
- •2. Экономикалық жүйе түсінігі, мәні, элементтері
- •3. Экономикалық жүйе белгілері, типтері және факторлары.
- •5. Неоклассиктер түсінігінде экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі.
- •6.Институционализм түсінігіндегі экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі
- •7.Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері және құрылымы
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •2. Өнеркәсіп революциясы мен ғтп даму деңгейі бойынша:
- •8.Экономикалық жүйелерді салыстырудың техникалық-экономикалық параметрлерінің құрылымы.
- •9.Ресурстарды орналастыру тәсілі бойынша салыстыру параметрлері
- •10. Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері
- •11. Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлері
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Әртүлі экономикалық мектептердің меншік қатынастарын түсіндірудегі ерекшеліктер
- •13.Экономикалық жүйелерді зерттеудегі формациялық көзқарас.
- •Формациялық модельдің негізгі параметрлері
- •19.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелерді теориялық модельдеудің ерекшеліктері.
- •20.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.
- •21.Индустриалдыға дейінгі экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •22.Индустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •23.Постиндустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері
- •24.Нарықтық жүйенің либералды моделі: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •26.Әлеуметтік-демократиялық модель: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •27.Аралас нарықтық экономика және конвергенция теориясы
- •28.Нарықтық экономиканың либералды моделі. Ақш тәжірибесі.
- •29.Әлеуметтік нарықтық шаруашылық. Германия тәжірибесі
- •30.Жапондық экономикалық жүйе моделі
- •31.Қытайлық экономикалық жүйе моделі
- •32.Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің жалпы белгілері
- •33. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің негізгі модельдері
- •34. Дамушы елдердің әлемдік шаруашылықтағы орны. “Ілеспелі” даму перспективасы
- •35. “Үшінші әлем” елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері.
- •36. Жаңа индустриялды елдердің негізгі даму ерекшеліктері.
- •37.Жаңа индустриялды елдердің экономикалық құрылымының ерекшеліктері
- •38.Шаруашылықтың социалистік жүйесі: тарихи негіздері және нәтижелері
- •39.Социализмнің әлеуметтік-экономикалық табиғаты.
- •40.Социализм экономикасының мазмұны және қарама-қайшылықтары.
- •41.Трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің жалпы белгілері
- •42.Посткеңестік елдер экономикасының траснформациялану кезеңдер бойынша ерекшеліктері
- •43.Қр инвестициялық саясатының кезеңдік ерекшеліктері, перспективасы
- •44.Қаржы капталының экспорт-импорт ағымдарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •45.Қр агроөнеркәсіптік дамуын салыстырмалы талдау
- •47. Қр өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және сатылары
- •48. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу: масштабтары, динамикасы, әдістері, тиімділігі
- •49. Қр экономикалық даму мақсатында қабылданған негізгі экономикалық бағдарламалар.
- •50. Нарықтық экономикалық жүйеге трансформацияланудың кезеңдері
- •51. Қр әлеуметтік-экономикалық саясат: қазіргі жағдайы, нәтижелері және перспективалары.
- •53.Қытайдағы экономикалық өзгерістердің әлеуметтік бағдарлануы
- •55.Қытай қоғамының нарықтық реформалар барысындағы әлеуметтік құрылымы.
- •56.Жаһандану экономикалық жүйелерді салыстырудың жаңа мазмұны ретінде.
- •57.Экономикалық жаһандану және ұлттық мемлекеттік реттеу үрдістеріндегі өзара байланыс және қарама-қайшылықтарының негізгі механизмдері.
- •58. Тұк жаһандану жағдайындағы және ұлттық экономикадағы ролі.
- •59. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты салыстырмалы талдау
- •60. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» салыстырмалы талдау
50. Нарықтық экономикалық жүйеге трансформацияланудың кезеңдері
Экономика ғылымында экономикалық жүйелердің қалыптасуы және даму процесіндегі басты экономикалық заңдардың ерекшелік сипатына тән өзгеру тенденциясының маңызын, оның формалары, алғышарттарын, ерекшеліктерін келесіден көрсек болады;
Трансформация ұғымы осы өзгерістерге тән экономикалық жүйенің өзгеру процесін айтады.
Ғылымда классикалық нарықтық экономика А.Смиттен бастап 1ғасыр бойы қызмет етті. Бізге белгілі бір шарт- экономикалық либерализм, негізгі басты белгісі ретінде еркіндік; жеке меншік; кәсіпкерлік және мемлекеттің рөлінің минималды болу қажеттілігін көрсетеді. Яғни, бұл жүйелік негізде А.Смиттің «экономикалық адам» және оның «көрінбейтін қол» нарықтағы дербес индивидтердің экономикалық қатынастары (S,D- ұсыныс және сұраныс). Бұл жүйенің өзгеруіне ықпал еткен маржиналдық революция немесе неоклассикалық бағыт болды. Неоклассикалық бағыттағы нарықтық экономика іліміндегі өзгеріс, яғни зерттеу обьектілері субьектілік, адам мінез-құлқы, жеке меншіктің болуы, кәсіпкерлікті қолдау, және неоклассикалық либериализммен байланысты.
Нарықтық экономикадағы трансформацияның тағы бір көрінісі кейнстік революция теориясымен байланысты болады, яғни нарықтағы мемлекеттік реттеу (басқару емес) қажеттіліктерімен қалыптасқан жүйе. Соғыстан кейінгі жылдары бұл модельдің де беделі түсе бастады.
80 жылдардан бастап экономика ғылымында қазіргі неоклассикалық ілім жетістіктері мен экономикалық жүйенің ұстанымдары қалыптаса бастады.
К
лассикалық
нарықтық экономика
Л ибералды нарықтық экономика
Неоклассикалық нарықтық экономика
51. Қр әлеуметтік-экономикалық саясат: қазіргі жағдайы, нәтижелері және перспективалары.
ҚР Статистика агенттігінің алын ала бағалауы бойынша ЖІӨ 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсті.
Қысқа мерзімді экон-қ индикатор 2012 ж. қаңтар-желтоқсанда 2011 ж. қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,1% құрады.
Экономиканың нақты секторы.2012ж.қаңтар желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 16618,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 ж қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,5%-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 100,2% құрады (10232,6 млрд. теңге). Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде өсу 0,7% болды (5261,9 млрд. теңге).Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 3,3%-ға өсті, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 5,9%-ға төмендеді. Табиғи газ өндіру көлемінің өсу қарқыны 103,1%-ды құрады, көмір мен лигнит 101,7%-ды, металл кені – 104,3%-ды. Шикі мұнай өндіру 1,4%-ға төмендеді. Металлургия өнеркәсібінде өнім өндірісі 1,5%-ға қысқарды (қара металлургия 12%-ға төмендеді, түсті металлургия 6,9%-ға ұлғайды), мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 0,4%-ға, химия өнеркәсібі – 5,9%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 8,3%-ға, тамақ өнімдері өндірісі – 2,9%-ға өсті. Сондай-ақ фармацевтикалық өнімдер өндірісі – 5,6%-ға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2012 ж қаңтар-желтоқсанда 1938,8 млрд. теңгені құрап 2011 ж қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 17,8%-ға төмендеді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 ж қаңтар-желтоқсанда 2261,5 млрд. теңгені құрап 2011 ж қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары.
Жүк айналымының көлемі 2012 ж қантар-желтоқсанда 475,3 млрд. ткм. құрап 2011 ж тиісті кезеңмен сал-ғанда 7%-ға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 2011 ж қаңтар-желтоқсанмен сал-ғанда 12,2%-ға артып, 211,3 млрд. жкм құрады.
Байланыс қызметі 2012 ж қаңтар-желтоқсанда 9,6%-ға өсті.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып 2012 ж қаңтар-қарашада 125,2 млрд. АҚШ долл. құрап, 2011 ж қаңтар-қарашамен сал-ғанда 10,9%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 84,9 млрд. АҚШ долл. (өсуі 6,3%-ға), импорт – 40,3 млрд. АҚШ долл.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2012 ж қаңтар-желтоқсанда 5455 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 ж қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,8%-ға көп.
Еңбек нарығы. 2012 ж желтоқсанда жұмыссыздар саны 474,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экон-қ белсенді халық санының 5,3%-ына жетті.
Халықтың табысы. Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2012 ж қаңтар-қарашада 558,9 мың теңгені құрады.Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2012 ж қаңтар-қарашада 99280 теңгені құрады, өсім атаулы мәнде 13,8%-ға, нақты мәнде 8,4%-ға өсті.
Ақша-кредит және банк статистикасы. Елдің хал-лық резервтері 2012 ж 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (57,8 млрд. долл.) 86,0 млрд. АҚШ долл. құрады.
Мемлекеттік борыш 2012 ж 1 қазандағы ахуал б-ша 3651,6 млрд. теңгені құрады, 2011 ж тиісті кзеңде ол 3270,7 млрд. теңгені құраған (11,6%-ға төмендеді).
Жалпы сыртқы борыш. 2012 ж 30 қыркүйекте жалпы сыртқы борыш 134,9 млрд. АҚШ долл. құрады.
Қаржылар. Қаржы мин-гінің жедел деректері б-ша мем-тік бюджеттің кірістері 2012 ж 1 желтоқсанда 5406,0 млрд. теңгені құрады, шығындары – 5431,5 млрд. теңге. 2011ж-ң тиісті кезеңімен сал-ғанда мем-тік бюджеттің кірістері 2,9%-ға, шығындары 1,6%-ға өсті. Мем-тік бюджеттің дефициті 533,1 млрд, теңгені құрады. 2012 ж инфляция. ҚР Статис агенттігінің ресми деректері б-ша 2012 ж инфляция жылдық көрсетуде 6,0% болды.
52.Экон-лық жүйенің қытайлық моделі және оның тарихи негіздері
Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.
Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.
Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады — мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс — тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.
Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару — пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.
Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.
Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% — үжымдық кәсіпорындарда және 5% — жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.