Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать

23.Постиндустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері

Экономикалық жүйе  - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады.  

Біліктілік қоғамның индустриалдық дамуының  дәрежесі бойынша біліктілігімен сәйкес келеді. Ол индустрияға дейінгі (традициялық) өркениет, индустриалдық (экономикалық) өркениет, индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі) өркениет түрлеріне ие.

Тарихи класификация жаңа жүйелермен қоса өзіне өткен және болашақ жүйелердің сипаттарын біріктіруі тиіс. Осы орайда, аса назарды индустриалдыға дейінгі, индустриалды және постиндустриалды деп бөлген постиндустриалды қоғамның өкілдері ұсынған ұсынысқа аударуға болады.

Экономикалық жүйелердің бір-бірінің шекарасын анықтайтын өндірістік және ғылыми-техникалық революция болып табылады.Осы жүйелердің әрқайсысында формациялық және өркениеттік тәсілдерді синтездеудің жолдарын анықтауға жол сілтейтін жеке бөлшектік типология болуы да мүмкін.

Енді постиндустиарлды кезеңдегі экономикалық жүйелерді сөз ететін болсақ, ғылыми-техникалық революцияның негізінде, ғылым жаңаша өнжірістік күшке айналды, жалпы қоғамдық күштер өндірістік күштердің негізгі элементіне айналды. Неолитикалық революциядан кейін пост имеденушілік, негізі ауыл шаруашылығы болып табылатын өндірістік экономика пайда болса, өндірістік революция негізінде алдымен жеңіл соңынан ауыр өндірістің даумына алып келген постаграрлы экономика пайда болды. Ал ҒТР-ның нәтижесінде Постиндустриалды экономика пайда болды. Жалпы қоғамды назар өндірістік емес сфераға ауыса бастады.

Аграрлы экономикада негізгі элемент жер болса, ал индустриалдыда ол капитал болды. Ал қазіргі жаңа жүйеде негізгі элемент ол – ақпарат, жинақталған білім мен тәжірибе болып отыр. Жаңа технологиялар талантты теміршілердің емес, жоғарғы дәрежелі ақыл ойлардың еңбек нәтижесі. Олардың еңбегі – телекоммуникация сферасындағы революция.

Бастапқыда коммуникацияның негізін газет-журналдар, кітаптар құраса, одан сон олар телфон, радио, теледидарларға ұласты, ал қазіргі таңда коммуникация негізі – компьютерлік байланыстар. Білім мен ақпарат стратегиялық ресурстарға айналуда.

Олай болса, болашақ қоғамның алғышарттары материалды құндылықтарда емес, материалдық құныдылқ пен өндірістің арғы жағынан қалыптасуда. Ғылыми-техникалық революция тәулсіз, еркін индивидтік қатынастардың алғышарты болып табылады.

Алайда жалы әлемдік қатынастар мен әмбебап мұқтаждықтардың қалыптасуы негізінде, жалпы құрылымдық өндірістік қатынастарды заттануы қалыптасуда. Еркін индивидуалды қатынастардың дамуы адам мен табиғаттың, адамзаттың өз өзін басқаруы мен оның қоғамдық күшінің гармоникалық бірігуіне, әлемдік өркениеттің интлектуалды прогресіне алып келеді.

24.Нарықтық жүйенің либералды моделі: сипаттамасы және ерекшеліктері

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шетелдермен қатынас  болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика  белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет.

  • географиялық орналасу;

  • табиғи ресурстардың бар болуы;

  • тарихи даму жағдайлары;

  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;

  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;

  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

  • меншіктің әр алуан формаларының болуы;

  • тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;

  • еркін бәсекенің дамыған жүйесі;

  • кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;

  • экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

  • мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

  • көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

  • халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;

  • жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;

  • жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

Американ моделі кәсіпкерлік белсенділікті жан – жақты қолдаудың жүйесіне, халықтың неғұрлым белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жеңілдіктер мен қосымша төлемдер есебінен өмір деңгейінің жарамды дәрежедегі әл – ахуалы реттеледі. Әлеуметтік теңдік мәселесі бұл жерде мүлдем көтерілмейді. Бұл модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен көшілікті жеке жетістіктерге қол жеткізуге бағыттауға негізделген.

25.Әлеуметтік нарықтық шаруашылық моделі Әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясының аворлары басқа экономика либералдары секілді, еркін бәсекелестікті, рыноктық шаруашылықты орталықтан басқарылатын экономикаға қарсы қойды.

Әлеуметтік рыноктық шаруашылықтың кейбір теоретиктері, әсіресе А.Рюстов белгілі бір жағдайда бәсекелестікті де реттеу қажеттігін айтады. Өйткені бәсекелестіктің салдары ұтылыс тапқандардың жағдайын одан әрі қиындатады, эктикалық тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстарды әлсіретеді.

Классикалық либерализм – мемлекеттің түнгі күзетші рөлін атқаратын концепциясымен сипатталады: оның функциясына – азаматтардың мүлкі мен тыныштығын қорғау жатады. Ал әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясын жақтаушыларының В.Репкенің айтуынша, мемлекет – футбол ойнындағы ойынщылардың ойын ережесін сақтауына кепілдік беретін арбитраж судья.

Әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияның негізін әзірлеушілердің бірі, экономика профессоры, экономика министрі, одан соң федералдық канцлер Людвиг Эрхард (1897-1977) болды.

Аденауэр-Эрхард үкіметі өздерінің мемлекеттік доктринасы ретінде неолиберализмді ұстанды. Жалпы Эрхард әлеуметтік рыноктық шаруашылықты капитализмнің де социализмнің де баламасына жатқызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]