Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

40.Социализм экономикасының мазмұны және қарама-қайшылықтары.

Социалистік экономика, әкімшілік-әміршілдік экономика, қоғам өмірінің барлық салаларын директивалық жолмен басқаруға негізделген. Социалистік экономиканың басты белгісі – іс жүзінде барлық экономика ресурстарға (жер, жер қойнауы, кәсіпорындар, қаржы, т.б.) мемлекеттік меншіктің үстемдік құруы. Тиісінше халық шаруашылық бірыңғай “фабрика” болып табылады, ал не өндіру керек екенін, қалай өндіру керек екенін және кім үшін өндіру керек екенін орталық жоспарлау органдары шешеді, яғни нарықтық жүйедегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сұранысы емес, ұсыныс айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай жағдай монополия мен бюрократияны туғызып, дамуға деген ынта-жігерді тежейді. Алайда социалистік экономикада оң сәттер де баршылық, олар: әлеум. саланы дамыту, білім алуға, мед. қызметке қол жеткізу мүмкіндігі, т.б.

Жалпы Кеңес одағында 20 ғасырдың 30-жылдары қалыптасқан социалистік экономика нәтижесінде шаруашылық құрылымында ұжымшарлар (ұжымдық шаруашылықтар), мемлекеттік сипаттағы кеңшарлар (кеңестік шаруашылықтар), мемлекеттік меншік болып табылатын МТС (машина-трактор ст-лары) басымдық алды. Кеңшарлар өздерінің өнімдерін мемл. дайындау қорына өткізгені үшін табыс алды. Дайындау жоспарын орындаған кезде олар жоспардан тыс өнімді ұжымшар базарында сұраным мен ұсынымға қарай қалыптасқан бағамен сатуға қүқылы болды. МТС-терге жерді жоспардан тыс өңдеген жағдайда заттай қосымша ақы алу және өнімді базарда еркін бағамен сату құқығы берілді.

Социализм дамуы, социалистік өндіріс тәсілі туралы қажеттіліктен сұрақ туындаған кезде, барлық істі меншіктің екі түріне, яғни топтық-ұжымдық шаруашылық меншік түрінен жалпы халықтың меншік түрі деңгейіне дейін өсуі жолдарының мәселелеріне тірелді. Өндірістік қатынастардың кооперация, арендалық қатынас, бригадалық мердігерлік және т.б. осындай қоғамдық және жеке мүдделерді тиімді ұштастыратын, еңбек өнімділігін тез көтеруге қабілетті, өндірістің соңғы нәтижелеріне жұмыс істеушінің қызығушылығын, белсенділігін арттыратын түрлеріне өте жеткіліксіз көңіл аударылды. Қазіргі уақытта жаңа өндірістік қатынастар түрлерінің рөлі, шаруашылық жүргізудің түрлері айрықша өсті. Олар қоғамның қазіргі заманғы өндіргіш күштері игерген түрлері мәнінде алға шығады. Елімізде соңғы жылдары осы мәселелер шешіміне жаңаша келу жете зерттелді. Бәрінен бұрын меншік түсінігінің өзі терең түсініледі, демек ол, бүтіндей және дамушы түсінік ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, социалистік меншік абстрактілі ортақ емес, нақты - жалпыға ортақ ретінде қарастырылады. Оның мазмұны мен мәні адам, адам қызметі және социалистік меншіктің ақиқат иелену өлшемі кең мәтінінде ашылады. Социалистік меншік ұғымы қоғамдық адам дамуымен, адамның социалистік меншікке қатынасының өзгеруімен байланысты дамиды және тереңдейді. Қоғамдық өмірде социалистік меншіктің бір түсінігі адамдардың әлі қоғамдықтың жеке ретіндегі түсінігіне дейін көтерілмегендігі туралы сөз болады, демек, олар қоғамдық меншікке ешкімдікі емес ретінде қатынаста болады. Негізінде іс басқаша болады. Қашан елдегі еңбекшілер социалистік меншікке өзінің шын мәніндегі бақуатты тұрмысы тікелей тәуелді болатын, өзінікі ретінде қарайтын болса, іс негізінде басқаша болар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]