Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

73.Рекреациялық ресурстары бойынша ақш-тың бөлінуі.

1. АҚШ-тың Шығысы – халық тығыз орналасқан индустриалды аудан, онда табиғи рекреациялық ресурстар аз, ал қалалардың мәдени-тарихи ресурстары көп. Сондықтан мұнда танымдық туризмі дамыған. Табиғи рекреациялық зоналар ауыл шаруашылығына пайдалануға болмайтын, қиын жерлермен біріктірілген – Аппалачей ауданы, Висконсине мен Солтүстік Миннесота морено-көлдік ландшафтпен.

2. АҚШ-тың Батысы – Кордильеры таулы аймақтарын қамтиды. Бұнда табиғи аумақтар жақсы сақталған. Ұлттық паркттердің үлкен бөлігі бар – Йеллоустон, Йосемит, Гранд-Колорадо.

3. АҚШ-тың Орталығы – жақсы игерілген. Ірі су қоймаларының бойында рекреациялық зоналар орналасқан. Арканзас штатында минералды су көздерінде АҚШ-тың барлық әйгілі курорттары орналасқан.

4. Тынық, Атлант мұхиттары мен Мексика шығанағының жылы ағыстары халықтың демалысы үшін зор маңызын тигізді.

Флорида түбегі үлкен халықаралық курортқа айналған, оған жыл сайын 50 млн туристер барады.

Калифорния түбегінде халықаралық маңызы бар курорттар орналасқан.

Аляскада туризм индустриясы өндіру өндірістері мен балық аулаудан кейін үшінші орын алады.

АҚШ шығысы – ең қоныстанған және индустриалданған аудан басқа аудандарға қарағанда табиғи рекреациялық ресурстары аз болып келеді. Танымдық типтегі рекреациялық жүйенің негізі болып қалалардың мәдени-тарихи ресурстары табылады. Жалпы АҚШ шығысында теңіздік туристік орталықтар жақсы дамыған. Мысалы, Орталық Атлантика туристік орталығында: Ребот-Бич, Оушен-сити, Марти-Бич курорттары, Флориданың оңтүстігінде: Дейтона-Бич, Орландо, Форт-Лодер-Дейл, Майами-Бич курорттары, Нью-Йоркта Лонг-Бич пен Солтүстік Каролинада Хаттерас. Сонымен қатар, Аппалач тауларындағы тау шаңғы курорттарын айтуға болады: Блю-Хиллс, Кистоун-Стоув, Лейк-Плейсид, Крэстед-Батт.

Кордильер таулы белбеуі бар АҚШ батысы табиғи кешендегі жақсы сақталған ірі аудандарға ие. Мұнда ұлттық парктердің көп бөлігі орналасқан, соның ішінде ауданы бойынша ең үлкен Йеллоустоун, гейзерлерімен танымал Йосемит.

АҚШ орталығының байтақ жазықтық кеңістіктері түгел игерілген, ірі су қаймаларының жағалауларында қала маңы рекреациялық зоналары орналасқан. Арканзас штатында минералдық су көздерінің арқасында әйгілі болған АҚШ бальнеологиялық курорттары бар. Хот-Спрингс, Маммот-Спрингс, Хибер-Спрингс айтуға болады.

АҚШ халқының демалысында Тынық, Атлант мұхиттары мен Мексика шығанағының жылы ағысы ерекше маңызды рөл атқарады. Ірі халықаралық курортына, АҚШ туризм индустриясы жалпы табысының 16%-нан көбісі тиесілі және жыл сайын 25 млн-ға жуық туристерді тартады. Мексика шығанағының жағалауында көптеген теңізжағалаулық курорттар орналасқан, олардың ішінде 50 км-лік құмды жағажайымен ерекшеленетін Галвестон бар. Теңізжағалаулық ондаған курорттар Калифорнияның Тынық мұхиттық жағалауында жайғасқан.

74.Канада елінің туристік аймақтарына сипаттама.

Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан ірі мемлекет. Канада да әртүрлі рекреациялық ресурстар бар. Онда, АҚШ-қа қарағанда, табиғи ресурстар жақсы сақталған, бірақ рекреациялық желісі нашар дамыған. Үлкен көлдердің жағалауының барлығы рекреациялық зоналар. Канаданың солтүстігі рекреация жағынан нашар игерілген. Негізінен мемлекет аумағында таулы аймақ басым болып келеді. Бұл Жартасты таулар мен Аппалач таулары болып табылады. Канадада тау шаңғы курорттары жақсы дамыған. Қазіргі таңда Канадада 240 тау шаңғы курорты бар. Елдің оңтүстік-батысындағы канадалық Жартасты тауларда 20-н астам ірі тау шаңғы орталықтары орналасқан, соның ішінде ескі курорттардың бірі Ред-Маунтин, ең күшті канадалық курорт, Уистлер және ең жас Кикинг-Хорс курорттары бар. Сонымен қатар, Канада Кордильерінде Биг-Уайт, Лейк-Луис, Саншайн-Вилледж, Паудер-Кинг, Сильверстар, Фернье, т.б. курорттары. Канаданың оңтүстік-шығысында, Квебек провинциясында 14 тау шаңғы орталықтары жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең қызықтылары Тремблент және Монт-Сент-Энн.

Негізгі туристік аймақтарына тоқтайтын болсақ, Ванкувер, Монреаль, Оттава, Торонто қалаларын айтуға болады. Ванкувер – көлемі бойынша Канаданың 3-ші қаласы. Елдің тынық мұхиттық фасады және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхит елдерімен байланыстыратын ірі порт, әлемнің әсем қалаларының бірі. Ең танымал қалалық Стэнли паркі мен оның жағалауы қала тұрғындары мен туристердің сүйкті демалыс орны болып келеді. Мұнда үйретілген дельфиндері бар үлкен океанариум, балықтар мен жорғалаушылар коллекциясы бар бассейндер, хайуанаттар паркі бар. Ванкувер қалың ормандармен және биік таулармен қоршалған, мүмкін сондықтан ең танымал туристік маршруттар, экскурсиялар мен орындар қалай да болса табиғатпен тығыз байланысты болады. Монреаль – көлемі бойынша Канаданың 2-ші қаласы. Қала Mont Royal тауының атымен аталған, қазір бұл тау қала нышаны болып табылады, оның шыңында аттас таңқараларлық әсем парк және әйгілі 70-метрлік католиктік крест бар. Бүгін Монреаль – ең ірі порт. Тұрғындары көбінесе франко-канадалықтар болғандықтан, Монреальды кейде “солтүстікамерикалық Париж” деп те атайды. Қалада Еуропадағы танымал архитектуралық ескерткіштердің кішірейтілген көшірмесін көруге болады. 350 парк, 300-ге жуық шіркеулер, 15 көпір бар. Оттава – астанасы, сонымен қатар мемлекеттің маңызды тарихи және мәдени орталығы. Су мен көктің молдығы, әдемі коттедждер, бай өңделген үкімет ғимараттары қаланың таңқаларлық әдемі және тыныштық кейпін қалыптастырады. Оттавада 30-дан астам мұражайлар, 50 галерея, түрлі театрлар бар. Торонто - тек қана Канаданың ең үлкен қаласы емес, сонымен қатар іскерлік, өндірістік және халықаралық мәдени орталық. Әдемі ландшафт, көптеген тарихи және мәдени көркем орындар, демалыс пен бизнеске арналған жайлы және қазіргі заманғы жағдайлар осы қалаға тән. Торонто – ағылшынтілдік Канаданың басты мәдени орталығы, мұнда драма театрлары, Ұлттық балет, Ұлттық опера, Онтарио Патшалық мұражайы, т.б жұмыс істейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]