Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

34. Дамушы елдердің әлемдік шаруашылықтағы орны. “Ілеспелі” даму перспективасы

Шын мәніндегі жағдайларда нарықтық экономиканың қалыптасуының кейбір үлгілері дамушы елдерде кең таралуды, басқалары – тек жартылай ғана қажет етті. Жекелей алғанда, нарықтық экономиканың қалыптасуының кейнсиандық үлгілері өзінің іс жүзінде қолдануын Израильде тапты, неоклассикалық үлгілер – бірқатар Азия және Латын Америкасы елдерінде, неолибералдық үлгілер – Чилиде қолданыс тапты. Бірқатар Азия, Африка және Латын Америкасы мемлекеттерінде кейнсиандық «үлкен түрткі» теориясын жүзеге асыру талпыныстары жасалды.

1. Азиялық құндылықтар және олардың қоғам дамуындағы рөлі.Олар,қажеттіліктер адамгершілікке алып келеді деп тұжырымдаған.Ал олардың діндері үлкен реформаларға ұшырамаған.Ал модернизацияның идеялары ұлтшыл реңге боянуы қажет

2.Экономикалық жоспарланудың рөлі тек қана кедейшілікпен,демографиялық жарылыспен ғана емес,ежелгі шығыс салт-дәстүрлермен және “билікке сенім артумен” асырылып айтылды.Жоспарлаудың артықшылығы-программалық мінез. Іс жүзінде ол болжамға ғана алып келеді .Ал формальды тепе-теңдікке заңи заңдар да алып келе алмайды.Бұл аймақта көбінесе шала шектеулер ғана жүзеге асады,ал ол өз кезегінде жоғары және орта тапқа,төменгі тапқа қарағанда көп пайда алып келеді.

3.Теорияны және босатылған елдердегі социализм практикасын бағалау күйі.Мюрдаль оның әр түрлілігін шетел кәсіпкерлерінің жергілікті кәсіпкерлерді ауыстыру мен байланыстырады.

4.Дамушы елдердегі бағаны бақылаудағы мәліметтер,бағалы қағазды шығару,экспортты,импортты және т.б. оперативты реттеу.Нәтижесінде ол өндірісті монополияға әкеп соғады.Оперативті реттеу ол дискреационды болып табылады,яғни жеке сектор шенеуніктердің бұйрығы арқылы реттеліп отырады,ал ол кәсіпкерлердің жағдайын қиындатады,сол себепті олар “джунглия тәрізді административті шектеулерден” өту үшін өздеріне жол салады.Бұл жағдайда “байланыстар,яғни таныстар” маңызды рөл атқарады.Осы себепті шығыс мемлекеттерінде кәсіпкерлік,ол реттеуші органдармен байланыс қою дегенмен түсіндіріледі.

5.Дамушы елдердегі жұмыссыздықты бағалау мінездемесінің шарттылығы.Пособиенің болмауынан жұмыссыздыққа тек жоғары оқу дәрежесіндегі азаматтар ғана тіркеледі.XX ғасырдың 80 жылдарында әрбір екінші сауатсыз Үндістанда өмір сүрген

35. “Үшінші әлем” елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері.

Үшінші Әлем” — әлемдегі дамушы елдердің шартты атауы. Шамамен 1945 — 1990 ж. дүние жүзі мемлекеттері капит. және соц. болып 2 лагерьге бөлінді. Осы жылдар аралығында отарлық езгіден енді ғана құтылып шыққан Оңтүстік-Шығыс АзияАфрикаЛатын Америкасы елдері шартты түрде “Үшінші Әлемге” жатқызылды.

Латын Америкасының индустриалды елдерінің әлемдік экспорттағы үлесі 1984 жылы 3,54% , ал 1990 – 2,13%-ды құрады. Бұл көрсеткіштің негізінде дамыған елдер дамушы елдер ұсынып отырған тауарлардан бас тартып, өздері уақытша өндіре алмайтын заттарды алып отыр. Дәстүрлі шикізат жабдықтаушылар тұйықтыққа ұмтылуы керек, осыған сәйкес өздерінде “мүмкіндігінше шектеулі нарық өздерінің арзан қорлары үшін” деген тұжырым қалыптастырады. Шаруашылық тұйықтанушылық өз кезегінде он жыл бұрынғыға қарағанда экономикалық өсу қарқынының тез төмендеуінің негізгі факторы болып отыр.

Латын Америкасы мен Оңтүстік-Шығыс Азияның дамушы елдерінің экспорт саясатын салыстырсақ, екі айырмашылықты байқауға болады. Біріншіден, Латын Америка елінде халықтың өмір сүру деңгейі тұрақты төмендеуде. Орта есеппен жан басына азық-түлік өнімдері дамушы елдерде, соның ішінде Латын Америкасының 94 елінде 1985 жылдан 1989 жылға дейін төмендеген, орта есеппен жан басына табыстар 40 елде қысқарды. Нәтижесінде, 30% - 80% халық күніне 1 доллардан да кем ақшаға өмір сүреді. Екіншіден, Латын Америкасында өндіріс құрылымы құрылса да, оның нарықтағы тиімсіздігін жеңу мен бәсекеге қабілеттілігін мүмкін болмай отыр.

Кейін жетекші латынамерикандық елдер таңдау жасайтындай жағдайда болды: не жаһандық экономикамен өздерінің қарым-қатынасын жою, не әр елге несие беруші клубының құрастырған стратегиялық принциптерді қатаң түрде сақтау. Мұндай реструктиризация стратегиялары 1980 жылы экономистер ашқан. Ал басқа концепциялар назарға алынбады. Олардың мақсаты Латын Америка елдерінің экономикалық интеграциясын құруға немесе оларды ең өнімді және динамикалық сегментті ашық жаһандық экономикаға жағдай жасау болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]