Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

5. Неоклассиктер түсінігінде экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі.

Неоклассикалық парадигмада экономикалық жүйенің сипаттамасы микро және макроэкономикалық концепция арқылы ашылады. Неоклассиктердің мәні шектеулі ресурстар ортасында шексіз қажеттіліктер жағдайында өзінің пайдасын максимизациялауға тырысатын, адамдардың мінез құлқын зерттеу болып табылады. Негізгі элементтері болып фирма, үй шаруашылық, мемлекет табылады.Неоклассиканың модельдері экономиканың бір репрезентативті субъектінің мінез-құлқын қарастырады: бір тұтынушының, бір өндірушінің, бір сатушының және бір сатып алушының. Мұндай тәсіл барлық индивидтерді унифицирлендіріп, оларды репрезентативті субъектінің бойында бар бірдей қасиетерге ие етеді. Осының нәтижесінде экономикалық жүйе көптеген микроэлементтерден ажыраған, ерекше сипаттамаларға ие және олармен әрекеттесетін қарапайым жүйе ретінде көрсетіледі. Осылайша анализден экономикалық жүйеге тән күрделілік факторы алынып тасталынады.Бөлінбеушілік (неделимости) позициясынан қарастырғанда экономикалық жүйе көптеген үлкен микросубъекттерден тұрады, олардың әрқайсысы өзіндік ерекше сипаттарға ие. Мұндай жағдайда экономиканың макро деңгейі өзімен микроэлементтердің өзара әректтесуін көрсететін кез келген ұйымдық құрылым ретінде анықталады.Экономикалық субъекттер жетілген бәсеке жағдайында, яғни фирманың тиімді функция етуі жалпы экономиканың тиімді функция етуімен тепе тең болатынжағдайда қызмет етеді деген жорамал болған. Бұл тәсіл ұлттық шаруашылықта ресурстардың рационалды бөлінуін пайымдады және экономикалық жүйедегі тепе теңдіктің ұзақ мерзімге бұзылуына жол бермейтін.

6.Институционализм түсінігіндегі экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі

Институционализм – қазіргі батыстың экономикалық ойлардың көрнекті ағындарының бірі. Оның ерекшеліктері:

- институционалистер экономика пәнін кең түрде қарастырады. Олар шаруашылық қызметке әсер ететін факторлар мен жағдайлардың барлық түрлерін есепке алуды қажет етеді.

- «экономикалық» адам деген қатынастан туатын экономикалық қатынастарды талдаудан бас тарту қажет.

Институционализмнің басты ерекшелігі (мағына) институттарды безендіру мәселелеріне беріледі. Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік–экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады.Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4. Кім үшін өндіру керек?

5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

2.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

2.2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

2.3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]