Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

60. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» салыстырмалы талдау

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажет деп атап өтті.

Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту.

Екінші. Қолжетімді баспана.

Үшінші. Өңірлерді даму. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.

Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет.

Бесінші. Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу - маңызды міндет.

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Жетінші. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау.

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі қажет.

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді.

Оңтүстік өңірлердің энергиялық тапшылығын шешіп, электр энергиясына деген тәуелділіктен босату үшін Үкіметке биылғы жылы Балқаш ЖЭС-тің бірінші модулінің құрылысын қамтамасыз ету жүктелген.  Сондай-ақ Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері, Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт  және өзге де индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамытудың бірқатар жаңа жобалары анықталды.

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалдарсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың тетіктері енгізілетін болады, бірыңғай астық холдингі құрылды, аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру жүйесі мен сақтандыру займдары құрылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]