
- •2. Экономикалық жүйе түсінігі, мәні, элементтері
- •3. Экономикалық жүйе белгілері, типтері және факторлары.
- •5. Неоклассиктер түсінігінде экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі.
- •6.Институционализм түсінігіндегі экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі
- •7.Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері және құрылымы
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •2. Өнеркәсіп революциясы мен ғтп даму деңгейі бойынша:
- •8.Экономикалық жүйелерді салыстырудың техникалық-экономикалық параметрлерінің құрылымы.
- •9.Ресурстарды орналастыру тәсілі бойынша салыстыру параметрлері
- •10. Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері
- •11. Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлері
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Әртүлі экономикалық мектептердің меншік қатынастарын түсіндірудегі ерекшеліктер
- •13.Экономикалық жүйелерді зерттеудегі формациялық көзқарас.
- •Формациялық модельдің негізгі параметрлері
- •19.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелерді теориялық модельдеудің ерекшеліктері.
- •20.Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.
- •21.Индустриалдыға дейінгі экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •22.Индустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.
- •23.Постиндустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері
- •24.Нарықтық жүйенің либералды моделі: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •26.Әлеуметтік-демократиялық модель: сипаттамасы және ерекшеліктері
- •27.Аралас нарықтық экономика және конвергенция теориясы
- •28.Нарықтық экономиканың либералды моделі. Ақш тәжірибесі.
- •29.Әлеуметтік нарықтық шаруашылық. Германия тәжірибесі
- •30.Жапондық экономикалық жүйе моделі
- •31.Қытайлық экономикалық жүйе моделі
- •32.Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің жалпы белгілері
- •33. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің негізгі модельдері
- •34. Дамушы елдердің әлемдік шаруашылықтағы орны. “Ілеспелі” даму перспективасы
- •35. “Үшінші әлем” елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері.
- •36. Жаңа индустриялды елдердің негізгі даму ерекшеліктері.
- •37.Жаңа индустриялды елдердің экономикалық құрылымының ерекшеліктері
- •38.Шаруашылықтың социалистік жүйесі: тарихи негіздері және нәтижелері
- •39.Социализмнің әлеуметтік-экономикалық табиғаты.
- •40.Социализм экономикасының мазмұны және қарама-қайшылықтары.
- •41.Трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің жалпы белгілері
- •42.Посткеңестік елдер экономикасының траснформациялану кезеңдер бойынша ерекшеліктері
- •43.Қр инвестициялық саясатының кезеңдік ерекшеліктері, перспективасы
- •44.Қаржы капталының экспорт-импорт ағымдарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
- •45.Қр агроөнеркәсіптік дамуын салыстырмалы талдау
- •47. Қр өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және сатылары
- •48. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу: масштабтары, динамикасы, әдістері, тиімділігі
- •49. Қр экономикалық даму мақсатында қабылданған негізгі экономикалық бағдарламалар.
- •50. Нарықтық экономикалық жүйеге трансформацияланудың кезеңдері
- •51. Қр әлеуметтік-экономикалық саясат: қазіргі жағдайы, нәтижелері және перспективалары.
- •53.Қытайдағы экономикалық өзгерістердің әлеуметтік бағдарлануы
- •55.Қытай қоғамының нарықтық реформалар барысындағы әлеуметтік құрылымы.
- •56.Жаһандану экономикалық жүйелерді салыстырудың жаңа мазмұны ретінде.
- •57.Экономикалық жаһандану және ұлттық мемлекеттік реттеу үрдістеріндегі өзара байланыс және қарама-қайшылықтарының негізгі механизмдері.
- •58. Тұк жаһандану жағдайындағы және ұлттық экономикадағы ролі.
- •59. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты салыстырмалы талдау
- •60. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» салыстырмалы талдау
44.Қаржы капталының экспорт-импорт ағымдарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Сыртқы экономикалық қатынас дамуының негізін қалаушы факторын, қазіргі нарықтық жағдайда тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылықтағы орнын анықтайтын, экспортты-импортты операциялар құрайды. Соның ішінде азық-түлік тауарларын экспорттау-импорттау мәселелері бойынша халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының шетелдік серіктестерімен өзара қатынасы маңызды рөл атқарады, әрине, ол кез келген дамушы мемлекеттің перспективті стратегиялық жоспарлауда экономикалық зерттеуді жүргізу үшін өзекті компонент болып табылады.Азық-түлік, оны өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну әлемдік шаруашылық жүйесінің жұмыс істеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және приоритетті әлемдік саясатта ерекше орынға ие. Ал жалпы экспорт - импорт көрсеткіштеріне келетін болсақ, ол келесідей көрініс табады: Жалпы әлемдік сұраныстың қысқаруы, қазақстандық экспорттың басты тауарлық құрамдас бөліктеріне әлемдік бағаның төмен деңгейі, және осының салдары ретінде Қазақстан экономикасы өсуінің төмендеуі экспорт пен импорт көлемінің төмендеуіне ықпал ететін болады.
Болжам бойынша 2009 жылы экспорт көлемі 45,1 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл 2008 жылға қарағанда 26,8 млрд. АҚШ долларына төмендеген. Импорт 3,8 млрд. АҚШ долларына төмендеп, 34,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Импорттың төмендеуінен асатын экспорт көлемінің төмендеуі, 2009 жылы 5,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын төлем теңгерімінің ағымдағы шотының тапшылығының құрылуына ықпал етеді. Жалпы экономиканы, соның ішінде экспорт пен импортты мемлекет тарапынан қадағалап реттеу дұрыс. Бұл сала экономиканың негізін құрайды, басқа елдермен байланыс жасау арқылы еліміздің экономикасы тұрақтанады. Қаржылық жағдайы жақсарады, сондықтан да импорт пен экспортты мемлекет бақылап реттеуі тиіс.
45.Қр агроөнеркәсіптік дамуын салыстырмалы талдау
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) Қазақстанда басқа халық шаруашылығы салаларымен салыстырғанда өте күрделі шаруашылық құрамы болып саналады. Оның өсіп өркейуіне мемлекет тарапынан ұдайы көңіл аударылып, жыл сайын қаржының 1/3 бөлігі бөлініп материалдық ресурстар бөлініп отырады. Агроөнеркәсіп кешенінде қазірдің өзінде республика халық шаруашылығының 40 % астам негізі қоры, өндіріс өндірісінде қызмет атқаратын адамның 38% шоғырланған. Оның үлесіне біздің 1/3 ҰТ-дың мемлекеттік бюджеттің 30% астам кірісі жатады. Барлық азық-түлік өнеркәсібі, сол сияқты жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары осы өнеркәсіп кешенінің шикізаттарымен жұмыс істейді. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығынан басқа техника, құрал-сайман, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін өнеркәсіптер араласады. Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау және оларды уақытында іске асыруды ұйымдастыратын шаруашылық аралас салаларының құрамын агроөнеркәсіп кешені деп аталады. Қазіргі уақытта ауыл-шаруашылығының өнімін өндіруге және оны халық қажетіне жаратуға ҚР-ның және басқа ТМД елдермен ондаған салааралық кешеңдердің құрамына кіретін 100-ден астам халық шаруашылығының салалары қатысады. Агроөнеркәсіпті кешенін ұйымдастыру және оның нарықтық құрылымының дамуы салааралық экономикалық пән болып табылады. Қазіргі уақытта республикада астық сақтау мүмкіндігінің жалпы көлемі 22,8 млн. тонна.Үстіміздегі жылы жалпы сиымдылығы 37,6 мың тонна 2 астық сақтау қоймасы іске қосылды. Бұған қоса,жалпы сақтау сиымдылығы 195 мың тонна 8 астық қоймасын, үстіміздегі жылдың соңына дейін 115 мың тоннаға 6 астық сақтау қоймасын іске қосу жоспарлануда. Осылайша, жаңа қолданысқа берілген астық қоймаларын есепке алғанда республика бойынша астық сақтаудың жиынтық күші 23,1 млн. тоннаны құрайды. Бұған қоса, астық сақтау үшін «ҚазАгро» 1,5 млн. тонна астық қоймаларының құрылысы мен жаңғыртылуын жоспарлап отыр. Соның ішінде «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы ірі және орташа АШТӨ қаржыландыру жолымен сиымдылығы 800 мың тоннаға дейінгі астық қоймаларын салу мен жаңғырту жоспарлануда. Сонымен қатар, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру жолымен жалпы сиымдылығы 700 мың тонна астық қоймаларының жаңасын салу, қолданыстағылардың сиымдылығын кеңейту және барларын сатып алу жоспарлануда.
46.Қазақстандағы өтпелі экономикалық кезең және оның белгілер
Нарықтық экономиканың зерттеу объектілерінің өзгерісіне байланысты бір жүйеден екінші жүйеге өту немесе революциялық өзгерістердің болуы нарықтық модельді барынша толықтыра түсті.
Экономикалық әлеуметтік бағыттағы өзгерістері түрлі бағыттағы мектептердің концептуалдың негізінде қалыптасты. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару, реттеу деңгейіне байланысты түрлі экономикалық жүйелер қалыптасты: атап айтқанда басты формасы ретінде капиталистік нарықтық экономика және социалистік жүйедегі экономика, сонымен қатар, үшінші ерекше жүйесі өптелі экономикалық жүйе. Алдымен нарықтық экономика жүйе және олардың формаларын социалистік жүйедегі түрлі модельдерін қарастырады. Ал, өтпелі экономиканың нақты көрінісін оның келесідей белгілері арқылы көре аламыз:
Өтпелі экономиканың негізгі белгілері мен оның қалыптасқан экономикалық жүйеден біршама айырмашылықтары байқалады:
Егер қалыптасқан экономика меншік экономика мен институционалдық негізде құрылса, онда өтпелі экономика жаңа экономикалық жүйенің негізін қалыптастыруға тиіс.
Өтпелі экономика көп қатынастық болады.
Өтпелі экономика тұрақты дамымайды. Өйткені, экономикада жаңа институттар, нормалар мен ережелер болмағанда ескі қатынастар өзгеріп, жаңа қатынастар пайда болған жағдайда жаңа экономикалық субьектілер қатысатын ұдайы өзгерістер орын алады, ескі және жаңа экономикалық мүдделер бетпе-бет келеді.
Өтпелі экономикадағы қайта құрудың біршама ұзақ уақыт жалғасатыны.
Өтпелі кезең экономикасы –экономикалық өзгеру үдерісінде тұрған, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасы. Өтпелі кезең экономикасының біршама тұрақты күйдегі және өзіне тән индикаттары, өзіндік негізде дамушы экономикадан өзгешелейтін бірқатар арнаулы сипаттамалары бар.Өтпелі кезең экономикасының толғағы жеткен кезеңде ескі индикаттарды және байланыстар мен қатынастарды ығыстыратын жаңа индикаттар, байланыстар мен қатынастар пайда болады. Нәтижесінде жаңа макроэкономикалық және микроэкономиялық заңдылықтар мен үрдістер, әлеуметтік және саяси өзгерістер қалыптасып, экономикалық саясаттың жаңа міндеттері туындайды.
Негізі, Өтпелі кезең экономикасы ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында пайда болды, алайда ол әуелі маркстік әдебиетте көрініс тауып, онда экономикалық құрылыстан екінші құрылысқа ауысу мүмкіндігі және оның болмай қоймайтындығы туралы мәселе алғаш рет қозғалды. Кеңестік кезеңде шыққан еңбектердің көбінде тоталитарлық қоғамға тән тұрпайылықтың, қасаң қағидалықтың табы табиғи түрде байқалды. 20 ғасырдың аяғында экономикалық және саяси өмірдің тоталдық мемлекеттенген жүйеден нарықтық демократия негіздеріне өту мәселелері пайда болды. Социологиялық жүйе1989 – 91 жылдары күйреді. Алайда алдағы уақытта кеңестік жүйенің күйрейтін мәселесі талқылана қойған жоқ. Қазіргі түрдегі транзитологияның қалыптасуында елдің өз ішіндегі бірқатар әдебиетте 60 – 70-жылдар бойына нарықтық қатынастардың қолданылуы аясын кеңейту жолымен шаруашылық жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерінің (“Нарықтық социализм”, “Шаруашылық тетікті жетілдіру теориясы”) қозғала бастауы белгілі дәрежеде дайындық рөлін атқарды. Коммунизмнің күйреуіне байланысты көкейтесті мәселелерге айналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ырықтандыру және макроэкономикалық тұрақтандыру мәселелері. Жүйенің дағдарысы көп елдерде қаржы-бюджет дағдарысымен тұспа-тұс келді және нарықтық баға белгіленіміне көшу міндеттері шын мәнінде инфляцияны тоқтату мәселесінің екінші жағы болып шықты. Екіншіден, индикаттық мәселелер, яғни “жалпы халықтық” монополизмнің қираған күресінде жеке меншік қатынастардың дамыған жүйесін қалыптастыру керек болады. Үшіншіден, экономикалық өрлеу мүмкіндігі мен келешегі дербес мәселе күйінде қалды. Транзитология мәселелерінің осы аталмыш топтары бойынша кейінгі жылдары теориялық талдау және экономикалық-математика үлгі жасау аясында да, тәжірибелік байқаулар жүргізу және практикалық тәжірибені қорытындылау аясында да елеулі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жетістіктер Өтпелі кезең экономикасы жөніндегі ұсыныстарды үкіметтер мен халық баламалы түрде қабылдаған елдерде көбінесе экономикалық саясаттың және бұрынғы коммунистік трансформацияның қалыптасуына септігін тигізді.