Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

19.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелерді теориялық модельдеудің ерекшеліктері.

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің  объективті  көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.

Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын біртұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. «Өркениет» сөзі латынның «цивилис» азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).

Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.

Бұл теория өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның басты  мәселесі жүйені құрушы  белгілерді  іздеу. Қазір осындай белгілер ретінде еңбек өнімділігін жаңа сатыға көтеретін өркениет   төңкерістерін қарастырылуда.

Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды (шамамен 6-8 мың жылдар бұрын). Келесісі — өнеркәсіп төңкерісі (300 жыл бұрынғы). Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады (XX ғасырдың орта шені). Ол халықты адамның қажеттіліктерін өтеу сферасына (сауда, қызметтер, көлік білім, ғылым, мәдениет, басқару және т.б.) бейімдейді.

  

Қазіргі әдіс-тәсіл өркениетті ішкі (экономикалық) және сыртқы (экономикалық емес) факторлар бірлігінің тарихи туындаушы қоғам өмірінің пайда болудың өзіндік тәсілімен сипатталатын қоғамдық жүйе ретінде қарастырады. Экономикалық емес факторлар болып әлеуметтік  мәдени (ұлттық, діни, этникалық және т.б.), әлеуметтік-саяси, сондай-ақ табиғи-климаттық географиялық және басқа фокторлар қатысуы мүмкін.

Осындай себеппен экономикалық жүйені зерттеуге өркениетті жақындау ерекшелігі талдаудың көпшаралығы, белгілердің көптігі, олардың тар экономикалық өлшеуіштерге енбейтіндігі болып табылады. Өркениеттік  жүйелердің бірнеше топтастыруды бөлуге болады:

Бірінші, біліктілік қоғамның индустриалдық дамуының  дәрежесі бойынша біліктілігімен сәйкес келеді. Ол индустрияға дейінгі (традициялық) өркениет, индустриалдық (экономикалық) өркениет, индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі) өркениет түрлеріне ие.

20.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің  объективті  көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.

Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын біртұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. «Өркениет» сөзі латынның «цивилис» азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан.

Кейбір экономистер жеті өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры) — 30-35 ғасырлық; шығыстық — құл иеленушілік (қола ғасыры) — 20-23 ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық — 7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық — 4,5 ғасырлық; индустриалдық — 2-3 ғасыр; кейінгі индустриалдық, немесе информациялық қоғам (қазіргі дәуір). Өркениеттік көзқарас таптық шарттамалардан аулақ болғандықтан қазіргі кезде басқаларға қарағанда кеңінен таралған, оның артықшылығының өзі осыдан көрінеді. Сонымен қатар, өркениеттік көзқарасқа сүйене отырып, әр түрлі елдер мен аймақтардың даму ерекшелігін, оларды өзіндік ерекшеліктерінен айыра отырып, бір жалпы схемаға сыйғызуға тырысады; өркениет көзқарасының қауіптілігінің өзі осыдан көрінеді.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады.

Кейбір ғалымдардың өркениеттік жіктемелерін қарастырар болсақ, Тойнби 21 өркениет бар деп бөліп көрсеткен. Олар:

Египеттік, андтық, көнеқытайлық, минойлық, шумерлік, майяндық, сириялық, үнділік, хеттік, эллиндік, батыстық, қиыршығыстық (Корея мен Жапония), православиелік христиандық (негізгі), православиелік христиандық, қиыршығыстық (негізгі), ирандық, арабтық, индуистік, мексикалық, юкатандық, вавилондық.

Сонымен қатар Тойнби туылмаған өркениеттерді (қиырбатыстық христиандық, қиыршығыстық христиандық, скандинавиялық, сириялық) және тоқтап қалған өркениеттерді (эскимостар, көшпенділер, османдықтар, спарталықтар, полинезиялықтар) атап көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]