Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

69.Еуропаның төрт туристік аймаққа бөлінуі: Жерортатеңіз, Альпі, Орталық және Солтүстік.

ЖЕРОРТАТЕҢІЗ

Еуропада ғана емес, бүкіл әлем бойынша әйгілі туристік мамандандырылған аудан.

Теңіз жағалауын аумақты ұйымдастыруға туризмнің екі кезеңі маңызды әсерін тигізді:

      • ХІХғ соңы-ХХғ басы

      • екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және бүгінгі күнге дейін.

Бірінші кезең масштабы жағынан шағын ғана болса, себебі бұл кезде аристократтар ғана демалысқа шығатын.

Екінші кезең бұқаралық суға түсіп, жағажайда демалу туризмімен сипатталынады, экологиялық проблемаларды шиеленістірді. Жерортатеңізі ауданы біркелкі игерілмеуде. Жақсы игерілгендері: Франция, Италия, Испания жағалаулары.

Әсіресе Францияның Лазур жағалауы, Италия Адриатикасының солтүстік бөлігі, Испанияның Балеар аралдары, Коста-Бланка.

АЛЬПІ АУДАНЫ

Халықаралық туризмді дамытудың басты ауданы. Францияның, Италияның, Австрияның, Швейцарияның Альпысында мезгіл кезіндегі бір шаршы км-ге келетін жергілікті халық пен туристердің тығыздығы 1800 адамға жетеді.

Туристерді көп қабылдайтын елдер – Швейцария мен Австрия.

Олар географиялық жағынан өте қолайлы, Еуропаның ортасында орналасқан және туристік сұранысы жоғары дамыған елмен шектеседі (Германия). Бұнда санаторлық емдеу, тау шаңғысы туризмі, альпинизм дамыған. Швейцарияда конгресс туризмі дамыған. Швейцарияның негізгі рекреациялық ареалы – Берн, Женева, Цюрих. Австриянікі – Тироль, Зальцбург, Карантия

ОРТАЛЫҚ ЕУРОПА АУДАНЫ

Скандинавия мен Жерортатеңізі елдері мен Португалияны қоспағанда, бұл ауданға еуропаның бұрынғы барлық капиталистік елдері жатады. Бұнда туризмнің материалды-техникалық базасы жақсы дамыған. Ежелгі қалалар мәдени-тарихи ескерткіштерімен танымдық туризмнің дамуына әсерін тигізді. Минералды су көздері өте көп – емдеу туризмі дамиды. Германияның бальнеологиялық курорты – Висбаден Рейн долинасындағы, Шварцвальдағы - Баден-Баден курорты.

  • Голландияның негізгі рекреациялық ауданы – Лимбург провинциясы "голланд швейцариясы" деп аталынатын көркем жерлер бар.

  • Ұлыбританияға баратын туристер ағымы негізінен Лондонға, сосын Мидленд, Шотландия, Уэльске барады. Көркем аудандары: Корнуэл түбегі, Борнмут ауданы, Уайт, Джерси, Мэн аралдары.

СОЛТҮСТІК ЕУРОПА АУДАНЫ

  • Бұған кіретіндер Скандинавия елдері – Швеция, Норвегия, Дания, Исландия және Финляндия.

  • Бұнда жақсы сақталынған экзотикалық аумақтар бар – таза көлдер (60 мың аса). Ең ірісі Сайма көлі – онда белгілі курорттар Лаппенранта, Лауритсала, Иматра орналасқан.

  • Швеция – Балты теңізі мен Ботаникалық шығанақ жағалауы игерілген. Стокгольмнің солтүстік-батысында Даларна тау жүйесінде тау шаңғы туризмнің орталығы орналасқан.

  • Норвегияның негізгі рекреациялық ауданы – Осло айналасы, Мьеса көлі, Норвегияда өте көркем фьордтар – Хардангер-фьорд, Согне-фьорд.

  • Лапландия – Финляндия, Швеция және Норвегияның солтүстік аудандары - өзінше көркем табиғаты мен аборигендік мәдениетімен туристерді өзіне тартады.

  • Данияда бірқатар теңіз жағалауында рекреациялық аумақтар бар: Зеландияның солтүстік-шығысында, Фюн аралында, Ютландияның солтүстік, солтүстік-батыс жағалаулары және Борнхольм аралдары.

  • Поляр шеңберінде орналасқан Исландияда, өте уникальді ресурстары бар. Бұл гейзерлер, глетчерлер, көлдер мен құлама сулар елі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]