінен қызмет көрсету сферасындағы фирманың саясатын анықтауын, сонымен қатар олардың жоспарлануын енгізеді.
2 топ.
Тауарларды өткізу үрдісінде әр түрлі логистикалық қызметтер көрсетілуі мүмкін, олар:
қоймада тауарлы қорлардың болуы.
Тапсырысты орындау, соның ішінде ассортиментті таңдау, орау, жүк бірлігінің қалыптасуы және басқа да операциялар.
Жеткізудің сенімділікпен қамтамасыз етілуі.
Жүктердің өтуі туралы ақпараттардың берілуі
3 топ.
Сатудан кейінгі қызмет – бұл кепілдемелік қызмет көрсету, сатып алушының талаптарын талқылау, айырбас және т.б.
Фирмада логистикалық сервистің жүйесін қалыптастыру іс –әрекетінің реттілігі:
Тұтыну нарығын сегменттеу, яғни оны нақты тұтынушылар тобына бөлу.
Тұтынушылар үшін маңызды қызметтер тізімін анықтау
Құрылған тізімге кіретін қызметтерді рангілеу
Қызметтер стандартын белгілі бір нақты сегменттерінің шеңберінде анықтау
Көрсетілген қызметті бағалау
Қызметтердің тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сатып алушылармен кері байланыс орнату.
Логисткалық сервис деңгейі.Жабдықтаушы позициясынан, сонымен қатар қызмет алушы тұрғысынан қызмет көрсету жүйесін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды белгісі логистикалық сервис деңгейі болып табылады. Берілген көрсеткіштердің есебі келесі формула бойыншыагықталады: ; мұндағы: логистикалық сервис деңгейі. М- логисткалық сервистің теориялық мүмкін көлемінің сандық бағалануы. логисткалық сервис нақты көрсетілетін көлемінің сандық бағалануы. Логисткалықсерис деңгейін бағалау үшін ең маңызды қызметтер түрі таңдалады, яғни бұл қызметтерді көрсету едәуір шығындармен байланысты, ал көрсетпеу рынокта көптеген жоғалтуларға алып келеді. Парето ережесі бойынша ассортименттің тек 20% ы ғана 80% пайданы беретінін айтып өткен. Мамандар сервис деңгейі 95%-97% көбейген кезде экономикалық әсер 2%-ға көбейетінін, ал шығындар 14% - ға өсетінін есептеді.