Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

57.Экономикалық жаһандану және ұлттық мемлекеттік реттеу үрдістеріндегі өзара байланыс және қарама-қайшылықтарының негізгі механизмдері.

Қазіргі таңда экономикалық жаһандану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әлемдік экономикалық жаһандану келесі мәселелерді көрсетеді:ұлттық экономикалардың интеграциялануы; халықаралық кооперациялардың өсуі; тауар капитал қызмет нарығының еркіндігі. Тағы да бір айта кететін жайт капитал айналысы жылдамдығының өсуі және артуы.Халықаралық қаржы нарығының күшейуі (валюта, қаржы, қор нарықтары). Мамандар пікірі мен қарапайым халық көз қарасы әлемдік жаһандануға әртурлі, қарама қайшылықтар да кездесіп жатады. Халықта жаһандану салдарына байланысты екі пікір қалыптасқан: кей бір адамдар экономикалық жүйеге үлкен қауіп төніп тұр десе, басқалар экономика қарқынды өседі деген пікірде.Жаһандану экономикалық дамыған елдерде жақсы пікір тудырса, дамымаған елдерде қорқыныш тудырады.Әлемнің барынша дамыған елдерінің қатарына кіру мәселесі жаһандану, бәсекеге қабілетті болу ұғымдарымен тығыз байланысты. Еліміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін бізде жақсы-жақсы бағдарламалар жасалып, осы ниеттің жүзеге асуына берік негіз қаланып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаларда экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.Экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, металлургия өнеркәсібінің және отын-энергетика кешенінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту басымдығы болып табылады.Халық шаруашылығының шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі. Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]