
- •2.Логистиканы қолданудың тиімділігі
- •Тарату жүйесінің тасымалдау шығ/ры
- •Қоймалар саны
- •13.Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі.
- •14. «Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы.
- •15. Шығындардың қойма сандарына тәуелділігі
- •16. Өндірістік логистика түсінігі
- •Материалдық қор түсінігі және оның түрлері
- •Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басарудың «тартушы» және «итеруші» жүйелері
- •Жинау цехы
- •Шикізат қоймасы
- •Канбан микрологистикалық жүйесі
- •Қор жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаттамасы және қор жағдайын бақылаудың негізгі жүйелерінің қызмет ету механизмі
- •Тарату логистикасының түсінігі
- •Қорларды нормалау
- •23. Логистикадағы қоймалау және қоймалардың қызметтері
- •Қызмет көрсету аумағында оңтайлы қойма саны
- •25.Жүк өңдеу және таро (сыртқы орам) және оның түрлері, буып түюдің алатын орны
- •26.Тарату жүйесіндегі басқару шығындарының қойма санына тәуелділігі
- •27.«Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы мен канбан микрологистикалық жүйесінің өзара бай/сы
- •28. Тарату жүйесіндегі эксплуатациялық шығындардың қойма санына тәуелділігі
- •Әлемдік логистикалық жүйелер: Америка, Еуропа, Азия
- •30. Ғаламдық логистикадағы делдалдар
- •31.Логистикалық сервис деңгейінің оңтайлы көлемін ан
- •32.Логистикалық сервис түсінігі және логистикалық сервис деңгейі.
13.Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі.
Штрих – код - компьютерлік техниканы қолдана отырып, тауар жөніндегі ақпараттарды алуға, есептеуге және анықтауға мүмкіндік беретін әріптердің, сандардың, символдардың және жолақтардың жиынтығы. Логистикалық операциялар мен функцияларды орындау үрдісінде өнімнің штрих кодтарын автоматты сканерлеу келесі негізгі артықшылықтарды көрсетеді.
Өнім туралы толық ж/е шынайы ақпаратты тез алуға;
Тауар өндірушісі, жүк жіберуші, жүк алушы, логистикалық делдалдар туралы ақпарат алуға;
Логистикалық менеджментегі тауарлы-тасымалдау, қаржы ж/е басқа да құжаттарды автоматты электронды өңдеу;
Материалдық ағымдар туралы логистикалық ақпараттардың дәлдігін ж/е шынайылығын қамтамасыз ету;
Өнім мен логистикалық қызмет сапаларын бақылау процедураларының тиімділігін жоғарлату;
Берілген тауарлар ассортименті үшін сұраныс пен нарықты маркетингтің талдау процедураларын жеңілдету;
Шығындарды азайту, тұтынушылардың тапсырыстарын жинау,өңдеу ж/е орындау процедураларын қарапайымдандыру ж/е тездету.
Штрих код түрлері:
Бірөлшемді штрих-кодтар (1D) – 20-30 цифр, сан және символика.
Екі өлшемді штрих-кодтар (2D) – 1000-4000 цифр, сан және символика.
Бір өлшемді ш-к түрлері:
Plessey –ҚР қолданылады, каталогтар, дүкендерде;
UPC (Universal Product Code) –АҚШ бөлшек саудасында қолданылады;
CODABAR –библиотека, авиабилет, банктерде қолд. Әріп-сан-жолақ;
POSTNET –почтада қолд.
Екі өлшемді ш-к түрлері:
Aztes-Code -3832 цифр, 3067 әріп, 1914 байт мәлімет;
Datamatrix -3116 цифр, 2335 символ;
PDF -1000-2000символ;
Қоймада қолданылатын штрих-кодтар.
ҚР -487 штрих-коды пайдаланылады.

EAN( European Article Numbering) -1977ж. Ең алдымен еуропалық континентте, содан кейін басқа континеннтерде бекітілді. Қазіргі көптеген қазақстандық кәсіпорындарда EAN кодын кеңінен пайдаланады.
Логистикадағы штрих-кодтарды автоматты оқу технологиясын пайдалану логистикалық үрдістің барлық сатыларындағы материалдық ағымдарды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді. Оның негізгі артықшылықтары: Өндірісте:-әр учаскідегі жылжитын өнімдер мен олардың құрамдас бөліктерін, сондай-ақ кәсіпорындағы логистикалық үрдісті жалпы есептеу және бақылаудың бір жүйесін құру;-көмекші персонал санын және есептеме құжаттарын қысқарту, қателерді жою.Саудада:-материалдық ағымды есептеудің біртұтас жүйесін құру;-тапсырыстарды автоматтандыру және тауарларды түгендеу;-сатып алушыларға қызмет көрсету уақытын қысқарту. Қоймада:-материалды ағымды есептеу мен бақылауды автоматтандыру;-материалды қорларды түгендеу үрдісін автоматтандыру;-материалды және ақпаратты ағымдармен жүргізілетін логистикалық операциялардың уақытын қысқарту.
14. «Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы.
Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық концепция “just-іn-tіme” – JIT (“дәл мерзімде”) концепциясы болып табылады. «Дәл мерзімде»жеткізу жүйесі-құрамдас бөлшектерді н/е тауарларды өндірістік тұтыну орнында н/е сауда кәсіпорнындағы сату кезінде қажетті көлемде ж/е қажетті уақытта өндіру ж/е жеткізу жүйесі. Бұл концепция 1950ж. соңында пайда болды, бұл кезде Тойота Моторс Жапон компаниясы ж/е басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияға “Just-іn-tіme" атауын кейінірек американдықтар берді, олар бұл әдісті автомобиль өндірісіне пайдаланды. JIT концепциясының алғашқы мақсаты — автомобильдерді жинаудың өндірістік үрдісінде материалдың, бөлшектердің ж/е жартылай фабрикаттардың қорларын ұстамау. Тойота Моторс фирмасы JIT концепциясын қолдана отырып 1960 жылдары жаңа автомобильдерді жеткізудің негізгі логистикалық циклының уақытын бір айға дейін қысқартуға мүмкіндік алды, сол кездегі алдыңғы қатарлық американдық автомобиль өндіруші фирмалардағы цикл 6-9 айды құрады. Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Теория жүзінде базалық JIT жүйесі үшін идеалды тапсырыс мөлшері бір бірлік болып табылады, бірақ бұл өткізу мен тапсырыстарды өткізуге кететін шығындар проблемасына байланысты жүзеге асырылмайды.
ДМ жүйесі, дәстүрлі жабдықтау жағдайына қарағанда, тұтынушылардың төмен қормен жұмыс жасауын қарастырады. Сәйкесінше логистикалық үрдістің барлық қатысушыларына, соның ішінде тасымалдаушыларға да сенімділік талабы жоғарылайды. Сондықтан да егер дәстүрлі жабдықтау жағдайында тасымалдаушыны таңдауда 1-орында тасымалдау тарифтері тұрса, онда тасымалдау жүйесіндегі артықшылықтар жеткізу мерзімдерін бұзбаймын деп кепілдік бере алатын тасымалдаушыға беріледі.
ДМ жүйесін қолдану өндірістік, сондай-ақ тауар қорларын күрт қысқартуға мүмкіндік береді, қойма қуаттарына, персоналына деген қажеттілікті азайтады. Саудадаға ДМ жүйесі тауарларлың келесілердің біреуі бойынша жіктелуді білдіреді:
Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасы –дүкеннің сауда залы;
Өндіруш зауыттың дайын өнім қоймасы –дүкеннің сауда залы;
Өріс –дүкеннің сауда залы.