Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sravn_an_60surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.53 Кб
Скачать
  1. Экономикалық компаративистика: пәні, зерттеу әдістері

  2. Экономикалық жүйе түсінігі, мәні, элементтері

  3. Экономикалық жүйе белгілері, типтері және факторлары

  4. Әртүрлі мектептерінде экономикалық жүйелердің теориялық модельденуінің ерекшеліктері.

  5. Неоклассиктер түсінігінде экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі

  6. Институционализм түсінігіндегі экономикалық жүйелердің дамуы және қызмет етуі

  7. Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері және құрылымы

  8. Экономикалық жүйелерді салыстырудың техникалық-экономикалық параметрлерінің құрылымы.

  9. Ресурстарды орналастыру тәсілі бойынша салыстыру параметрлері

  10. Меншік қатынастарын салыстыру параметрлері.

  11. Экономикалық жүйелерді салыстырудың әлеуметтік параметрлері

  12. Әртүлі экономикалық мектептердің меншік қатынастарын түсіндірудегі ерекшеліктер

  13. Экономикалық жүйелерді зерттеудегі формациялық көзқарас

  14. Формациялық модельдің негізгі параметрлері

  15. Формациялық көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.

  16. Экономикалық жүйелерді зерттеудегі өркениеттік көзқарас

  17. Өркениеттік және формациялық көзқарастарды салыстыру

  18. Өркениеттік көзқарастың негізгі параметрлері және ұстанымдары

  19. Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелерді теориялық модельдеудің ерекшеліктері.

  20. Өркениеттік көзқарастағы экономикалық жүйелердің жіктемесі.

  21. Индустриалдыға дейінгі экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.

  22. Индустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері.

  23. Постиндустриалды экономикалық жүйе белгілері, ерекшеліктері

  24. Нарықтық жүйенің либералды моделі: сипаттамасы және ерекшеліктері

  25. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық моделі

  26. Әлеуметтік-демократиялық модель: сипаттамасы және ерекшеліктері

  27. Аралас нарықтық экономика және конвергенция теориясы

  28. Нарықтық экономиканың либералды моделі. АҚШ тәжірибесі.

  29. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық. Германия тәжірибесі

  30. Жапондық экономикалық жүйе моделі

  31. Қытайлық экономикалық жүйе моделі

  32. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің жалпы белгілері

  33. Дамушы елдердің экономикалық жүйелерінің негізгі модельдері

  34. Дамушы елдердің әлемдік шаруашылықтағы орны. “Ілеспелі” даму перспективасы

  35. “Үшінші әлем” елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері.

  36. Жаңа индустриялды елдердің негізгі даму ерекшеліктері.

  37. Жаңа индустриялды елдердің экономикалық құрылымының ерекшеліктері

  38. Шаруашылықтың социалистік жүйесі: тарихи негіздері және нәтижелері

  39. Социализмнің әлеуметтік-экономикалық табиғаты.

  40. Социализм экономикасының мазмұны және қарама-қайшылықтары.

  41. Трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің жалпы белгілері

  42. Посткеңестік елдер экономикасының траснформациялану кезеңдер бойынша ерекшеліктері

  43. ҚР инвестициялық саясатының кезеңдік ерекшеліктері, перспективасы

  44. Қаржы капталының экспорт-импорт ағымдарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

  45. ҚР агроөнеркәсіптік дамуын салыстырмалы талдау

  46. Қазақстандағы өтпелі экономикалық кезең және оның белгілері

  47. ҚР өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және сатылары

  48. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу: масштабтары, динамикасы, әдістері, тиімділігі

  49. ҚР экономикалық даму мақсатында қабылданған негізгі экономикалық бағдарламалар.

  50. Нарықтық экономикалық жүйеге трансформацияланудың кезеңдері

  51. ҚР әлеуметтік-экономикалық саясат: қазіргі жағдайы, нәтижелері және перспективалары.

  52. Экономикалық жүйенің қытайлық моделі және оның тарихи негіздері

  53. Қытайдағы экономикалық өзгерістердің әлеуметтік бағдарлануы

  54. Қытайдың экономикалық саясаты: шетел капиталын пайдалану стратегиясы және тактикасы

  55. Қытай қоғамының нарықтық реформалар барысындағы әлеуметтік құрылымы.

  56. Жаһандану экономикалық жүйелерді салыстырудың жаңа мазмұны ретінде.

  57. Экономикалық жаһандану және ұлттық мемлекеттік реттеу үрдістеріндегі өзара байланыс және қарама-қайшылықтарының негізгі механизмдері.

  58. ТҰК жаһандану жағдайындағы және ұлттық экономикадағы ролі.

  59. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты салыстырмалы талдау

  60. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» салыстырмалы талдау

1. Экономикалық компаративистика: пәні, зерттеуәдістері.Экономикалық жүйенің қалыптасуында шаруашылық іс-әрекетінің ерекшелік құрылымы және өзара қатынасының негізінде ортақ құндылықтарға сүйенетін сипатқа ие. Әрбір экономикалық жүйе халық шаруашылындағы тпбиғи қалыптасатын экономикалық саяси, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне сәйкес құрылым негізінде қалыптасады. Экон.жүйенің пәні көптеген экономикалық теория, ЭІТ, инст.экономика, халықаралық экономика пәндерімен тығыз байланысты. ЭЖСТ негізгі бес функциясы бар: фундаменталды, прагматикалық, бағалы-құнды, мәдени, дүниетанымдық функция. Фундаменталды қызметі - экономикалық ақпараттарды өңдеу және талдау. Прагматикалық шаруашылық - дамудың тәжірибесін меңгеру және негіздеу. Бағалы-құнды - бағалы әдістермен нәтижелерді және іске асатын экономикалық өзгерістерді болжаудағы бағалау болып табылады. Мәдени-шаруашылықтағы сабақтардың сақталуы және қоғам дамуындағы альтернативті модельдердің негізінде анықтайды. Дүниетанымдық-логиканың қалыптасуы және экономикалық ойлаудың стилі. ЭЖСТ ілімінің негізгі төрт бағыты бар: 1) салыстырмалы талдау, 2)салыстырмалы институционалды талдау, 3) ордолиберализм, 4) регуляция теориясы. 1-бағытД. Коммонс екі ғылыми мектептің негізінде Джек Мотисса және У.Даффи еңбектерінде салыстыруды анықтап көрсету және оны бағалау капитализммен социализмнің альтернативті жүйесін талдайды. Мыс. У. Даффи экономикалық жүйенің шешімдерін қабылдау, ақпараттық ағындар және мотивация құрылымдық жиынтығы ретінде қарастырады. Ұлттық экономиканы осы типология шеңберінде біріздендіру; экономикалық жүйені талдау үшін критерийлерін таңдаумен шектеледі. 2-бағыт М.Аоки және А.Грэйфтың теориясына негізделеді. Ол келесілерді қамтиды: нақты жағдайды анықтау; үйлестіру мақсатындағы арнайы модельді құру; тарихи жағдайды түсіну үшін арнайы институттарды анықтау; модельдеу барысында эмпирикалық тексеру; әртүрлі институттарды келістіру үшін модельдерін пайдалану ж/е экономикалық агенттердің мінез-құлқын үйлестіру болып табылады. 3-бағыт.Oрдолиберализм негізін қалаушы неолиберализм өкілі Ойкен. Ойкен ілімінің негізінде: сыртқы үйлестіру шоғырландыру, индивидтердің мінез құлқын емес, экономикалық жүйесін қарастырады. Нақты экономикадағы «экономикадағы тәртіп» ретінде анықтайды және оның сипатын қарастырады. 4-бағыт Регуляция теориясының өкілдері: Р. Буайс, М. Альберт логикалық кестеге көбінесе: экономикалық жүйені тұтас ретінде қарастырады, нақты экономиканыреттеу тәсілдері ретінде анықтайды, олардың типологиясы қорландыру бойынша анықталады. Экономикалық жүйелерді салыстыруда көбінесе дәстүрлі әдістерді, оның ішінде: формальды логика, диалектикалық, жүйелі зерттеу әдістері, социоәлеуметтік әдістер, классиктердің әдістері, математикалық, статистикалық, тарихи модельдеу әдістері қолданылады. Сонымен қатар салыст.талдауда жаңа методологиялық бағыттар да есепке алынады.

2. Экономикалық жүйе түсінігі, мәні, элементтері

Экономикалық жүйе – бұл қоғамның белгіленген тұтастықты, қоғамның экономикалық құрылымын бейнелеуші өзара байланысты экономикалық элементтер жиынтығы; өндіріс туралы жинақталатын қатынас бірлігі, бөлу, айырбастау мен тұтыну, экономикалық игілік.Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйе мәні бұл қоғамдағы экономикалық қатынастарды зерттеу болып табылады. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетін көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша. Екінші жағынан экономикалық жүйе көп факторлы болып келеді. Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:

Шаруашылық құрылымы - бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.

Әкімшілік (ұйымдық) құрылым - лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.

Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.

Экономикалық жүйенің элементтері. Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады.Экономикалық жүйенің негізгі элементтеріне келесілер жатады:

ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)

ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)

3. Экономикалық жүйе белгілері, типтері және факторлары.

Қоғам дамуының процессі барысында, шешуді талап ететін ресурстардың шектеулігімен және альтернативті шығындармен байланысты экономикалық мәселелер туындауы мүмкін. Экономикалық жүйе қоғамның шаруашылық өмірінің ұйым тәсілі, басқаша айтқанда Не? Қалай? және Кім үшін? өндіру бойынша шешім қабылдау тәсілі. Дәстүрлі экономикалық жүйе – бұл ежелгі, көне замандағы экономика. Ол дәстүрге негізделеді. Еңбек сипаттары, қарапайым, қол еңбегі. Қажеттіліктер – қарапайым болып келеді. Қазақстанда ауыл және мал шаруашылығы – дәстүрлі.Әкімшіл-әміршіл экономика классикалық саяси-экономикалық еңбекқұн теориясына негізделген. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізгі — мемлекет меншігі, себебі бәрі мемлекет қолында. Сол себептен сол кезде қоғам дамуы бюрократия, монополия (бір сатушы) қолында болады. Мемлекеттендіру жоғары қарқынмен жүргізілді. Нарықтық экономика –еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі.Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетедіЭкономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;

- меншік құрылымы;

- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;

- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:

Шаруашылық құрылымы - бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.

Әкімшілік (ұйымдық) құрылым - лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.

Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.

4. Әртүрлі мектептерде экономикалық жүйелердің теориялық модельденуінің ерекшеліктері.

Экономикалық жүйе түсінігі, оның құрамы, элементтері мен құрылымы экономикалық мектепке байланысты. Олардың бірнешесіне тоқталып кетейік:Институционалисттер экономикалық жүйені зерттеу барысында басты назарды институттарға аударады. Олардың зерттеулері институттар мен ұйымдарды бөлумен сипатталады. Институт экономикалық мінез құлықтың кез келген тұрақты ережесі немесе нормасы ретінде қарастырылады.Неоклассикалық парадигмада экономикалық жүйенің сипаттамасы микро және макроэкономикалық концепция арқылы ашылады. Неоклассиктердің мәні шектеулі ресурстар ортасында шексіз қажеттіліктер жағдайында өзінің пайдасын максимизациялауға тырысатын, адамдардың мінез құлқын зерттеу болып табылады. Негізгі элементтері: фирма, үй шаруашылық, мемлекет. Неоинституционалистер жүйелік тәсілге акцент жасайды және экономикалық жүйенің спецификасына басым назар аударады. Бейімделу тәсілін, меншік құқық жүйесін, трансакционды шығындар және келісімшарт жүйесін зерртейді. Марксизмөкілдеріөзінің назарын диалектикалық жүйелік тәсілге негізделген жүйелік методологияға аударады. Марксизмдағы диалектикалық тәсіл біріншіден, фундамент ретінде экономикалық жүйенің фунция етуінің негізі болатын қарама қайшылықты зерттеу принципін қолданады; екіншіден, экономикалық жүйенің дамуындағы тек қана сандық емес, сонымен қатар, сапалық өсулерді де анықтайды; үшіншіден, экономикалық жүйенің тарихи шектеулігіне көңіл бөледі. Марксисттік логика нақты толықтылық, жүйе бұл «нәтиже емес, бірақ оның пайда болуымен болатын нәтиже» деген тұжырымдаманы ұстанатын. гегель логикасын қабыл етеді.Марксисттік тәсілдің дамуындаэкономикалық жүйелерді зерртеудегі негізгі шарттардың бірі экономикалық жүйенің тарихын немесе өндіріс тәсілін зерттеу болып табылады. Билік ететін неоклассика және неоинституционализм концепцияларына қарағанда тарихи мектеп басым назарды тарихи қалыптасқан түрлі ұлттық экономикалық жүйелерге аударады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]