Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

26.Әлеуметтік-демократиялық модель: сипаттамасы және ерекшеліктері

Елдер өздерінің тарихымен, экономикалық даму деңгейімен, әлеуметтік және ұлттық жағдайларының бөлектегімен ерекшеленетіндіктен, шаруашылықты ұйымдастырудың өзіндік ұлттық модельдерін әр жүйеде жасақтаған. Айталық, әкімшілдік - әміршілдік жүйеде кеңестік, қытайлық және басқа да модельдер бар.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет.

  • географиялық орналасу;

  • табиғи ресурстардың бар болуы;

  • тарихи даму жағдайлары;

  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;

  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;

  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

  • әлеуметтік бағытталу,

  • мүліктік теңсіздіктің төмендегі,

  • жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.

Швед моделі ұлттық табысты халықтың неғұрлым аз қамтылған топтарына қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған мықты әлеуметтік саясатымен ерекшеленеді. Мұнда мемлекеттің меншігінде негізгі қордың 4% -ы ғана, оның есесіне 80 – ші жылдарда мемлекеттік шығындардың үлесі ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) деңгейінің 70 пайызын құрағанымен қоймай, осы шығындардың жартысынан астамы әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады. Әрине, мұндай жағдай тек салық салудың жоғарғы өлшемі орын алғанда ғана жүзеге асуы мүмкін. «Қызметтік әлеуметтендіру» деп аталатын мұндай модель өндірістік іс - әрекеттердің бәсекелік нарықтық негізде қызмет атқаратын жеке кәсіпорындарға, ал өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз ету іс - әрекеттерінің (бұған жұмыспен қамту, білім алу, әлеуметтік сақтандыру да кіреді) және инфрақұрылымның көптеген құрамдарының (көлік, ҒЗТҚЖ – ғылыми – зерттеу және тәжірибелі құрастыру жұмыстары) – мемлекетке міндеттелуі мүмкін болғанда ғана іске асады.

27.Аралас нарықтық экономика және конвергенция теориясы

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шетелдермен қатынас  болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика  белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1.1.  Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа  жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша  қатынастар қалыптасады.

1.2. Әкімшілік — әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен  өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік  меншіктің  үстемділігі жүргізіледі.

1.3.         Нарықтық экономика -  меншікке, бәсекеге негізделеді.

1.4.         Аралас экономика – мемлекет пен нарық  механизмдерінің  араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

  1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

  2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық  жүйе түрі сақталуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]