Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

28.Нарықтық экономиканың либералды моделі. Ақш тәжірибесі.

Нарықтық экономика рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

  • мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

  • көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

  • халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;

  • жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;

  • жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ және т.б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.

Американ моделі кәсіпкерлік белсенділікті жан – жақты қолдаудың жүйесіне, халықтың неғұрлым белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жеңілдіктер мен қосымша төлемдер есебінен өмір деңгейінің жарамды дәрежедегі әл – ахуалы реттеледі. Әлеуметтік теңдік мәселесі бұл жерде мүлдем көтерілмейді. Бұл модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен көшілікті жеке жетістіктерге қол жеткізуге бағыттауға негізделген.

29.Әлеуметтік нарықтық шаруашылық. Германия тәжірибесі

Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:

  • экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.

  • XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;

  • Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;

  • Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.

ГФР – ның әлеуметтік нарықтық шаруашылықтары. Бұл модель гитлерлік кезеңдегі концерндерді тарату және шаруашылықтың барлық түрлеріне (ірі, орта, ұсақ) тұрақты даму мүмкіндігін беру негізінде қалыптасты. Бұл ретте ерекше қолайлы жағдаймен миттельштанд деп аталатын орта және ұсақ кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар қамтылады. Мемлекет бағаға, техникалық өлшемге белсенді түрде әсер етеді.

Германияда қалыптасқан экономикалық құрылысты «әлеуметтік нарықтық шаруашылық» деп атайды. Оның негізгі қағидалары: меншік иелерінің капиталды қолдануда қатаң құқықтық жауапкершілік бар өндіріс құралдарына жеке меншік;

ерікті бәсекелестік, тұрақты валюта мен шаруашылық саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

мемлекет ішінде және Еуропалық қоғамдастық шеңберінде экономикадағы интеграциялық процестерді қолдау; нарықтың тиімсіз жақтарынан халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]