Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

42.Посткеңестік елдер экономикасының траснформациялану кезеңдер бойынша ерекшеліктері

Посткеңестік кеңістіктегі елдер экономикасының даму мәселелерін зерттеу негізінде кешенді және біртұтас тұжырымдар нақтыланады. Посткеңестік елдерге ТМД елдері жатады. Посткеңестік кеңістікте ұлттық валюта бағамы белгілі бір деңгейде ресей рубльнің жағдайына тәуелді. Евроның енуіне орай АҚШ долларына, евроға және ресей рубліне қатысы бойынша ТМД елдерінің ұлттық валюта жағдайы бірдей емес. 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылдың соңында беларусь рублінің 1 АҚШ долларына қатысы бойынша 12,3 %-ға, евроға қатысында - 38,6 %, ресей рубліне қатысты - 21,2 % өсті.

ТМД – бүгінгі таңдағы ірі аймақтық бірлестіктердің ішіндегі әлемдік шаруашылық процесіне енуде өзіндік жолы мен даму ерекшеліктері бар бірлестік болып табылады. Посткеңестік елдердегі экономикалық интеграцияның тиімділігіне назар аударсақ. Қазіргі кезде экономикалық интеграцияның нәтижелілігін анықтау үшін бірнеше тәсілдемелер қолданылады: Дж.Вайнердың «ағымды туындатушы» және «ағымды ауытқытушы» және т.б тәсілдердің шектеулі сипаты бар екендігі көрсетіліп, жаһандану жағдайындағы халықаралық экономикалық интеграцияның ерекшеліктерін ескере отырып, олардың көмегімен интеграцияның дамуының сандық және сапалық параметрлерін анықтауға болады.

Посткеңестік кеңістіктің жаңа мыңжылдыққа қадам басуы жағдайында дамудың жағымды көрсеткіштері көрініс таба бастады. Экономикалық дамудың тиімділігінің негізгі индикаторы ІЖӨ-нің өсу қарқыны көрсеткендей, ТМД елдеріндегі нарықтық реформа, экономикалық өсудің айтарлықтай жоғары қарқынын қамтамасыз етуде. 2003 жылы ТМД көлемінде алдыңғы жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің орташа көрсеткіші 7,2%-ға өсті. Интеграциялық біріктіруді ұйымдастыру мәселесінде және ынтымақтасып шаруашылық жүргізудің бірыңғай (біртұтас) тетіктерін нақты іс жүзіне асыруда бірқатар жағымсыз жағдайлар кездескенмен, ТМД құрылғалы 14 жылдың ішінде елдер экономикасының тұрақты өсуінің жағымды тенденциясы да байқалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінде барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсудің жағымды тенденциясы сақталып отыр. ІЖӨ - нің өсуі негізінен өнеркәсіптің дамуы есебінен орын алды. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Украина да ІЖӨ 2003 жылдағы кезеңмен салыстырып қарағанда 13,4%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі - 14,4% болды, ал Белерусияда - 10,8% және 15,7%, Тәжікстанда - 13,6% және 16%, Қазақстанда - 2,1% және 10,3%. ТМД елдерінде экономикалық өсімнің әртүрлі типтері қалыптасқан. Негізгі қозғаушы күші табиғи ресурстарды экспорттау болып табылатын біреулерінде өсудің мүмкіндігі шетелдерде белгіленетін бағаның тұрақтылығына байланысты болса, кейбір елдердің өсу мүмкіндіктері ішкі нарықта қалыптасқан ахуалдарына тәуелді. Соңғысы өндіріс процесінде экономиканың құрылымын өзгертуді және дамытуды тежейтін кеңестік кезеңнен қалған ескі кәсіпорындарды жиі пайдаланады.

43.Қр инвестициялық саясатының кезеңдік ерекшеліктері, перспективасы

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Елде инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары. В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен. Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр: біріншіден: ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы. Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ. Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген. Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; Бүгінде, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің шет елдік инвестициялар үшін ең тартымды 20 елдің қатарына кіреді. Тікелей шет елдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2008 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүние жүзілік «Doing Business» Банкіның рейтингі бойынша Қазақстан 2009 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді. Алдағы жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тiкелей шетелдiк инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттiк инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн ұтымды ету және арттыру саясаты мен iшкi жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады. Елдiң инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жалғасатын болады. Басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет iске асыратын одан арғы шаралар мыналарға: миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген жүйесiн енгiзуге; қызмет түрлерiн лицензиялаудың транспаренттiк жүйесiн құруға; қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жылдамдатуға;Ұлттық инновациялық жүйенiң экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесiн дамыту жөнiнде жұмыстың жалғасуына;инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегi инвестициялық сауда өкiлеттiктерiнiң желiсiмен бiрге экспорттың жылжуы жөнiндегi мамандандырылған құрылымын құру; Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерi және шетелдiк, оның iшiнде трансұлттық компанияларды iздеу жөнiнде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]