- •2.Логистиканы қолданудың тиімділігі
- •Тарату жүйесінің тасымалдау шығ/ры
- •Қоймалар саны
- •13.Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі.
- •14. «Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы.
- •15. Шығындардың қойма сандарына тәуелділігі
- •16. Өндірістік логистика түсінігі
- •Материалдық қор түсінігі және оның түрлері
- •Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басарудың «тартушы» және «итеруші» жүйелері
- •Жинау цехы
- •Шикізат қоймасы
- •Канбан микрологистикалық жүйесі
- •Қор жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаттамасы және қор жағдайын бақылаудың негізгі жүйелерінің қызмет ету механизмі
- •Тарату логистикасының түсінігі
- •Қорларды нормалау
- •23. Логистикадағы қоймалау және қоймалардың қызметтері
- •Қызмет көрсету аумағында оңтайлы қойма саны
- •25.Жүк өңдеу және таро (сыртқы орам) және оның түрлері, буып түюдің алатын орны
- •26.Тарату жүйесіндегі басқару шығындарының қойма санына тәуелділігі
- •27.«Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы мен канбан микрологистикалық жүйесінің өзара бай/сы
- •28. Тарату жүйесіндегі эксплуатациялық шығындардың қойма санына тәуелділігі
- •Әлемдік логистикалық жүйелер: Америка, Еуропа, Азия
- •30. Ғаламдық логистикадағы делдалдар
- •31.Логистикалық сервис деңгейінің оңтайлы көлемін ан
- •32.Логистикалық сервис түсінігі және логистикалық сервис деңгейі.
15. Шығындардың қойма сандарына тәуелділігі
Тасымалдау шығындарының қойма санына тәуелділігі. Тауарларды тұтынушыларға жеткізу бойынша тасымалдау жұмыстарын, сәйкесінше тасымалдау шығындарын екі топқа бөледі:
Тауарларды бөлу жүйесінің қоймаларына жеткізу шығындары, яғни алысқа тасымалдау шығындары;
Тауарларды қоймалардан тұтынушыларға жеткізу шығ, яғни жақынға тасымалдау шығындары.
Қойма санының өсуімен тауарларды қоймаға жеткізу құны да өседі, себебі сапа көбейеді, сондай-ақ көліктің жол жүруінің жиынтық шамасы да өседі. Тәуелділік сипаты сызықта емес, себебі мұнда шартты-тұрақты ж/е шартты айнымалы құрамдастар бар, осының нәтижесінде жеткізу шығындары қашықтыққа қарағнада баяу өседі.
Тасымалдау шығындарынң басқа бөлігі –тауарларды қоймалардан тұтынушыларға жеткізу құны қоймалар санының өсуімен төмендейді. Бұл көліктің жолы күрт қысқарғанда болады.
Қойма саны көбейгенде жиынтық тасымалдау шығындары төмендейді (f1фукциясы ).
Қорларды ұстауға кететін шығындардың Бөлу жүйесіндегі қойма санына тәуелділігі.
Қойма санының өсуі, жеке қойманың қызмет көрсету аймағының қысқаруына алып келеді, нәтижесінде жеке қоймадағы қор мөлшері де қысқарады. Бірақ жеке қоймадағы қор қызмет көрсету аймағы сияқты тез қысқармайды, нәтижесінде бөлу жүйесіндегі жиынтық қор өседі. (f2 функциясы).
Қойма шаруашылығын эксплуатациялаумен байланысты шығындар. Қойма саны өскенде, бір қойманы пайдаланумен байланысты шығындар төмендейді. Бірақ барлық қойма шаруашылығын ұстауға кететін жиынтық шығындар өседі. Бұл ауқым әсерімен байланысты: қойма ауданы азайғанда, 1шаршы метрге келетін эксплуатациялық шығындар көбейеді. (f3 функциясы)
Бөлу жүйесін басқарумен байланысты шығындардың қойма санына тәуелділігі. Қойма санының өсуі өойма шаруашылығын басқару жүйесіне кететін шығындардың күрт өсуіне алып келеді. (f4 функциясы)
Қойма санының қысқаруынан ж/е сәйкесінше жабдықтаушы қойманың тұтынушыдан алыстауынан пайда болған жоғалтулардың қойма санына тәуелділігі.
Қойма саны қысқарғанда қызмет ету пунктіне дейінгі орташа ара қашықтық өседі. Бұл дегеніміз-тұтынушыға қоймаға келіп ассортимент таңдау қиынға соғады. Жүктің жолында тұрып қалулар кездеседі. Мұнда жабдықтаушыға деген қызығушылықты төмендететін басқа да факторлар бар. (f5функциясы)
F- тарату жүйесінің
қызмет етуінің жалпы
шығындары
ʄ2 - қорларды сақтау
шығындары
ʄ3 – жөнелту шығындары
ʄ4 – тарату жүйесін
басқару бойынша шығыны
ʄ1 – тауарды жеткізудің
жалпы шығындары
ʄ5 – тұтынушылардан
1 2 3 4 5 6 7 8 N
N көтерме Қоймалар саны
Суретте: Бөлу жүйесінің қызмет етуіне кететін шығындардың жүйедегі қойма санына тәуелділігі бейнеленген
