Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

32.Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің жалпы белгілері

Дүние жүзінде барлығы болып 230-мемлекет болса, олардың негізгі бөлігі даму үстінде, яғни олар барлық елдердің 4/5 бөлігін құрайды, бүкіл халықтың 80%орналасқан. Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері жатады. Дамушы елдер — империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы,Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы. Дамушы елдерге, әдетте, өндіргіш күштердің дамуының салыстырмалы төмен деңгейі, көп жосықты (укладты) экономика, онда патриархаттық және ұсақ тауарлық шаруашылық жөн-жосықтың жоғары үлесі, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің аяқталмауы тән.

Американ моделі кәсіпкерлік белсенділікті жан – жақты қолдаудың жүйесіне, халықтың неғұрлым белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жеңілдіктер мен қосымша төлемдер есебінен өмір деңгейінің жарамды дәрежедегі әл – ахуалы реттеледі. Әлеуметтік теңдік мәселесі бұл жерде мүлдем көтерілмейді. Бұл модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен көшілікті жеке жетістіктерге қол жеткізуге бағыттауға негізделген.

Жапон моделі еңбек өнімділігінің өсуінен халықтың өмір деңгейінің (соның ішінде жалақы деңгейінің) белгілі дәрежеде қалыс қалуымен ерекшеленеді. Осының есебінен өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен әлемдік нарықта оның бәсекеге бейімділігінің оқыс көтерілуіне қол жеткізіледі. Мүліктік бөлінуге кедергі қойылмайды. Мұндай модель тек ұлттық сананың өте жоғары деңгейде дамып, нақты адамның мүддесінен ұлттық мүдде жоғары қойылғанда, халықтың белгілі бір материалдық құрбандықтарға елінің өркендеуі жолында өзін қиюға әзір болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Швед моделі ұлттық табысты халықтың неғұрлым аз қамтылған топтарына қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған мықты әлеуметтік саясатымен ерекшеленеді. Мұнда мемлекеттің меншігінде негізгі қордың 4% -ы ғана, оның есесіне 80 – ші жылдарда мемлекеттік шығындардың үлесі ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) деңгейінің 70 пайызын құрағанымен қоймай, осы шығындардың жартысынан астамы әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.

33. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің негізгі модельдері

Дүние жүзінде барлығы болып 230-мемлекет болса, олардың негізгі бөлігі даму үстінде, яғни олар барлық елдердің 4/5 бөлігін құрайды, бүкіл халықтың 80%орналасқан. Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері жатады. Елдер өздерінің тарихымен, экономикалық даму деңгейімен, әлеуметтік және ұлттық жағдайларының бөлектегімен ерекшеленетіндіктен, шаруашылықты ұйымдастырудың өзіндік ұлттық модельдерін әр жүйеде жасақтаған. Айталық, әкімшілдік - әміршілдік жүйеде кеңестік, қытайлық және басқа да модельдер бар.

Жапон моделі еңбек өнімділігінің өсуінен халықтың өмір деңгейінің (соның ішінде жалақы деңгейінің) белгілі дәрежеде қалыс қалуымен ерекшеленеді. Осының есебінен өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен әлемдік нарықта оның бәсекеге бейімділігінің оқыс көтерілуіне қол жеткізіледі. Мүліктік бөлінуге кедергі қойылмайды. Мұндай модель тек ұлттық сананың өте жоғары деңгейде дамып, нақты адамның мүддесінен ұлттық мүдде жоғары қойылғанда, халықтың белгілі бір материалдық құрбандықтарға елінің өркендеуі жолында өзін қиюға әзір болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Швед моделі ұлттық табысты халықтың неғұрлым аз қамтылған топтарына қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған мықты әлеуметтік саясатымен ерекшеленеді. «Қызметтік әлеуметтендіру» деп аталатын мұндай модель өндірістік іс - әрекеттердің бәсекелік нарықтық негізде қызмет атқаратын жеке кәсіпорындарға, ал өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз ету іс - әрекеттерінің (бұған жұмыспен қамту, білім алу, әлеуметтік сақтандыру да кіреді) және инфрақұрылымның көптеген құрамдарының (көлік, ҒЗТҚЖ – ғылыми – зерттеу және тәжірибелі құрастыру жұмыстары) – мемлекетке міндеттелуі мүмкін болғанда ғана іске асады.

ГФР – ның әлеуметтік нарықтық шаруашылықтары. Бұл модель гитлерлік кезеңдегі концерндерді тарату және шаруашылықтың барлық түрлеріне (ірі, орта, ұсақ) тұрақты даму мүмкіндігін беру негізінде қалыптасты. Бұл ретте ерекше қолайлы жағдаймен миттельштанд деп аталатын орта және ұсақ кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар қамтылады. Мемлекет бағаға, техникалық өлшемге белсенді түрде әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]