Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

10. Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері

Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау.

Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам­дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.

Меншік құқығы - белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1.     Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2.     Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3.     Жекелендіру - әр бір тауар  өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4.     Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5.     Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6.     Табысты бөлу әдістері.

Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері. Оноре бойынша бірнеше меншік қатынастары бар. Келесіде әр қайсысына анықтама бере отырып, салыстырайық:

1.Иемдену құқығы, яғни игіліктерге  міндеттелінген денелік (күш  қуаттылық) бақылау құқығы.

2.     Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3.     Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4.     Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5.     Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6.     Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7.     Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығы

8.     Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9.     Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Меншік түрлері:

11. Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлері

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шетелдермен қатынас  болмайды.  Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика  белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлеріне жалпы елдің басқару сипаты,халқының әлеуметтік тұрмысы жатады...

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

  2. Өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

  3. Техникалық прогресс шектеулі.

  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

  6. Мемлекет пен қарулы  күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы: Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.  Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.  Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

  1. Өндіріс  құралдарына мемлекеттік меншік.

  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

  3. Өндірушілердің монополист ретінде  көрінуі.

  4. Орталықталынған  ресурстар қоры.

  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]