Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

75.Кариб аймағының туристік орталықтарына сипаттама.

Кариб аймағына кіретіндер Мексика, Орталық Америка елдері және Кариб теңізінің аралдарындағы мемлекеттер, Бермуд аралдары. Америка аймағында халықаралық туризмнің дамуы жағынан Кариб ауданы екінші орын алады, оған Латын Америкасы бойынша шетелдік туристердің 2/3 бөлігі келеді. Ауданның географиялық орналасуы қолайлы туристік нарығы дамыған Солтүстік Америкамен көршілес. Канада мен АҚШ-тан Кариб аралдарына дейін ұшақпен 2,5-3 сағат қана. Кариб ауданына жыл сайын орташа есеппен 18 млн туристер келеді. Кариб елдерінің ішінде көзге түсетін Мексика, онда АҚШ-пен "көрші туризм" дамыған. Жылына Мексикаға 5 млн туристер келеді, негізінен АҚШ-тан. Туризм екі бағытта дамуда: біріншісі – орталық аудандардағы және Юкатан түбегіндегі көне үнді мәдениетінің көптеген ескерткіштерін рекреациялық мақсатта пайдалану. Бұндағы басты туристік орталық - Мехико; екінші бағыт Тынық мұхит жағалауындағы демалыс орындарын дамыту. Басты куророттар Аккапулько, Багам, Бермуд, Пуэрто-Рико аралдары. Мехико – Американың ең ірі қаласы және Солтүстік Америкадағы ең маңызды қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Бұл нағыз ашық аспан астындағы мұражай – 1400-н астам монументтер мен тарихи ескерткіштер, 10 археологиялық зона, 8 универ-т, 80-н астам мұражй мен теартлар, концерттік залдар, көрмелер, 2мыңнан астам мейрамханалар, парктер мен демалыс орталықтары бар. Мехиконың дәл орталығында түнгі өмір ауданы – Роза Зонасы орналасқан, өзінің көптеген дүкендерімен, мейрамхана және кафелерімен. Мехиконың ең үлкен паркі Боск-де-Чапультелек. "Ацтек" стадионы "мембраналық" шатыры бар ең үлкен стадион саналады.

76.Жерортатеңіз Еуропаның туристік орталықтары.

Жерортатеңіз ауданы Еуропада ғана емес, бүкіл әлем бойынша әйгілі туристік мамандандырылған аудан. Жерортатеңізі ауданында жақсы игерілген мемлекеттер Франция, Италия, Испания жағалаулары болып табылады. Әсіресе, Францияның Лазур жағалауы, Лангедок Руссиньон, Италия Адриатикасының солтүстік бөлігі, Корсика, Мегур жалауы, Испанияның Балеар аралдары, Коста-Бланка, Коста-Брава, Коста-Дорада, Коста-дель Асар, Күн жағалауы. Лазур жағалауы – Францияның оңтүстігінде орналасқан ғажайып аймақ. Көгілдір теңіз, тропикалық өсімдіктер, салтанатты табиғат көрінісі, жұмсақ субтропикалық климат, күн сәулесіне батқан жағажайлар мен Жерортатеңіздік айлақтар осы жерге тән. Серуендеу мен ойын-сауық үшін көркем орындар Лазур жағалауын бүкіл Еуропа туристерінің сүйікті орнына айналдырды. Лазур жағалауының астанасы – Ницца бойында ірі қала динамизмі және теңіздік курорт сүйкімділігі жиналған. Қала ескерткіштері мен фонтандары бар керемет парктер мен саябақтарға толы, оны зәйтүн тоғалары мен жеміс бақтары қоршайды. Италия Адриатикасы курорттары демалыс индустриясының жақсы инфрақұрылымымен, көптеген километрлерге созылған тамаша жабдықталған құмды жағажайлармен, жұмсақ теңізімен танымал. Бұл барлық жағлары бар заманауи жайлы отельдердің толық жүйесі болып табылады. барлық жерде бар және мейрамханалар кездестіруге болады. Мұнда демалыс, спорт және ойын-сауықтың кез келген түріне арнайы жағдайлар жасалған. Курорттарды ерекшелендіретін қасиет бұл жылы шырайлы атмосфера, қарсы алу болып келеді. Италиялық Адриатика жағалауының курорттары: Римини, Беллария, Габичче Маре, Милано-Мариттима.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]