- •2. Экономикалық жүйе түсінігі, мәні, элементтері
- •3. Экономикалық жүйе белгілері, типтері және факторлары.
- •5. Неоклассиктер түсінігінде экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі.
- •6.Институционализм түсінігіндегі экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі
- •7.Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері және құрылымы
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •2. Өнеркәсіп революциясы мен ғтп даму деңгейі бойынша:
- •8.Экономикалық жүйелерді салыстырудың техникалық-экономикалық параметрлерінің құрылымы.
- •9.Ресурстарды орналастыру тәсілі бойынша салыстыру параметрлері
- •10. Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері
- •11. Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлері
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Әртүлі экономикалық мектептердің меншік қатынастарын түсіндірудегі ерекшеліктер
- •13.Экономикалық жүйелерді зерттеудегі формациялық көзқарас.
- •Формациялық модельдің негізгі параметрлері
- •19.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелерді теориялық модельдеудің ерекшеліктері.
- •20.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.
- •21.Индустриалдыға дейінгі экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •22.Индустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •23.Постиндустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері
- •24.Нарықтық жүйенің либералды моделі: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •26.Әлеуметтік-демократиялық модель: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •27.Аралас нарықтық экономика және конвергенция теориясы
- •28.Нарықтық экономиканың либералды моделі. Ақш тәжірибесі.
- •29.Әлеуметтік нарықтық шаруашылық. Германия тәжірибесі
- •30.Жапондық экономикалық жүйе моделі
- •31.Қытайлық экономикалық жүйе моделі
- •32.Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің жалпы белгілері
- •33. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің негізгі модельдері
- •34. Дамушы елдердің әлемдік шаруашылықтағы орны. “Ілеспелі” даму перспективасы
- •35. “Үшінші әлем” елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері.
- •36. Жаңа индустриялды елдердің негізгі даму ерекшеліктері.
- •37.Жаңа индустриялды елдердің экономикалық құрылымының ерекшеліктері
- •38.Шаруашылықтың социалистік жүйесі: тарихи негіздері және нәтижелері
- •39.Социализмнің әлеуметтік-экономикалық табиғаты.
- •40.Социализм экономикасының мазмұны және қарама-қайшылықтары.
- •41.Трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің жалпы белгілері
- •42.Посткеңестік елдер экономикасының траснформациялану кезеңдер бойынша ерекшеліктері
- •43.Қр инвестициялық саясатының кезеңдік ерекшеліктері, перспективасы
- •44.Қаржы капталының экспорт-импорт ағымдарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •45.Қр агроөнеркәсіптік дамуын салыстырмалы талдау
- •47. Қр өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және сатылары
- •48. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу: масштабтары, динамикасы, әдістері, тиімділігі
- •49. Қр экономикалық даму мақсатында қабылданған негізгі экономикалық бағдарламалар.
- •50. Нарықтық экономикалық жүйеге трансформацияланудың кезеңдері
- •51. Қр әлеуметтік-экономикалық саясат: қазіргі жағдайы, нәтижелері және перспективалары.
- •53.Қытайдағы экономикалық өзгерістердің әлеуметтік бағдарлануы
- •55.Қытай қоғамының нарықтық реформалар барысындағы әлеуметтік құрылымы.
- •56.Жаһандану экономикалық жүйелерді салыстырудың жаңа мазмұны ретінде.
- •57.Экономикалық жаһандану және ұлттық мемлекеттік реттеу үрдістеріндегі өзара байланыс және қарама-қайшылықтарының негізгі механизмдері.
- •58. Тұк жаһандану жағдайындағы және ұлттық экономикадағы ролі.
- •59. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты салыстырмалы талдау
- •60. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» салыстырмалы талдау
47. Қр өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және сатылары
Өтпелі экономиканың негізгі ерекшеліктеріне тоқтала кетсек:
Егер қалыптасқан экономика меншік экономика мен институционалдық негізде құрылса, онда өтпелі экономика жаңа экономикалық жүйенің негізін қалыптастыруға тиіс.
Өтпелі экономика көп қатынастық болады.
Өтпелі экономика тұрақты дамымайды. Өйткені, экономикада жаңа институттар, нормалар мен ережелер болмағанда ескі қатынастар өзгеріп, жаңа қатынастар пайда болған жағдайда жаңа экономикалық субьектілер қатысатын ұдайы өзгерістер орын алады, ескі және жаңа экономикалық мүдделер бетпе-бет келеді.
Өтпелі экономикадағы қайта құрудың біршама ұзақ уақыт жалғасатыны.
Өтпелі кезең – КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезең тәуелсіз әрқайсысында түрліше болды.
Қазақстан Өтпелі кезеңді 1989 – 1996 жылдары өтті.
Ресей 1990 – 1999 жылдары бастан кешірді.
Ал олардың ең құлдыраған кезі тиісінше 1994 және 1992 ж экономикалық реформа социалистік лагерьге кірген мемлекеттерден: Польшада 1990 жылы жасалды. Венгрияда, Чехия мен Словенияда 1991 – 1992 ж жасалды.
Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.
Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс (1997) та әсерін тигізді.
Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.
1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.
1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.
Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.
