Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Логистика 1-32.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
336.97 Кб
Скачать

16. Өндірістік логистика түсінігі

Өндірістік логистика - өндіріс процесінде материалдық ағымдарды басқару процесі.

Өндірістік процесс – белгілі бір өнімді өндіру мақсатында өндірістік факторлар мен ресурстарды жүйелі біріктіру.

Өндірістік логистиканың мақсаты – кез келген өнімді өндіруде логистикалық әдістерді қолдана отырып күрделі өндірістік жүйелерді оптимиациялау болып табылады.

Өндірістік логистиканың қарастыратын логистикалық жүйелерін өндірістік логистикалық жүйелер деп атайды. Оларға өнеркәсіп кәсіпорындарын, қоймалары бар көтерме кәсіпорындарды, тізбекті жүк станцияларын, тізбекті теңіз порттарын және т.б. жатқызуға болады.

Логистикада өндірісті ұйымдастырдуың екі концепциясы бар:

Дәстүрлі концепциясы

1.Негізгі құрал-жабдықтарды ешқашан тоқтатпау;

2.Өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатымен тауарларды ірі партиямен өндіру;

3. “әр түрлі” кездейсоқ жағдайларға байланысты материалды ресурстардың қорын құру.

Логистикалық концепция

  1. Артық қорды болдырмау;

  2. Негізгі және тасымалдау, қоймалау операцияларын

орындауда максималды түрде уақытты үнемдеу;

  1. Құрал-жабдықтардың тоқтап қалуын болдырмау;

  2. Өндірістік ақауларды міндетті түрде шеттету;

  3. Макрологистикалық жүйеде жабдықтаушыларды өз әріптестеріне айналдыру.

Жалпы, өндірістік логистика өндірістік қуат қоры есебінен сұраныс өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Өндірістік қуат қоры – өндірістік жүйедегі сапалық және сандық икемділік жиынтығы. Сапалық икемділік - универсалды қызмет көрсететін персонал және икемді өндіріс арқылы қамтамасыз етіледі. Сандық икемділік - әр түрлі әдістермен қамтамасыз етіледі. Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басқарудың екі жүйесі бар: “Итеруші” жүйе – материалды ағымдарды белгілі бір бөлімшеге немесе цехқа басқарудың орталық жүйесінің тікелей қатысуымен, арнайы бұйрық негізінде беріліп отырады. Тартушы жүйе – бөлшектер мен жартылай фабрикаттар алдыңғыдан келесі технологиялық операцияға қажетті көлемде берілетін өндірісті ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Бұл жерде басқарудың орталық жүйесі кәсіпорынның түрлі бөлімшелері арасындағы материалды ағымның алмасуына кіріспейді және оларға ағымды өндірістік тапсырмалар мен міндеттерді белгілемейді. Жеке технологиялық бөлімшенің өндірістік бағдарламасы келесі бөлімшенің тапсырыс мөлшерімен анықталады. Басқарудың орталық жүйесі өндірістік технологиялық тізбектің тек соңғы бөлімшесі алдына мақсат қояды.

Іс жүзінде созылмалы өндірісшілік логистикалық жүйелерге «Тоета» фирмасы жасап, жүзеге асырған «КАНБАН» жүйесін жатқызады. КаНБАН жүйесі өндірісті жаппай компьютерлендіруді талап етпейді, бірақ ол жеткізулердің қатаң тәртібін, сондай-ақ персоналдың жоғары жауапкершілігін ұйғарады, себебі өндірісшілік логистикалық үрдісті реттеп отыру шектеулі. Бүл өндірістік қорларды азайтуға мүмкіндік береді.

Өндіріс процесінде логистиканы қолдану тиімділігі:

  1. Өндіріс процесі рыноктағы өзгерістерге бейімделеді;

  2. Жабдықтаушылармен әріптестік қарым қатынас орнатылады;

  3. Өндірілілетін өнімнің сапасы жоғарылайды;

  4. Қор көлемі азайып, өндірістік циклдағы шығындар төмендейді.

  5. Барлық бөлімшелер арасындағы жүйелі байланыс негізінде синергиялық эффект алуға мүмкіндік болады;

6. Дәл мерзімде тапсырысты орындауға мүмкіндік болады.