Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать
    1. Формациялық модельдің негізгі параметрлері

ФОРМА́ЦИЯ, (латын тілінен аударғанда, formatio –пайда болу, түр). - дамудың белгілі бір сатысына, деңгейіне сай келетін тұрпат, құрылыс деген мағынаны білдіреді. Формация - негізін материалды өндірістің белгілі бір тәсілі құрайтын, қоғамның қалаыптасқан тарихи түрі.

Формациялық концепцияның мәні өндірістік күштің дамуы нәтижесінде, онымен бар өндірістік қатынастардың орнына тиісті өндірістік қатынастар жасалып, ал ол өз кезегінде жаңа формацияның пайда болуына алып келеді. Олардың әр қайсысына меншіктің және экономика мен саясатта басым жетекші таптардың негізгі формалары тән. Мысалы, аграрлық өркениетке алғашқы қауым құрылысы, құл иеленушілік және феодалды қоғам кезеңдері тән. Капиталистікке индустриалды қоғам тән. Жоғарғы формация ретінде коммунистік саналды. Бұл формация марксистік көзқарас бойынша экономика жағынан көбірек дамыған ең жақсы базис негізінде құрылған дейді. Формациялық тәсілдің шегінде негізгі параметрлер ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады.

Қазіргі кезде формациялық тәсілге кеңінен тұжырымдама береді. Өндірістік күштердің дамуына байланысты адамдардың тарихи дамуы ұдайы прогресс позициясынан қарастырылып отыр. Формациялық тәсіл қоғамды зерттеуде, адамдар өзінің тарихи дамуының барысында, бір бірінен ерекшеленетін белгілі бір кезеңдерден (формациядан) өтеді деп тұжырымдайды. Бұл көзқарастың көрнекті өкілдері болып Карл Маркс және Фридрих Энгельс табылады. Солардың бірі К.Маркс теориясына тоқталайық.

Формациялық теорияны жете зерттеп дүниеге әкелген К.Маркс және оның ізбасарлары. Осы теорияның мәні: дамудың белгілі кезеңіндегі өндіргіш күштер және қоғамның өндірістік қатынастары бірлікте болады және бір-біріне әсер етеді. Осы бірлік «өндіріс тәсілі» деген түсінікпен сипатталады.өндірістік қатынастар саяси үкімет институттарының, қоғамда үстемдік ететін мораль мен теологияның, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру принциптерінің базисі болып табылады. Осы қатынастар мен институттар бірігіп «қондырма» деген түсінікті құрады.

Өндіріс тәсілі қондырмамен бірігіп қоғамдық - экономикалық формацияны құрады.

15.Формациялық көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі. Формациялық көзқарас - Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды. Алғашқы (архаистік) құрылыс - алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген "шығыстық қауым".Экономикалық  оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия   елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі - суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.Азиаттық  өндіріс әдісінің мәселесі соңғы  екі жүз жыл бойы пікірталасты тақырып болып қалуда.   Екінші  ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады. Үшіншісі - жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі "оңшыл    гуманизм"  дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды.Өндірістік  қатынас жүйесі өзімен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастар мен институттарды көрсететін базис қондырмасы ретінде қатысады. Өндірісті бірліктегі тәсілі мен қондырмасымен  өзара әрекеті қоғамдық-экономикалық формацияны құрайды. Адамзат дамуының тарихи жүрісі өзімен бірге қоғамдағы формацияның жүйелі ауысымын көрсетеді: алғашқы-қауым, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік  және  коммунистік.      Формациялық теорияның негізгі жағдайлары: -  Табиғи-тарихи үрдіс қоғамдық-тарихи формациялардың   бірізділікті ауысымы түрінде дамиды; - Материалдық өмірдің рухани өмірді ығыстыруы;

    - Өндірістік  қатынастар қоғамның базисі болып табылады, құрылғы базиске қарағанда туынды сипатқа ие болады; - Класстар  қоғамның негізгі бірлігі және тарих  субъектісі болып, ал класстар арасындағы күрес – класстардың өзара  әрекеттесуінің басты формасы болып  табылады. Формациялық әдіс тарихи дамудың  түсінігін жеңілдікке және бұзылған ұғымға апарады, оны төменнен жоғарғы саты бойынша қоғамның өтуін  бір мәнді  түрде  көрсетеді. Әр қоғамдық-экономикалық формациялық  болып өткенімен салыстырғанда сапалы дамудың жоғарылау сатысына ұсынылады. Сондықтан К. Маркстің коммунистік формациясы қоғам дамуының жоғарғы сатысы өркениеттік әдіс өндірістік-экономикалық фокторлармен емес, барлық материалдық және рухани мәдениет элементтерінің жиынтығымен қоғамдық дамудың түрлі кезеңдердің бөлінуін басшылыққа алады. Сондықтан ол үшін қоғамдық байлық емес, адам дамуының акцентіне тән.Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі  мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.

16.Экономикалық жүйелерді зерттеудегі өркениеттік көзқарас Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын біртұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. «Өркениет» сөзі латынның «цивилис» азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).

Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.

Бұл теория өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның басты  мәселесі жүйені құрушы  белгілерді  іздеу.  Кейбір авторлар осындай белгілер ретінде еңбек өнімділігін жаңа сатыға көтеретін өркениет   төңкерістерін қарастыруды ұсынады.

Қазіргі әдіс-тәсіл өркениетті ішкі (экономикалық) және сыртқы (экономикалық емес) факторлар бірлігінің тарихи туындаушы қоғам өмірінің пайда болудың өзіндік тәсілімен сипатталатын қоғамдық жүйе ретінде қарастырады. Экономикалық емес факторлар болып әлеуметтік  мәдени (ұлттық, діни, этникалық және т.б.), әлеуметтік-саяси, сондай-ақ табиғи-климаттық географиялық және басқа фокторлар қатысуы мүмкін.

Осындай себеппен экономикалық жүйені зерттеуге өркениетті жақындау ерекшелігі талдаудың көпшаралығы, белгілердің көптігі, олардың тар экономикалық өлшеуіштерге енбейтіндігі болып табылады. Өркениеттік  жүйелердің бірнеше топтастыруды бөлуге болады:

Бірінші, біліктілік қоғамның индустриалдық дамуының  дәрежесі бойынша біліктілігімен сәйкес келеді. Ол индустрияға дейінгі (традициялық) өркениет, индустриалдық (экономикалық) өркениет, индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі) өркениет түрлеріне ие.

 

Қоғам  сатылары

Белгілері

Индустриалдық(дәстүрлі) қоғам

Индустриалдық

(экономикалық) қоғам

Индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі)

Өндіріс қор-ң типі

Еңбектің қол құралы

Машина

Информатика

Жетекші сектор

Ауыл шаруа-ғы

Индустрия

Ғылым

Детерминация типі

Еңбекке сыртқы  экон-қ еріксіз тарту, дәстүрлер

Материалдық (ақшалай) стимул

Шығармашылық

“Қоғамдық адал”типі

Дәстүрлі  “патриархаттық адам”

“Экономикалық адам”

Әлеуметтік-шығармашылық “әлеуметтік адам”

Тойнби 21 өркениет бар деп бөліп көрсеткен. Олар:

Египеттік, андтық, көнеқытайлық, минойлық, шумерлік, майяндық, сириялық, үнділік, хеттік, эллиндік, батыстық, қиыршығыстық (Корея мен Жапония), православиелік христиандық (негізгі), православиелік христиандық, қиыршығыстық (негізгі), ирандық, арабтық, индуистік, мексикалық, юкатандық, вавилондық.

Сонымен қатар Тойнби туылмаған өркениеттерді (қиырбатыстық христиандық, қиыршығыстық христиандық, скандинавиялық, сириялық) және тоқтап қалған өркениеттерді (эскимостар, көшпенділер, османдықтар, спарталықтар, полинезиялықтар) атап көрсетті.

17.Өркениеттік және формациялық көзқарастарды салыстыру Өркениеттік және формациялық көзқарастардың ара жігін ашу үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.

Формациялық көзқарас – маркістік ілімге тән. Онда 1-ші формация алғашқы қауымдық құлиеленушілік пен азиялық өндірісті біріктіреді 2-ші формация құлиеленушілік, крепостнойлық және капитализмді біріктіреді. Бұлар жеке меншікпен байланысты. 3-ші формация коммунистік, онда жеке меншік айында және гуманизм кезеңі келеді деп есептеді.

Формациялық ілім:

  1. Қоғамдық, тарихи формациялық өзгерісін, табиғи-тарихи процесс деп түсіндіреді.

  2. Материялық өмірдің рухани құңдылықтан жоғары болуы мүмкін екендігін білдіреді.

  3. Қоғамдық өндірістік қатынастар базис болып табылады ал саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық қатынастар қондырма деп аталады. Қондырма базиске тәуелді және содан туындайды.

  4. Қоғамдағы кластар оғамдық қатынастардың негізгі бірлігі және тарихи субъектісі болып табылады. Формациялық көзқарас бойынша қоғамның бір кезеңнең екінші кезеңге өтуі топтар арасындағы қарама-қайшылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл формациялық көзқарас.

Цивилизациялық көзқарас-әлемдік тарихты цивилизацияның ауысуымен түсіндіретін көзқарас болып табылады. Цивилизация (лат:«азаматтық, қоғамдық» деген мағынаны береді). Бұл термин мәдениет денгейін бағалау үшін қолданылады. Цивилизациялық ілім материялдық және рухани дамудың тұтастықын түсіндіретін ортақ формалар мен принциптерден тұрады. Цивилизациялық тұтастық функционалды ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастың негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Цивилизациялық тұтастық функционалды және ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастын негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Мұнда жалпы адамзаттық құңдылықтың ұлттық немесе кластық құндылықтардан жоғары болатындығы айтылады. Бұл теория экономика ғылымындағы жаңа ілім болып табылады. Алғашқы цивилизациялық революция 6-8 мың жыл бұрын болған деп есептеледі бұдан кейін өнеркәсіптік революция қазіргі уақыттан 300 жыл бұрын болған деп есептеледі. Ал ХХ ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық революция басталды. Келесі бір экономистердің көзқарасы бойынша 7 цивилизацияға бөліп қарастырады:

1.      Неолиттік (30-35 ғ.)

2.      Шығыс-құлиеленуші (Қола ғасыры 20-23 ғ.)

3.      Антикалық (Темір дәуірі 12-13 ғ.)

4.      Ертедегі-феодалдық (7 ғ.)

5.      Индустрияға дейінгі (4-5 ғ.)

6.      Индустриалды (2-3 ғ.)

7.      Постиндустриалды (2-3 ғ.)

Цивилизациялық көзқарас қоғамды кластарға бөліп қарастырмайды. Екі көзқарас арасындағы негізгі ерекшелік осылар.

Формациялық әдіс тарихи дамудың  түсінігін жеңілдікке және бұзылған ұғымға апарады, оны төменнен жоғарғы саты бойынша қоғамның өтуін  бір мәнді  түрде  көрсетеді. Әр қоғамдық-экономикалық формациялық  болып өткенімен салыстырғанда сапалы дамудың жоғарылау сатысына ұсынылады. Ал Өркениеттік көзқарас таптық шарттамалардан аулақ болғандықтан қазіргі кезде басқаларға қарағанда кеңінен таралған, оның артықшылығының өзі осыдан көрінеді.

18.Өркениеттік көзқарастың негізгі параметрлері және ұстанымдары Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.

Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын біртұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. «Өркениет» сөзі латынның «цивилис» азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).

Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.

Бұл теория өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның басты  мәселесі жүйені құрушы  белгілерді  іздеу.  Кейбір авторлар осындай белгілер ретінде еңбек өнімділігін жаңа сатыға көтеретін өркениет   төңкерістерін қарастыруды ұсынады.

Қазіргі әдіс-тәсіл өркениетті ішкі (экономикалық) және сыртқы (экономикалық емес) факторлар бірлігінің тарихи туындаушы қоғам өмірінің пайда болудың өзіндік тәсілімен сипатталатын қоғамдық жүйе ретінде қарастырады. Экономикалық емес факторлар болып әлеуметтік  мәдени (ұлттық, діни, этникалық және т.б.), әлеуметтік-саяси, сондай-ақ табиғи-климаттық географиялық және басқа фокторлар қатысуы мүмкін.

Осындай себеппен экономикалық жүйені зерттеуге өркениетті жақындау ерекшелігі талдаудың көпшаралығы, белгілердің көптігі, олардың тар экономикалық өлшеуіштерге енбейтіндігі болып табылады. Өркениеттік  жүйелердің бірнеше топтастыруды бөлуге болады:

Бірінші, біліктілік қоғамның индустриалдық дамуының  дәрежесі бойынша біліктілігімен сәйкес келеді. Ол индустрияға дейінгі (традициялық) өркениет, индустриалдық (экономикалық) өркениет, индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі) өркениет түрлеріне ие.

Ағылшындық тарихшы А.Тоинби өркениеттегі айналым жайлы, адамзаттың тарихи дамуы жайлы мәселелерді қозғайды. Оның ойынша, адамзаттың тарихи дамуының тұтас тарихы жоқ, ол жеке-жеке өркениеттердің тұйықталған тарихының қосындысы. Әрбір өркениет өзінің дамуында туу, өрлеу, құлдырау және құру сатыларынан өтіп басқа бір өркениетке орын береді.

Тойнби концепциясы позитивистік эволюционизмге идеалды әрі нақты жауап, және «еуропоцентризмге» альтернативті балама. Тойнби ұлт-азаттық қозғалыстарға жанашырлықпен қарады, ол сойиалистік елдер мен Батыс елдерінің арасындағы бейбіт өмір мен үйлесімділікті жақтады.

Ол өркениетті «тұтас тарихи ағаш» деп түсіндіріп, әрбір өркениет туудан құрып кету сатыларынан тұратындығын атап өтті. Ол өркениетке былайша анықтама берген – тұйық қоғам, ол 2 критерий бойынша пайда болады: 1) діні және оның ұйымдастырылуы; 2) территориялық сипат.

Тойнби 21 өркениет бар деп бөліп көрсеткен. Олар:

Египеттік, андтық, көнеқытайлық, минойлық, шумерлік, майяндық, сириялық, үнділік, хеттік, эллиндік, батыстық, қиыршығыстық (Корея мен Жапония), православиелік христиандық (негізгі), православиелік христиандық, қиыршығыстық (негізгі), ирандық, арабтық, индуистік, мексикалық, юкатандық, вавилондық.

Сонымен қатар Тойнби туылмаған өркениеттерді (қиырбатыстық христиандық, қиыршығыстық христиандық, скандинавиялық, сириялық) және тоқтап қалған өркениеттерді (эскимостар, көшпенділер, османдықтар, спарталықтар, полинезиялықтар) атап көрсетті.

Ол өзінің ойын былайша қорытындылаған, қатал табиғи климат (египеттік, шумерлік, қытайлық, майяндық, андтық өркениеттер), жаңа табиғи орта (минойлық өркениет), көршілес өркениеттердің шабуылы (эллиндік өркениет), үнемінгі ішкі қақтығыстар (орыстық православиелік, батыстық өркениеттер) сияқты қауіп-қатерлерге шыдаған өркениеттерғана өз өмірін жалғастыра алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]