
- •2. Экономикалық жүйе түсінігі, мәні, элементтері
- •3. Экономикалық жүйе белгілері, типтері және факторлары.
- •5. Неоклассиктер түсінігінде экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі.
- •6.Институционализм түсінігіндегі экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі
- •7.Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері және құрылымы
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •2. Өнеркәсіп революциясы мен ғтп даму деңгейі бойынша:
- •8.Экономикалық жүйелерді салыстырудың техникалық-экономикалық параметрлерінің құрылымы.
- •9.Ресурстарды орналастыру тәсілі бойынша салыстыру параметрлері
- •10. Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері
- •11. Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлері
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Әртүлі экономикалық мектептердің меншік қатынастарын түсіндірудегі ерекшеліктер
- •13.Экономикалық жүйелерді зерттеудегі формациялық көзқарас.
- •Формациялық модельдің негізгі параметрлері
- •19.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелерді теориялық модельдеудің ерекшеліктері.
- •20.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.
- •21.Индустриалдыға дейінгі экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •22.Индустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •23.Постиндустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері
- •24.Нарықтық жүйенің либералды моделі: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •26.Әлеуметтік-демократиялық модель: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •27.Аралас нарықтық экономика және конвергенция теориясы
- •28.Нарықтық экономиканың либералды моделі. Ақш тәжірибесі.
- •29.Әлеуметтік нарықтық шаруашылық. Германия тәжірибесі
- •30.Жапондық экономикалық жүйе моделі
- •31.Қытайлық экономикалық жүйе моделі
- •32.Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің жалпы белгілері
- •33. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің негізгі модельдері
- •34. Дамушы елдердің әлемдік шаруашылықтағы орны. “Ілеспелі” даму перспективасы
- •35. “Үшінші әлем” елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері.
- •36. Жаңа индустриялды елдердің негізгі даму ерекшеліктері.
- •37.Жаңа индустриялды елдердің экономикалық құрылымының ерекшеліктері
- •38.Шаруашылықтың социалистік жүйесі: тарихи негіздері және нәтижелері
- •39.Социализмнің әлеуметтік-экономикалық табиғаты.
- •40.Социализм экономикасының мазмұны және қарама-қайшылықтары.
- •41.Трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің жалпы белгілері
- •42.Посткеңестік елдер экономикасының траснформациялану кезеңдер бойынша ерекшеліктері
- •43.Қр инвестициялық саясатының кезеңдік ерекшеліктері, перспективасы
- •44.Қаржы капталының экспорт-импорт ағымдарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •45.Қр агроөнеркәсіптік дамуын салыстырмалы талдау
- •47. Қр өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және сатылары
- •48. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу: масштабтары, динамикасы, әдістері, тиімділігі
- •49. Қр экономикалық даму мақсатында қабылданған негізгі экономикалық бағдарламалар.
- •50. Нарықтық экономикалық жүйеге трансформацияланудың кезеңдері
- •51. Қр әлеуметтік-экономикалық саясат: қазіргі жағдайы, нәтижелері және перспективалары.
- •53.Қытайдағы экономикалық өзгерістердің әлеуметтік бағдарлануы
- •55.Қытай қоғамының нарықтық реформалар барысындағы әлеуметтік құрылымы.
- •56.Жаһандану экономикалық жүйелерді салыстырудың жаңа мазмұны ретінде.
- •57.Экономикалық жаһандану және ұлттық мемлекеттік реттеу үрдістеріндегі өзара байланыс және қарама-қайшылықтарының негізгі механизмдері.
- •58. Тұк жаһандану жағдайындағы және ұлттық экономикадағы ролі.
- •59. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты салыстырмалы талдау
- •60. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» салыстырмалы талдау
58. Тұк жаһандану жағдайындағы және ұлттық экономикадағы ролі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы эксперттерінің пікірі бойынша трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып есептеледі. 90-жылдардың ортасында дүниежүзінде 40 мыңнан астам корпорациялар қызмет атқарған. Олар бақылауындағы шетелдік еншілес кәсіпорындардың саны 250 мыңдай болды. Бұл санның соңғы екі онжылдықта өсу қарқыны 5 есеге жетті. Ең ірі 100 халықаралық компаниялардың жалпы мүлігі құнының 40% шетелдерде орналасқан.Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мүның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір оныншысы деген сөз.
Сонымен, трансұлттық корпорациялар дегеніміз - шетелде активтері (қүнды заттары) бар үлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда өткізу қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде ұйымдастырылады.
Қазақстан экономикасындағы ТҰК-ң мінез-құлық үлгісін таңдау осы шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқа дамушы елдер экономикасына енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға байланысты болады: – корпорациялардың экономикалық мүдделері; – шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау; – жобаның ауқымы; – шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары. ТҰК-ң қабылдаушы елдердегі қызметтері түрлерінің Қазақстанда анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК). Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ТҰК Қазақстан экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи ортасына, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты әсер етіп келеді. Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды. ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда, қаржылық және ғылыми-зерттеу профиліндегі компаниялардың трансұлттық топтарына айналып, дамыған елдердің экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының негізгі күштерінің біріне айналады.
59. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты салыстырмалы талдау
«Қазақстан 2050» Стратегиясы жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу қағидатына негізделген. Толықтыратын болсақ – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, жаңа кадр саясаты және инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде ұлттық экономикамыздың болашақтағы жетекші күші – кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, жан-жақты қолдау мақсаты.
Жастар тәрбиесінің Стратегиядағы орны ерекше. Жолдау барысында Елбасы жаңа қазақстандық патриотизм, болашақтағы Қазақстанды қалай елестететіні жөнінде айтып, жастарға және жалпы ұлтқа үндеу таратты. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деген ой еліміздің қаншалықты жарқын болашаққа ие болатынына сендіреді.
Сондықтан Жолдауда айтылған жаңа бастаманы, бағытты ту қылып, биікке көтеріп, біз жас қазақстандықтар болашаққа деген үкілі үміттің тірегі боламыз. «ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін» – деген Елбасы ойымен біргеміз. Біз Жолдауда айтылған: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс», деген мақсатты қолдаймыз. Соған үлес қосуға тырысамыз.
Бүгінде Елбасы экономиканы әртараптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қарқын алып келеді. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр.
Әлемдік дамудың тамырын дәл басып отыратын Нұрсұлтан Әбішұлы төрткүл дүниедегі: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, көзқарастар қайшылықтары мен әлемдік жаңа экономикалық дағдарыс сияқты жаһандық ауыртпалықтар мен қауіптерді басты назарға ала келе, оған еліміздің «Қазақстан-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағытын қарсы қойып отыр.
Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді.
Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық потриотизм.
ХХІ ғасыр бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болатынына сенім білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды.
Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.