- •2.Хт қазіргі жағдайы.
- •3.Туризм туралы түрлі адамдар ассоциациясының ұсынысы.
- •7.Туризмнің статикалық және концептуалдық анықтамалары.
- •8.Хт ерекшеліктері, ішкі туризмнен айырмашылығы мен байланысы.
- •9.Кіру туризм, шығу туризм туралы түсініктер.
- •10.Ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм: сипаттамасы мен айырмашылығы.
- •11.Туристік формальдықтар, оларға сипаттама.
- •12.Халықаралық туризмнің дамуында Томас Куктің ролі.
- •13.Хт «аристократтық» және «бұқаралық» сипаты.
- •15. Хт сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі
- •16.Хт мемлекеттің төлем балансына тигізетін әсері.
- •17.Туристерді жеткізуші елдер және туристерді қабылдаушы елдер.
- •18.Белсенді туризм және пассивті туризм, «көрінбейтін экспорт» және «көрінбейтін импорт».
- •19.Халықаралық туристік нарық тауар-ақша қатынастар сферасы ретінде.
- •20.Халықаралық туристік нарықтың негізгі ерекшеліктері.
- •21.Хт дамуының негізгі факторлары мен шарттары.
- •22.Хт дамуының табиғи-географиялық факторлары.
- •23. Хт дамуының демографиялық факторлар.
- •24.Хт дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлар.
- •25.Хт дамуының материалды-техникалық факторлары.
- •26.Хт дамуының субъективті факторлары. Маслоудың
- •27.Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс.
- •28.Туристік сұраныстың негізгі ерекшеліктері: динамизмі және көптүрлілік пен кешенділігі.
- •29.Туристік сұраныстың икемділігі.
- •30.Туристік сұраныстың кеністікте және уақытта шоғырлануы.
- •31.Туристік сұраныстың географиясы.
- •32.Туристік ұсыныс туралы түсінік.
- •33.Туристік құндылықтар мен туристік қызметтер.
- •34.Рекреациялық туризмнің географиясы.
- •36.Еуропадағы рекреациялық туризм.
- •37.Америкадағы рекреациялық туризм.
- •38.Шата-дағы рекреациялық туризм.
- •39.Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азиядағы рекреациялық туризм.
- •40.Іскерлік туризмнің географиясы.
- •41.Халықаралық туристік көрмелер мен биржалардың сипаттамасы.
- •42.Бизнес-саяхаттардың географиясы.
- •43.Діни туризмнің географиясы.
- •44.Иерусалим - әлемнің ірі діни орталығы.
- •45.Мұсылман қажылықтың орталықтары
- •46.Христиан қажылықтың орталықтары.
- •47.Будда қажылықтың орталықтары.
- •48.Діни тақырыбы бар экскурсиялық туризмнің географиясы.
- •50.Емдік туризмнің географиясы.
- •51.Емдік туризмнің ерекшеліктері.
- •52.Курорттардың негізгі түрлері.
- •53.Еуропадағы емдік туризм.
- •54.Америкадағы емдік туризм.
- •55.Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы емдік туризм.
- •57.Хт статистикасы.
- •56.Африкадағы емдік туризм.
- •58.Хт статистикасының дамуы.
- •59.Туристік ағымдардың статистикасы.
- •60. Дүниежүзіндегі ірі туристік аймақтар (дтұ бойынша).
- •61.Туристік ағым статистикасының негізгі көрсеткіштері.
- •63.Туристік шығындардың статистикасы.
- •67.Еуропадағы халықаралық туризмнің дамуы.
- •68.Әлем туризмде Еуропаның орны.
- •69.Еуропаның төрт туристік аймаққа бөлінуі: Жерортатеңіз, Альпі, Орталық және Солтүстік.
- •70.Солтүстік Американың туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •71.Латын Америкасының туристік аудандары мен орталықтарының негізгі сипаттамасы.
- •73.Рекреациялық ресурстары бойынша ақш-тың бөлінуі.
- •74.Канада елінің туристік аймақтарына сипаттама.
- •75.Кариб аймағының туристік орталықтарына сипаттама.
- •76.Жерортатеңіз Еуропаның туристік орталықтары.
- •77.Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағында халықаралық туризмнің дамуы.
- •83. Ұлыбританияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •84. Германияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •87. Мексиканың негізгі туристік орталықтарына сипаттама.
- •90. Жапонияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама.
- •91. Таиландтың негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •96. Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі туристік аудандар мен
90. Жапонияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама.
Жапония Шығыс Азияда орналасқан.Аралдар тобының жүйесін иемденетін:Хоккайда,Хонсю,Кюсю,Сикоку,архипелаг Рюкю және т.б төрт мыңға жуық аралдары бар.жалпы ауданы жалпы ауданы 377.8 мың кв.км.
Жапонияның туристік тартымдылығы жалпыға танымал.Әдемі табиғат теңіз,тау,ұлттық парктер,экзотикалық тұрмыс,ежелгі Киото,Никко және Нара ескерткіштері және қазіргі заманға сай архитектуралы ірі қалалар туристердің назарын өзіне аудармай қоймайды.
Жапонияның маңызды туристік орталықтарының бірі Хонсю аралығындағы мемлекет астанасы Токио қаласы.Қала бірнеше мегаполисті біріктіреді:Отемачи,Казумигасеки,Сибуя,Уэно,Икебукуро.Токио қаласы Шығыс пен Батыс қабаттасқан қала,бұнда күнге шағылысқан түрлі түсті биік ғимараттар мен кеңселер және осы ғимараттардан кейін жерге түссеңіз жүз жыл өтіп кеткен сияқты болады.
Ежелгі Токиода мәдени ескер,парктер,храмдар және бірнеше арнайы мекемелер әлі күнге дейін жақсы сақталып келеді.Астананың ең маңызды байлықтарына ескі саябақтар:Хибия,Сиба,Уэно,Мэйдэи жатады.
Киото қаласы туристер арасында аса танымал.Киото өндірістік,мәдени және тарихи,діни орталықтың бірі.Бұл жерде ежелгі дәстүрлі өнерлер сақталған:лак және қола өндірсі,фарфор және кестелеу өнері жаөсы дамыған.Қаланың негізні байлықтары 2000 жуық храм,100 парк,ондаған сарайлар.Бұл жердегі тасты жарықтар,көпірлер мен павильондар қоршаған орта ландшафтыларымен жақсы үйлеседі.
Нара Жапонияның алғашқы астанасы.Бұл жерде Тодайдзи храм ансамблінде орналасқан еі үлкен Будда мүсіні бар.Бұл мүсін 444 тонна қоладан құйылған.Жапония қалараның маңыздысы біреуі ол Хиросима.Қала тарихқа мәңгі енгізілген.Алғашқы атом бомбасы 1945 жылы жарылды.Жарылыстан 250000 адам қаза тапты.1949 жылдан бастап қала жаңартылды.Қаланың кейбір жерлеріне қол тигізбей сол бетінде сақталынып тұр,сол себепті туристер атом бомбасы қалдықтарын көруге келді.
Жапонияның алып таулары мен түрлі формасы бар тауы Фудзияму тауы.Жапонияда болсаның бұл тауға өміріңізде бір рет шығу міндет саналады.
Жапонияның ішкі туризмнде Сикоку аралы маңызды орын алады.Бұл жерде діни мақсаттағы 88 қасиетті жердің отаны саналады.Будда діннің қасиетті жерлері қаладан бастап барлық алыс жақын аумақты түгелімен таралған.Сикоку Жапония театрының ең көнесі Камару дза сақталған.Жылына бір рет осында танымал актерлер келіп көрініс көрсетеді.
Хоккайда аралынағы туристік орталықтардың бір қарлы фестивальдер мен мұздан жасалған ғажайып мүсіндері бар Саппоро қаласы.
Туристік орталықтарының еі қызықты және маңыздысы төрт негігі аралда шоғырланған.туристерге 1600 музей,357 ұлттық парк, 290 зоопарк пен ботаникалық бақ, 76 аквариум, 227 көңіл көтеру орталықтары атақтысы «Токио Диснейленд» 1983 жылы ашылған. Туристерді тартудың бір жолы жапондық ұлттық тауарлар сатылады: фото, аудио, видео және радиоаппаратулары, ағаштан жасалған өнімдер, керамика, маржандар мен қуыршақтар.
91. Таиландтың негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
Бангкок – «Періштелер қаласы»
Бангкок – бұл тек қана Тайландтың астанасы емес, бұл «мемлекетке кіретін басты қақпа». Қаланың ежелгі атауы - «Крунг Тхеп», яғни періштелер қаласы. Қала 1782 жылы Рама 1 патшасының кезінде құрылған болатын. Қазіргі таңда әлемдегі ең ірі, ескі мен жаңа дүниені біріктіре алған қалалардың бірі болып танылады. Тайландтағы ең ірі Чао Пхрайм өзенінің жағалауында, Сиам шығанағынан бірнеше киллометр қашықтықта орналасқан, осыған байланысты қала бүкіл әлем бойынша Шығыстағы Венеция деп танылған.
Бүгінгі күнгі Банкоктен алатын алғаш әсер керемет сезім қалыптастырады. Мұнда бамбуктан жасалған лашықтармен қатар әйнек пен бетоннан салынған қазіргі заман талабына сай биік ғимараттар тұр!
Миллиондаған ұсақ айналармен жарқырап тұрған сәнді сарайлар мен шіркеулер, байлық, кедейлік, төменде орналасқан жіңішке көшелер мен жерден 15-30 метр биіктікте орналасқан жылдамды эстакадалар, сигнал басқан көліктердің үлкен ағымы, дәке таңғышын байлаған полицейліктер, қоңырқай киім киген будда монахтары мен пілдер, жеміс-жидектердің молдығы мен әртүрлілігі, тамақтың жұпар иісі, ашық мейрамханалар мен көше кафелеріндегі таңғажайып омарлар, устрицалар, рапандар, ұлылар және кальмарлар, барлығы да дайын емес адамға шынымен де ерекше әсер береді!
Бангкок қаласының негізгі байлықтары болып: Будда храмы мен Үлкен Король Сарайы кешені, Зари шіркеуі, Алтын қырат шіркеуі, Мәрмәр шіркеуі, король Рама ۷ (1868-1910) сүйікті ризиденциясы болып табылатын Вимак Мек сарайы мен «алтын» тик ағашынан жасалған ең үлкен ғимарат; экзотикалық ханзадалық екі палубалы қайықта; улы жыландарды өрбітумен қоса, уларынан баға жетпес дәрі жасаумен айналысатын Пастер институтының Жыланды фермасы; өнердің тамаша туындылары жинақталған Джим Томпсонның азиялық коллекциясы орналасқан Үй-мұражайы; әшекеймен қатпалған және алтын жапырақты ортағасырлық фрескалармен көркемделген Суан Паккад сарайы; дүние жүзі бойынша қолтырауындарды өсірумен айналысатын ең үлкен ферма; ауданы 200 акр болатын ашық аспан астындағы мұражай «Көне қала»; көңіл көтеру және сауықтыру кешендері; әртүрлі тағамдар мен түнгі өмір .
Үлкен король сарайы және Будда храмынан бастау алады. Бангкок қаласындағы экскурсия есте қаларлық оқиғаның бірі болып сақталады. Қаланың бай тарихи мұрасы көне мұраны сүюші туристерді қызықтырып, баурап алады. Үлкен король сарайы мен Будда шіркеуі Бангкоктың басты назар аударарлық объектілері болып табылады. Черепицамен жабылаған шатыр, өрнекті ғибадатхана, түрлі – түсті витраждар, мифты жануарлардың және алып жындардың пішіні – бұлардың барлығы комплекстің әдемі көрінісін бейнелеп тұр.
Сафари әлемі. Тайландтағы ең танымал демалыс және ашық аспан паркі әрбір адамға әртүрлі сауық – сайран түрлерін ұсынады. Африканың жабайы жерлеріне саяхаттау, дельфиндермен қызықты кездесу ұйымдастыру, таңғаларлық сиқыр көрсету – бұл Сафари әлемі. Үлкен парк төрт зонаға бөлінген: Сафари паркі, Африканың және Азияның жануарлары.
Сафари паркінің түпнұсқалық идеясы мынада, жануарлар мен көрушілер орындаырмен ауысқан, яғни жануарлар бос серуендеп жүреді, ал көрушілер автобуста немесе көлікте отырып бақылап отырады. Барлығы «сафари» әлемі сияқты көрініс береді, сізді жануарлардан тек көліктің терезесі қорғап тұрады, терезеден жануар келіп қарап тұрса, таң қалмаңыз! Маршруттың ұзақтығы 8 км. Теңіз паркінде Сіз, жануарлар қатысуымен өтетін көріністерді тамашалай аласыз: дельфиндер көрінісі, теңіз мысықтары, маймылдар күресі, құстар көрінісі, ковбойлар көрінісі, су сауық кеші және тағы да басқа көптеген көріністер.
Dream World – Тайландтық диснейленд. Dream World – Бангкоктегі ертегі әлемі. Бұл Тайландтағы ең үлкен парк. Егер сіз Бангкокқа балаларыңызбен келетін болсаңыз, міндетті түрде паркке барып қайтыңыз. Мұнда сіз,әлемнің 7 кереметін миниатюрада тамашалайсыз: Колизей, Қытай қорғаны, Египет Пирамидасы, Эйфель мұнарасы және тағы басқа. Сонымен қатар, гномдар мекен ететін Fantasy Land әлемін, Мәңгілік ұйқыдағы арудың қамалын тамашалай аласыз. Түрлі – түсті аттракциондар сізді қиял әлеміне жетелейді, Dream World аумағында Бан – Таи мәдени орталығы орналасқан, бұл жерде Тайландтың архитектурасы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетілген.
Қолтырауынды ферма. Бұл фермада шамамен 40000 қолтырауын өмір сүреді. Сіз, қасқағым сәтте суға тартып алып кететін жас және де ірі қолтырауындарды көре аласыз. Ғажайып көріністерден, тайландық үйретушілердің жыртқыш жануарлармен көрсететін әрекеттерін ғажайып сезіммен тамашалайсыз. Егер де қаласаңыз қолтырауындармен суретке түсуіңізге болады. Экскурсияның соңында кәдесый дүкеніне кірсеңіз, қолтырауынның терісінен жасалынған әшекей бұйымдарға ие боласыз.
Сиам Нирамит кешкі көрінісі. Әлем бойынша ең үлкен сахналық көрініс болып табылады. Қойылым өте үлкен сахнада жүзеге асырылған, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген.
Қойылымға 150 адам қатысады, өте әдемі киімдегі әртістердің саны 500. Таиландтың жұмбақ және құпиялы мәдени салт-дәстүрлер әлемі сіздерге 3 бөлімнен тұратын 80 минуттық қойылымды ұсынады (5 сурет).
Жеті жылдық тарихы бар Таиланд халықтарының өмір тіршілігіне саяхат, Химапан ертегі және жерасты орманына саяхаттау аңыздық көріністер болып табылады. Таиланд Корольдігінің керемет саяхатын өткізіп алмаған жөн. Қойылымның алдында сіздер тайлық жәрмеңкелерде қыдырып жүріп, тайлықтардың тағамының дәмін татып көруге болады.
Сиам паркі (аквапарк). Бангкокқа келуші туристерді қызықтыратын парктердің бірі болып табылады. Аквапарк бірнеше су сырғанағыштардан, жасанды толқындардан тұрады. Парк өте әдемі жасалынған, жан – жағында пальма ағаштары өсіп тұр, өзіңізді аралдың ортасында демалып жатқандай сезінесіз.
Раушан гүлдер бағы. Раушан гүлдер бағы Таиланд астанасынан 30 км қашықтықта орналасқан. Бақтың территориясында розариум орналасқан, Таиландтың көптеген тропикалық гүлдерінің түрлері кездеседі. Бұл экскурсия барлық жастағы адамдарға ұнайды, себебі бұл жерде өте қызықты. Бақтың жанында жануарлар бағы орналасқан, күніне бірнеше рет ұлттық нақыштағы өнерлер көрсетіледі. Қызықты қойылымдар жүзеге асырылады.
Бангкок арналары. Бұрынғы замандарда қала ішінде қозғалу үшін өзен қайықтары қолданылатын, ал басты қозғалыс артериясы болып Чхрао Пхрайя болып саналатын. Қазіргі таңда бұл каналдарды автокөлік жолдары басқан. Бірақ, Бангкоктың мұндай каналдарының бір – екеуі сақталған
Бангкок арналарымен экскурсияға аттанған кезде, қаланың суда орналасқан аудандарын, сонымен қатар қайықпен қыдыру кезінде қаланың көптеген көрікті жерлерін көруге болады.
Жағалауда орналасқан Паттая аймағы
Бангкоктан мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгін Паттая тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, «Азиялық Ривьера» деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері күтіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша отельдер желісі және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған.
Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру, барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар – барлығын атап бітпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс. Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын – сауық, демалыс орталығына айналады Паттая сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністермен қатар қолданылатын өзінің су өнімдерімен әйгілі. Су өнімдері «Сингха» деп аталатын тайлық сырамен ішуге арналған тайлық тағамдарды жасауда қолданылады.
Экскурсиямыздың тақырыбы – «Паттайя ғажайып қала». Экскурсия ұзақтығы 3 күн. Қатысушылар саны 7 адам. Экскурсия маршруты: жылан фермасы - тропикалық бақ - Сичанг аралы – дайвинг – океанариум – пілдер ауылы - альказар қойылымы – жерасты қайығы – дельфиндермен шомылу – жолбарыс паркі – маржанды арал – қолтырауындар фермасы.
Жылан фермасы. Жылан фермасы – бұл жыландардан қорқатын туристер үшін өте қызықты экскурсия болып табылады. Фермада қорқыншыты және улы жыландарды ұстайды. Кейбір түрлері Самуи аралынан әкелінген, бірақ көбісі бүкілАзиядан жиналынған. Бұл көріністі міндетті түрде тамашалау керек. Сонымен қатар, бұл жерден шаянды, қырықаяқты кездестіруге болады.
Ферманы қызықтау барысында көптеген естен кетпес қызықты көріністі тамашалай аласыз. Жыланның аузынан уын қалай алатындығын, Таиландта мекен ететін әртүрлі жыландардың түрін тамашалайсыз. Естелікке питонды мойныңызға салып алып суретке түсуіңізге болады.
Паттаядағы жылан фермасы – бұл ерекше орын. Мұнда жыланның өтінен, репродуктивті органдарынан, терісінен, майынан, сүйегінен, өкпесінен көптеген пайдалы емдік дәрілерді жасап шығарады. Барлық препараттар көне ретцептермен дайындалады.
Нонг нуч тропикалық бағы. Бақ өте үлкен аумақты алып жатыр – 210,44 га. Туристерді бақты әдетте орхидея бағы деп атайды. Нонг нуч туристерді өте бай өсімдік жамылғымен, ұлттық көріністерге арналған театрымен және пілдер көрінісімен жаулап алады. Өсімдіктер топтамасы және ландшафтық дизайн бақты одан бетер жандандыра түседі.
Бұл жерден әлемдегі ең үлкен пальмалардың топтамасын көруге болады. Қазіргі таңда әлем бойынша 2600 – 2800 пальмалардың түрі кездеседі, ал Нонг нуч тропикалық бағында пальмалардың 1100 түрі тіркелген.
Бақтың тағы бір мақтанышы – Орхидея паркі, бұл жерде осы гүлдердің көптеген түрлері жинақталған, сирек түрлері де кездеседі. Сонымен қатар, кактус бағы да туристерді өзінің көптүрлігімен, пішінімен таңғалдырады. 2000 жылдың сәуір айынан бастап, көбелек бағы туристерге өзінің есігін ашты. Бұл жерден көбелектің барлық түрін кездестіруе болады, ең ұсақ түрінен бастап, әлемдегі ең үлкен Attacus Atlas көбелегін кездестіруге болады.
Сичанг аралына саяхат. Бұл экскурсия буддизм тарихы мен теңіз жағасындағы демалысты біріктіреді. Экскурсия қытай храмын тамашалаумен басталады, бұл бизнес пен сауда ісінде сәттілік әкеледі деп тұжырымдайды. Қызығушылар Будданың қадамының( 300 баспалдақ) ұшар шыңына шығуларына болады. Келесі кезекте, будда монастріне экскурсия. Бұл жерден сіз, буддизмнің, медитацияның не екендігін; өмір шындығын ашып береді және өміріміздің соңғы сәттерінде не болатындығын өздеріңіздің көздеріңізбен көріп қайтасыздар. Ко Сичанг – бұл тек қана храмдар ғана емес, аралдан көне замандағы үйлерді, әдемі жағажайларды тамашалай аласыз. Жағалауда қонақжай халық теңіз тағамдарынан дәм татып көруге, сізге көптеген тағамдар түрін ұсынады. Ко Сичанг аралына саяхат көп уақытқа сіздің ойыңызда сақталып қалады .
Дайвинг. Бұл бағдарлама теңіз сүюшілерді, қала өмірінен шаршаған адамдарды, қала жағажайынан алшақ, тұнық суда шомылып, таза ауамен демалғысы келетін адамдарға арналған. Сіздермен тәжірибелі нұсқаушылар жұмыс жасайды, олар сіздерге жүзуді, судың астындағы демалу техникасын, қалағаныңыздың барлығын үйретуге тырысады. Су астында жүзуге қажетті барлық құрал – жабдықтармен қамтамассыз етеді. Су астында сіз өзіңіз сөзбен айтып жеткізе алмастай сезімде боласыз, себебі жан – жағыңызда арал жәндіктер, алып акулар өздерінің күнделікті тіршіліктерін жасап жүреді, ал сыртынан бақылап тұрған сізге ол өте керемет,оң әсер етеді.
Океанариум. Бұл теңіз өсімдіктерінің түрлерінің байлығымен және жануарлдардың көптеген түрлерімен танысуға мүмкіндік береді. Тоннелдің керегелері ғана емес, сонымен қатар төбесі де әйнектелген. Мұнда теңіз мекендеушілерінің 2500 түрі жинақталған. Сіз көптеген мекен етушілерді қалай тамақтандыратындығын және қолмен ұстап көре аласыз.
Пілдер ауылы. Пілдер – Тайландтағы ең қасиетті жануар болып табылады. Сізді сағат бойғы пілмен қыдыру экскурсиясы күтіп тұр. Жануардың төбесінде арнайы себет орналастырылған, сол орындыққа отырып қыдырып шығуға болады. Олардың өмір сүру ортасымен, іс - әрекеттерімен танысуға болады. Бұл ауыл Паттайядан 15 км қашықтықта орналасқан.
Альказар қойылымы. Паттаяның орталығында орналасқан әлемдегі ең әйгілі Альказар театр – кабаре. Альказар Азиядағы ең таңғаларлық қойылым болып табылады.
Паттаядағы экскурсияны Альказар қойылымынсыз елестетуге болмайды. Сахналандырылған музыкалық көрініс , заманауи билер әрбір туристі баурап алады. Әдемі, түрлі – түсті киімдер кешкі уақытта көптеген көрермендерді өзіне тартады. Бағдарламаға тайлық, қытайлық және жапондық ұлттық билер, сонымен қатар заманауи әуендер шырқалады.
Бұл әдемі қойылымға балаларды алып баруға болады. өте әдемі, қызықты, таңғаларлық қойылым. Әртістердің көздің жауын аларлық киімдері әрбір адамды қызықтырып, баурап алады.
Жерасты қайығы. Бұл теңіз өмірін жақсы көретін адамдарға арналған жаңа бағдарлама болып табылады. Енді Сиам шығанағын көру үшін, арнайы киімдер, бетперде және ескекаяқты киюдің қажеті жоқ. Бұл көріністі жабдықталған қайық бортында отырып көруге мүмкіндік бар. Қайықта күндізгі және түнгі қыдыруларға барлық жағдайлар жасалынған. Толығымен қауіпсіздікпен қамтамассыз етілген және жас ерекшеліктері шектеусіз. Ең басында кішкене қайық туристерді жағадан алып кетіп, 30 минуттан кейін жерасты қайығына жеткізеді. Жерастындағы көрініс 50 минутка созылады. Осы уақыт аралығында жерасты жануарлармен және олардың өмір – тіршілігімен танысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жерасты жануарлар торды түсіріп ұстап алып, ұсталынған балықты қуырып жеуге болады.
Дельфиндермен шомылу. Қалалық шудан алшақтап, демалу үшін Чантабури аймағын артық жерді табу мүмкін емес. Бұл жерде өміріңізде армандаған дельфиндермен шомылуға болады. Дельфиндер үйретілген, өте сыпайы, әдемі болып келеді, туристерге білетін барлық өнерлерін көрсетіп, таңғалдырады. Дельфиндерді тамақтандырып, олармен бірге ойнау ол өте керемет сезім. Көбінесе, дельфиндермен шомылуға кішкентай балалар көп барады, олар үшін бұндай ойын өте қызық. Себебі, дельфин деген ең ақылды, адамға жақын жануарлапрдың бірі болып табылады. әрбір бала дельфинмен ойнап, суретке түскенді қалайды, осы арманыңызды Паттайя аралында жүзеге асыруыңызға болады .
Жолбарыс паркі. Паттайя курортының жанында Срирача жерінде әлемдегі ең үлкен жолбарыс жануарлар паркі орналасқан. Парктің ауданы 100 акрды құрайды және бұл жерде бенгал жолбарыстарының 200 түрі және 100000 қолтырауын кездеседі. Сонымен қатар жануарлар паркінде пілдерді, маймылдарды,құстар мен тағы да басқа жануарларды кездестіруге болады. Парктің территориясында бірнеше амфитеатрлар орналасқан, мұнда күніне бірнеше рет жолбарыстар, қолтырауындар мен пілдер қойылымын көрсетеді. Бұл қойылымдар кезінде көптеген айла - әрекеттер жасалады, мұның барлығын арнайы үйретушілер жүзеге асырады .
Маржанды арал. Бұл арал тұрмыс құрғылары келетін жастарға арналған. Тез жүруші қайық арқылы 40 минуттың ішінде маржандар аралында боласыз. Бұл аралда жыл сайын үйлену тойлары өткізіліп тұрады. Үйлену тойы аралдың ортасында өтеді, қайықтарды неше – түрлі гүлдермен безендіріп, жас –жұбайларды отырғызып алып келеді. Маржанды аралдың суы өте тұнық, құмдары аппақ, өте әдемі. Аралдың жан – жағында ағаштар қамтап өсіп, керемет көрініс беріп тұрады.
Қолтырауындар фермасы. Паттайяның жанында бапталған, әдемі ағаштармен безендірілген парк орналасқан. 70 акрды құрайтын парк территориясы өзінің үлкен тастарымен қызықтырады, бұл тастар осыдан миллиондаған жылдар бойы пайда болған, сонымен қатар тайлық үлгіде қиылған қысқа бойлы ағаштар көптеп кездеседі. Мұнда туристік соқпақ жолдармен жүру арқылы бахтах балықтарын тамақтандыруға болады, ары қарай жүріп қолтырауындар мекенін көруге болады.
Қойылым алаңында «балық» көрінісі көрсетіледі, ал арнайы шатырда жаттықтырушылар алып қолтырауынның аузына қолдарын салып көптеген ойындар көрсетеді. Қойылым аяқталған кезде, батыл адамдар алып қолтырауынның үстіне отырып суретке түсе алады.
Паттайя аймағы ірі туристік орталық болып табылады. Жыл сайын бұл аймаққа миллиондаған туристер саяхаттап келеді, себебі, бұл аралдан көптеген қызықты сәттерді кездестіруге болады, бір жағынан климаты да қолайлы.
Самуи аралының ғажайып көріністері
Самуи аралы соңғы он жыл ішінде ғана әйгілі болды. Сондай-ақ, бүгінгі күні Тайландтың Пхукет аралымен ең атақты теңіз курорты мәртебесіне бәсекелесіп келеді. Бұл идеалды арал өзінің бауырларынан табиғи қарапайымдылығы бойынша ерекшеленеді.
Самуи аралы Бангкок пен Пхукеттен күнделікті авиарейспен ұшақтар ұшып жатса да, Сурат Тхани паромдары жүріп жатса да дүниеден алыс жатыр деп есептелінеді және өз бетінше күн көріп жатыр.
Самуи аралы Бангкоктен оңтүстік – шығысқа қарай 560 км қашықтықта, ал материктен 80 км қашықтықта орналасқан. Аралдың өз аэропорты бар. Аэропорт рейстері күн сайын Бангкок, Паттая, Пхукет пен Сингапурге ұшады.
Бұл кокос пальмаларының (мұнда 3,5 млн астам) және таза тропикалық жағажайлардың аралы. Қасында ұсақ аралдар орналасқан. Тасбақалар аралы мен Анг Тхонг Теңіз Халық паркін құрайтын аралдар сіздің жадыңыздан талайға дейін кетпейді. Аралды толығымен қарап шығу оңайға соғады. Барлық жағажайға апаратын және На Торн әкімшілік орталығына апаратын 50 шақырымдық сақиналық жол жағалау бойында орнатылған [3].
Самуи өзінің қонақтарына сән-салтанатты отельдер мен жағалауда орналасқан бунгалодарды ұсынады. Тайландытың туризм индустриясын атақты еткен ең жоғары деңгейлі курорттар қызмет көрсетудің барлық түрлерін көрсетеді. Пальма жапырақтарымен жабылған экзотикалық бунгалодар теңізді үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Сіз Робинзон Крузоның орнында бола отырып, барлық жайлылықты аласыз.
Самуи аралы бойынша шолу экскурсиясы. Самуи аралының шолу экскурсиясы әртүрлі. Экскурсия 3 күннен тұрады. Қатысушылар саны 7 – еу, тақырыбы: «Ғажайып қала – Самуи». Экскурсия маршруты: Биг Будда комплекстік храмы – Храм Кхунарам және муниципалдық монах – Плаи Лаем храмы – Ата және Әже тастары – Намуан сарқырамасы – пілдермен қыдыру – аспалы жол – Ұлттық теңіздік Анг Тонг паркі – балық аулау.
Биг – Будда храмы. Биг – Будда – бұл, біріншіден, монахтар өмір сүретін және оқитын буддалық храм және монастрь, екіншіден, бұл Отырған будданың 12 метрлік алып ескерткіші. Храмның үш жағынан айнала көне сылдырлақтармен ілінген галерея орналасқан.
Буддистердің айтуы бойынша, галереяны сағат тілі бойынша айналып, әрбір сылдырлаққа қол тигізген адам сабырлы болып сезінеді, ал барлық жаманшылық адамның жанынан алшақтайды [8].
Храм Кхунарам және муниципалдық сопы. Кхунарам храмы сізге өзінің өлімін болжап дүниеден өткен Луанг Пхор Даенга монахының муниципалдық денесін көруге үлкен мүмкіндік береді. Ол уақыттан бері төрт ғасырдай уақыт өтті, ал оның денесі осы уақытқа дейін өзгермей өз қалпын ұстап тұр.
Плаи Лаем храмы. Храм көпқабатты шатырлармен ұлттық тайлық стилде салынған, алыстан бейне бір ойыншық храм іспеттес. Храм орналасқан шағын арал лотос гүлінің пішінімен салынған. Храмның алдында ұзындығы екі метрлік будданың аяғының ізі бар. Бұл жерде арманыңды ойлап, тиын тастаукерек. Егер, сіздің тиыныңыз аяқ ізінің бір бөлігіне түссе, арманыңыз орындалады делінген [11].
Ата және Әже деп аталатын қызықты формада жасалынған үлкен тасты тамашалай аласыз. Ер және әйел адамның кейпіндегі тастар, Самуи аралының тұрғындарының пайда болу тарихын көрсетеді.
Келесі аялдамада екінші деңгейдегі Намуан сарқырамасындағы кокостар жиынтығын көрсететін маймылдардың қойылымын көре аласыздар. Бұл Самуидағы ең биік және өте әдемі сарқырамалардың бірі. Мұнда шомылу адам жанына өте жағымды болып келеді.
Енді біз сіздерді джунглий әлеміне жетелейміз. Сіздерді күтіп тұрған ең бірінші саяхат – піл үстінде сереуендеу. Піл сізді соқпақ жолдармен джунглийдің ішінде қыдыртады.
Пхукет аралы
Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Пхукет Бангкоктен 892 километр қашықтықта орналасқан. Бангкоктен Пхукетке дейін ұшақпен ұшқандағы уақыт 50 минутқа созылады. Тура әуе қатынастары Гонгкокпен, Сингапурмен және Малайзиямен байланысқан. Пхукет материкпен автотрасса өтетін дамба арқылы байланысқан.
Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Ал тыныш жағдайда демалуды ұнататын адамдар үшін Панва жағажайы ең дұрысы. Мұнда теңіз аралдарының толық көрінісін көруге болады.
Пхукетте қарауға болатын нәрсе көп. Арал өзінің көне архитектурасымен қызықтырады. Жергілікті табиғаттың әдемілігі Кхао Пхра Тхаю халық паркінің джунглиінен көрініс табады. Сонымен қатар, мұнда көптеген таңғажайып бұрыштар бар. Олардың ішінде, аралдың оңтүстік шеті Лаем Пхрам Тхен. Мұнда теңіз бетінен күннің батуын тамашалауға болады. Теңіз Зерттеушілерінің Биологиялық Орталығындағы аквариум ұмытылмас әсер қалдырады. Мұнда маржан плантациясы бар. Маржанды өсіру әдістері көрсетіледі. «Тайлық ауылдарда» халық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін фольклорлы көріністер күніне екі мәрте қойылады.
Аралдағы ең әйгілі спорт түрі болып – аквалангпен сүңгу болып табылады. Тамаша теңіз және суасты пейзаждары, кораллды өсімдіктері мен үңгірлері бар Андаман теңізі суастымен жүзуді ұнататындар үшін баға жетпес орын. Пхукет – қайық орталығы, мұнда кез-келген уақытта яхталарды экипажбен немесе экипажсыз жалға алуға болады. Балық аулауға әзірленген қайықтар сіздің қол астыңызда. Спорттық ойындардың сан алуан түрі: гольф ойнау, атпен серуендеу, машинамен жарысу және басқа да қызықты ойындар түрі қалауыңызға байланысты.
Пхукет аралы бойынша шолу экскурсиясы. Экскурсия тақырыбы: «Тай Патшалығының ең қызықты ауданы». Қатысушылар саны 10 адам, ұзақтығы 4 күн. Экскурсия маршруты: Панак аралы – Джеймс Бонд аралы – «Пхукет Фантазия» қойылымы – рафтинг – Кхао Сок қорығы – Ао Пханг – нга шығанағы – вегетариандықтар фестивалі. .
Панак аралы. Қайыққа отырып алып, алып таулардың арасымен қыдыру арқылы, судағы күн сәулесінің көрінісін тамашалай аласыз,Панак экзотикалық арал болып саналады. Мұнда әрқашан, өрмелеп жүрген жабайы маймылдарды кездестіруге болады.
Джеймс Бонд аралы. Бұл аралдың бұлай аталу себебі, осы аралда Джеймс Бондтың «Алтын тапаншалы адам» фильмі түсірілген болатын. Өзіңізді телехикая кейіпкері ретінде көруіңізге болады. Бұл арал өзінің әсемдігімен, таулы жоталарымен қызықтырады.
Мұнда «теңіз сығандары» өмір сүреді, аралдың ең көне тұрғындары. Бұл аз санды халық әлі күнге дейін заманауи әдітерді түсінбейді, көптеген жылдар бұрын қалай өмір сүрсе, қазіргі уақытта да дәл солай өмір сүріп келеді.
«Пхукет фантазия» қойылымы. Пхукет аралына бара тұрып, бұл қойылымды көрмей қайтқан адам әлемнің бір кереметін көрмей кетті деген сөз. Таиландтың тарихы туралы сыр шертетін әндер мен билер, сахналық көріністер, мейірімділік пен зұлымдық күші, барлық қиыншылықтарды жеңуші махаббат жайлы қойылымдар көрсетіледі.
Рафтинг. Экскурсияның бұл бөлімі табиғатты сүюші адамдарға арналған. Бұл уақытта ең қызықты, танымал және жаңа қызығушылық түрі – рафтинг немесе үрлемелі қайықпен өзенмен түсу әрбір туристі өзінің орнында күтіп тұрады. өзен кедергілерінен мүдірмей өтіп, және су тосқауылдарына төтеп бере алу қажет. Бұл өте қызықты, бір жағынан қорқынышты ойын сауық түі болып саналады. Қалың ормандарға, ағаштарға, өщен ортасындағы тастарға төеп бере алу әрбір адамның қолынан келе бермейді, бірақ бұл өте қызықты.
Кхао Сок қорығы. Бұл Таиландың экологиялық таза аймағы болып саналады, қорық табиғатпен және Оңтүстік Таиландың тұрғындарымен жақынырақ танысуға көмектеседі. Таулар мен әсем табиғатпен серуендеу өте тамаша. Қорық өзінің мәңгі жасыл ормандарын сақтап алған, себебі бұл заманауи технологиялардан алшақ орналасқан аймақ.
Тхан Бок Кхорани ұлттық паркі. Бұл жерде Са Моракот көлі орналасқан. Парктің ішіндегі су барлық уақытқа тұрақты. Мұндай көлде шомылу, жараларды, және сызықтарды кетіруге көмектеседі, сонымен қатар, бетті шаңдардан тазалап береді.
Ао Пханг – нга шығанағы. Ұлттық теңіз қорығы болып, шығанақ 1981 жылы жарияланған болатын. жағалау сызығы бойымен көптеген ағаш түрлері жайқалып, өсіп тұр. Аралдың көп бөлігі тіршіліксіз, судың тұнықтығы мен түсі қайталанбас әдемі және қызықты.
Вегетариандықтар фестивалі. Ең танымал және көп хплықты мейрам, тек қана Пхукет аралында тойланады. Пхукет жыл сайын, әсіресе қазан айында осы фестивалды өткізіп тұрады. Осы уақытта кытайлық тұрғыдағы Пхукеттің тұрғындары вегетариандық диетаны ұстанады. Бұл мейрамды қызықты қойылымдар, әндер шырқау арқылы өткізеді.
92. Солтүстік Африканың негізгі туристік аудандар ме орталықтарына сипаттама. Солтүстік Африка аймағына үш макроаудан кіреді: Магриб, Ливия, Египет.
Магриб елдерінің ішіндегі туризм жақсы дамыған Тунис. Тунисте курортты орталықтар көп:
Хаммамет - ежелгі туристік орталық. Танымдық курорттардың ішінде ежелгі курорттарды атауға болады және Халықаралық мәдени орталығы ашық амфитеатрмен танымал, антикалық стилде салынған. Хаммамета жаңа курортты зонасы 14 км теңізге созылып жатыр. Мұнда үш жолақта отелдер орналасқан және казино, дискотека, мейрамхана,гольф-клуб бар. Хаммаметке жақын жерде кішігірім курортты ауыл Набель орналасқан, ал оңт.те керемет Ясмин Хаммет курортты зонасы орналасқан. Онда көптеген көңіл көтеру және спорттық орындар бар.
Сусс — Монастир әуежайынан 12 км жерде орналасқан ірі курортты зона . Туристерді қызықтыратын ең басты орны балмұздақтардың кез келген түрі бар Casa Delegata кафесі. Суссаның солтүстік бөлігінде Порт Эль Кантауи туристік кешені орналасқан. Мұнда гольф алаңы, су астында жүзу орталығы, ботаникалық бақ бар.
Монастир — Хаммамет бұғазының оңт.де орналасқан өзінің жеке әуежайы бар, портты қала және ірі туристік орталығы. Қаланың танымдық орталықтарының ішінде — Хабиб Бургиб елдің алғаш президентінің мавзолейі, конгресс Сарайлары және ортағасырдағы қамал Рибат.
Махдия — кішігірім курорт тунис жағалауында орналасқан. Осы жерде Тунистегі керемет жағажай орналасқан және құмдары ең әдемі ақ құмдар осы жерде.
Табарка – солт.гі Алжирге жақын орналасқан тез дюамушы курорт. Мұнда бірнеше жыл бұрын халықаралық әуежай ашылған, және мұндағы ең басты үлкен отель 4мыңға жуық орыны бар. Көптеген туристерді осы жерде 1995 ж. откен халықаралық джаз фестивалі қызықтырады.
Джерба – Тунистің оңт.гі арал, жағалау ұзындығы 120 км. По легенде, первым туристом, посетившим Джербу, был ды алып жатыр. Қазіргі уақытта Джерба туристерді көпкм.лі жағажайлармен қызықтырады, таза суымен, ғажайып микроклиматымен ерекшеленеді.
93. Шығыс пен Оңтүстік Африканың негізгі туристік аудандар мен орталықтарына сипаттама. Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік Африка-салыстырмалы түрде жас,динамикалы түрдедамып келе жаткан халықаралық туризм аймағы болып табылады. Танымал бағыттарға мұнда келесі елдерді жатқызуға болады: Кения,ОАР,Зимбабве,Намибия,Танзания ,Уганда, Сейшель аралдары,Маврикий.
Соның ішінде Оңтүстік Африка республикасына тоқталып өтетін болсақ, оны Атлант және Үнді мұхиттары шайып жатыр. Экономикалық жағынан алып қарасақ та Африкадағы дамыған елге жатады. ОАР астанасы – Претория. Оңтүстік Африкада көптеген қорықтар мен ұлттық парктер,шөлдер мен таулар бар. Жағалауларда курорттар орналасқан.Солардың танымалы Сан-Сити қаласы. Негізгі бағыт экологиялық туризмге арналған.сонымен қатар мұнда вино өндірісі жақсы дамыған. Негізгі танымал орындарға:
Батыс Кейп,Кейптаун
Garden Route
Наталь, Дурбан
Лимпопо
Северный Кейп
Национальный Парк Крюгера
"Аддо Элефант" Национальный Парк.
Драконовый Национальный Парк
Йоханнесбург
Зимбабве мемлекеті-Африканың оңтүстігінде Лимпопо және Замбези өзендерінің арасында орналасқан.Негізгі танымдық орындары Виктория сарқырамасы,Кариба өзені,Грейт Зимбабве. Астанасы-Хараре.
Намибия-мұнда тау кен өндірістері жақсы дамыған.Намиб шөлі орналасқан.Астанасы-Виндхук.
Танзания-Танганьики және Занзибара мемлекеттерінің бірігуінен құралды.Негізгі танымдық орындары:Серенгети,Нгоронгоро,Килиманджаро.
Уганда-Экваторда орналасқан Африканың маржаны болып табылады. Елдің ең танымал жері – Бвинди ұлттық паркі, Мерчисон сарқырамасы. Елдің солтүстік-батысында,экваторда Елизавета ханшайымның ұлттық паркі орналасқан.
Мозамбик – елдің оңтүстік-шығысында орналасқан аграрлы ел болып табылады. Астанасы – Мапуту. Танымдық жерлерді айта кетсек тарих мұражайы және вокзал. Пляждар бар,және ұлттқ парктер. Солтүстігінде Комор аралдары орналасқан. Африканың оңтүстігінде Мозамбик пен ОАР арасында Свазиленд орналасқан.
Шығыс Африкаға толық және жартылай кіретін елдерге:
Кения
Уганда
Руанда
Бурунди
Танзания
Замбия
Мозамбик кіреді.
Мұнда сафари туризмі жақсы дамыған. Және атақты ұлттық парктерімен,әдемі ландшафтымен әйгілі. Атап өтетін болсақ Амбосели ұлттық паркі,Килиманджаро вулканы, сафари в Серенгети, Нгоронгоро, спуск в кратер на сафари.
94. Австралияның негізгі туристік аудандар мен орталықтарына сипаттама. Соңғы жылдары Австралия 4 млн-ға жуық туристер қабылдап отыр. Көп туристер Жаңа Зеландия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және Германиядан келеді. Негізгі туристік бағыттар Сидней, Мельбурн, Брисбен және Кэрнске бағытталыды.
Мельбурн - Австралияның негізгі коммерциялық, өндірістік мәдени орталығы болып табылады. Сонымен қатар мұнда әртүрлі спорттық жарыстар өтіп тұратындықтан Мельбурнды елдің «мәдени және спорттық астанасы» деп те атайды. Архитектурасымен де танымал.Елдің экономикасын туризм құрап отыр. Негізгі орталықтары: мемлекеттік Виктория кітапханасы, , здание Парламента штата Виктория, Королевский выставочный центр, вокзал Флиндерс-Стрит, Площадь Федерации, башня Эврика, коттедж капитана Джеймса Кука, собор Святого Павла, собор Святого Патрика, Риалто-Тауэрс. "Золотая Миля" Мельбурна (пешеходная обзорная экскурсия), Большая Океанская дорога и Двенадцать Апостолов, Парад Пингвинов на остров Филлипа , Музей Золота и Соверен Хилл в Балларате, Национальный Парк в горах Данденонг. Среди местных туристов пользуются популярностью винные туры в долину река Ярра, горах Грампианс и полуостров Морнингтон .
Сидней -өзінің опера театрымен,Харбор-Бридж көпірімен және пляждармен танымал. Ұлттық парктер де орналасқан. Тағы да шопинг туризм жақсы дамыған. 2004 жылы қалаға 7,8 млн австралиялық туристер және 2,5 шетел туристері келді.
Голд-Кост –жыл сайын 10 млн турист келеді.Басты морской курорттардың бірі Сидней мен Брисбеннің ортасында орналасқан.Среди преимуществ этого туристического центра — мягкий тропический климат, протяженные пляжи, с высокими прибрежными волнами, которые привлекают сёрферов. Один раз в год город принимает знаменитую гоночную серию Indy Car на Гран При Голд-Коста.
Здесь же расположено множество тематических парков и заповедников: «Sea World», парк водных аттракционов и шоу с морскими животными; парк «Cinema World» - «Австралийский Голливуд»; Диснейленд; аквапарки, рестораны и казино. В самом городе находится большое количество высотных зданий, в том числе, знаменитый небоскрёб Q1 Tower высотой 322,5 м.
Кэрнс- туристерді қабылдаудан Сидней,Мельбурн,Брисбеннен кейін 4-ші орынды алады.Основными природными рекреационными ресурсами региона являются: Большой барьерный риф, влажные тропики Квинсленда и плато Атертон, а также комфортный тропический климат и песчаные пляжи Кораллового моря.Туристическая инфраструктура города включает большое количество гостиниц, домов отдыха, пляжей, кафе и ресторанов. Построены специальные парки развлечений и аттракционов, предлагаются различные экскурсии и развлекательные туры.
Алис-Спрингс Город Алис-Спрингс привлекает туристов своей близостью к горе Улуру, а также большим количеством казино, ночных клубов, ресторанов и тематических парков. Среди отдыхающих популярны экскурсии в Пустынный парк, на старую телеграфную станцию, в Центр рептилий, ботанический сад и т. д. Для размещения туристов доступны несколько отелей, хостелов, а также специальные парки для ночёвки гостей, приезжающих на собственных автомобилях.
В течение года в Алис-Спрингсе проводится множество различных фестивалей и представлений, включающих гонки по пустыне и по реке Тодд.
95. Мұхит аралдарының негізгі туристік аудандар мен орталықтарына сипаттама. Халықаралық туризмнің дамуы жағынан Еуропа аймағынан кейінгі орында Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы (ШАТА).
Шығыс Азия мен Тынық мұхиттың бассейінінде кіру және шығу
туризмі жақсы дамыған 1970-2010 жылдары ШАТА-ға келген туристердің саны және олардан түскен табыс.
Жыл |
Туристердің саны млн адам |
Түскен табыс млрд долл |
1970 |
5,3 |
1,1 |
1980 |
20,9 |
8,5 |
1990 |
57,7 |
39,2 |
1995 |
85,6 |
73,7 |
2000 |
110,3 |
82,2 |
2001 |
121,0 |
82,2 |
2002 |
130,6 |
|
2003 |
133,3 |
|
2004 |
144,2 |
127,8 |
2005 |
155,4 |
138,6 |
2006 |
167,8 |
|
2007 |
182,0 |
186,8 |
2008 |
184,1 |
206,0 |
2009 |
180,9 |
203,1 |
2010 |
203,8 |
248,7 |
|
||
ШАТА аймағына келетін туристердің санының динамикасы
Аймақ |
1990 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
|
ШАТА’
Солтүстік- Шығыс Азия Оңтүстік- Шығыс Азия Мұхит Аралдары Оңтүстік Азия |
57,7 115,3 121,0 130,6 133,3 114,2 155,4 167,8 182,0 184,1 180,9 203,8
28,0 62,5 65,6 73,4 61,7 79,4 87,6 94,3 101,0 101,0 98,0 111,6
21,5 37,0 40,1 41,7 36,1 47,1 49,3 54,0 59,7 61,7 62,1 69,6
5,2 9,6 9,4 9,6 9,0 10,1 10,5 10,6 11,2 11,1 10,9 11,6
3,2 6,1 5,8 5,9 6,1 7,6 8,0 9,0 10,1 10,3 9,9 11,1 |
ШАТА-дағы халықаралық туризмнің дамуын саяси тұрақтылықпен, туристік инфрақұрылымның дамуымен, бос уақыттың көбеюмен байланыстырады. ШАТА-ға келушілердің 77% ішкі аймақтық туризм құрайды.Жапония – рекреациялық ағымдарды құраушы, ШАТА нарығында ең үлкен ел. Жапония жалпы туристік сұраныстың 15%, Сингапур 9%, Тайвань 7% құрайды. ШАТА-ның кіру нарығына АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Үндістан, жатады. Бұл алты мемлекет ШАТА-ның туристік ағымдарының 70% құрайды. ШАТА-ның шығу нарығына Қытай, Малайзия, Сингапур, Таиланд жатады.
ШАТА уникалді рекреациялық ресурстарымен шетелдік туристерді өзіне тартады. Жапонияда, Оңтүстік Корея мен Тайваньда көңіл көтеру индустриясы әлем бойынша екінші орын алады (АҚШ-тан кейін). Гонконг пен Сингапур негізінен шопинг туризмді ұсынады. Тынық мұхит аймағында туризм біріншіден Австралия мен Жаңа Зеландияда дамыған. Олар аймаққа келген туристердің 10% қабылдайды. Ірі туристік орталықтарына Сидней, Мельбурн, Аделаида жатады. Екіншіден, туризм Тынық мұхит аралдарында – Микронезия, Меланезия, Полинезияда дамыған. ШАТА-да 1 туристің орташа шығыны – 764$. Бұл орташа әлемдік деңгейден жоғары – 659$. Жапонияда – 1706$, Сингапур – 955$, Гонконг – 864$.
