- •2.Хт қазіргі жағдайы.
- •3.Туризм туралы түрлі адамдар ассоциациясының ұсынысы.
- •7.Туризмнің статикалық және концептуалдық анықтамалары.
- •8.Хт ерекшеліктері, ішкі туризмнен айырмашылығы мен байланысы.
- •9.Кіру туризм, шығу туризм туралы түсініктер.
- •10.Ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм: сипаттамасы мен айырмашылығы.
- •11.Туристік формальдықтар, оларға сипаттама.
- •12.Халықаралық туризмнің дамуында Томас Куктің ролі.
- •13.Хт «аристократтық» және «бұқаралық» сипаты.
- •15. Хт сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі
- •16.Хт мемлекеттің төлем балансына тигізетін әсері.
- •17.Туристерді жеткізуші елдер және туристерді қабылдаушы елдер.
- •18.Белсенді туризм және пассивті туризм, «көрінбейтін экспорт» және «көрінбейтін импорт».
- •19.Халықаралық туристік нарық тауар-ақша қатынастар сферасы ретінде.
- •20.Халықаралық туристік нарықтың негізгі ерекшеліктері.
- •21.Хт дамуының негізгі факторлары мен шарттары.
- •22.Хт дамуының табиғи-географиялық факторлары.
- •23. Хт дамуының демографиялық факторлар.
- •24.Хт дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлар.
- •25.Хт дамуының материалды-техникалық факторлары.
- •26.Хт дамуының субъективті факторлары. Маслоудың
- •27.Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс.
- •28.Туристік сұраныстың негізгі ерекшеліктері: динамизмі және көптүрлілік пен кешенділігі.
- •29.Туристік сұраныстың икемділігі.
- •30.Туристік сұраныстың кеністікте және уақытта шоғырлануы.
- •31.Туристік сұраныстың географиясы.
- •32.Туристік ұсыныс туралы түсінік.
- •33.Туристік құндылықтар мен туристік қызметтер.
- •34.Рекреациялық туризмнің географиясы.
- •36.Еуропадағы рекреациялық туризм.
- •37.Америкадағы рекреациялық туризм.
- •38.Шата-дағы рекреациялық туризм.
- •39.Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азиядағы рекреациялық туризм.
- •40.Іскерлік туризмнің географиясы.
- •41.Халықаралық туристік көрмелер мен биржалардың сипаттамасы.
- •42.Бизнес-саяхаттардың географиясы.
- •43.Діни туризмнің географиясы.
- •44.Иерусалим - әлемнің ірі діни орталығы.
- •45.Мұсылман қажылықтың орталықтары
- •46.Христиан қажылықтың орталықтары.
- •47.Будда қажылықтың орталықтары.
- •48.Діни тақырыбы бар экскурсиялық туризмнің географиясы.
- •50.Емдік туризмнің географиясы.
- •51.Емдік туризмнің ерекшеліктері.
- •52.Курорттардың негізгі түрлері.
- •53.Еуропадағы емдік туризм.
- •54.Америкадағы емдік туризм.
- •55.Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы емдік туризм.
- •57.Хт статистикасы.
- •56.Африкадағы емдік туризм.
- •58.Хт статистикасының дамуы.
- •59.Туристік ағымдардың статистикасы.
- •60. Дүниежүзіндегі ірі туристік аймақтар (дтұ бойынша).
- •61.Туристік ағым статистикасының негізгі көрсеткіштері.
- •63.Туристік шығындардың статистикасы.
- •67.Еуропадағы халықаралық туризмнің дамуы.
- •68.Әлем туризмде Еуропаның орны.
- •69.Еуропаның төрт туристік аймаққа бөлінуі: Жерортатеңіз, Альпі, Орталық және Солтүстік.
- •70.Солтүстік Американың туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •71.Латын Америкасының туристік аудандары мен орталықтарының негізгі сипаттамасы.
- •73.Рекреациялық ресурстары бойынша ақш-тың бөлінуі.
- •74.Канада елінің туристік аймақтарына сипаттама.
- •75.Кариб аймағының туристік орталықтарына сипаттама.
- •76.Жерортатеңіз Еуропаның туристік орталықтары.
- •77.Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағында халықаралық туризмнің дамуы.
- •83. Ұлыбританияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •84. Германияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •87. Мексиканың негізгі туристік орталықтарына сипаттама.
- •90. Жапонияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама.
- •91. Таиландтың негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.
- •96. Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі туристік аудандар мен
63.Туристік шығындардың статистикасы.
Туризм статистикасының екінші күрделі бөлімі – туристік табыс пен шығын статистикасы. Бұнда елдің төлем балансына туризмнің тигізетін əсері, сондай-ақ халықаралық туризм шығыны жəне одан түсетін табысы қарастырылады. Туристік шығын концепциясы. Туризм статистикасының екінші бөлімінің негізгі түсінігі – туристік шығын. Туристік шығын – бұл сапарға дайындық жəне сапар кезінде іске асатын тұтынушы шығынының жалпы жинағы. Туристік шығын концепциясының негізіне бірқатар қағидалар алынған. ДТҰ-ның ұсынысы бойынша келушілердің, туристер мен экскурсанттардың экономикалық маңызы бар шығындары ғана есепке алынады. Келушілердің шығыны өзінің қажеттерін қанағаттандыруға алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтің бағасымен анықталады. Ол сұраныс сияқты əр түрлі болуы мүмкін: тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру қызметтерден бастап, күнделікті туристер қолданылатын заттар мен сувенирлерге дейін. Бұлардың барлығын, тек қана сыйлықтарды қоспағанда, келушілер өзі үшін пайдаланады. Туристік шығынның мөлшері тауарлар мен көрсетілген қызметке кеткен айқын шығынмен белгіленеді. Туризм статистикасының ең басты жəне күрделі проблемаларының бірі – туристік шығынның құрамын реттеу. Ол турист шығын шығаратын уақытпен (яғни сапарға дайындық пен сапар кезінде) жəне туризм түрлерімен де себептеседі. Соған сəйкес ішкі жəне халықаралық туристік шығын болып бөлінеді. Шығу туристік ағымы туристік шығынның халықаралық категориясына жатады, ал кіру туристік ағымы халықаралық туризмнен табыс түсіреді. ДТҰ-ның материалында, халықаралық туристік шығын кез келген елдің тұрғындарының шет елге саяхат кезіндегі шығыны арқылы анықталады. Сонымен қатар оларға халықаралық тасымалдау бойынша шетелдік көлік компаниясының кызметіне төлеу, сондай-ақ шет елден алынатын тауар мен қызметтерге алдын ала төлеуі кіреді. ДТҰ-ның мəліметтері бойынша, халықаралық туризмге кететін шығынның көбісі индустриясы дамыған елдерге келеді, негізінен АҚШ, Германия, Ұлыбритания жəне Жапонияға. Осы төрт елдің бөлігіне барлық шығынның 1/3 тиеді. Олардан басқа халықаралық туристік шығынның қалыптасуына елеулі үлесін қосып келе жатқан: "үлкен жетіліктің" басқа да мүшелері, яғни Франция, Италия жəне Канада. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысында халықаралық туризмге елеулі қаржы жұмсаушылардың тобына Скандинавия елдері (Швеция, Норвегия, Финляндия), Батыс Еуропаның біраз елдері (Австрия,Швейцария, Бенилюкс елдері), Латын Америкасының жаңа индустриялді елдері (Бразилия, Аргентина, Венесуэла), Азия елдерінен –Қытай, Сингапур, Малайзия да кірді.Халықаралық туристік шығындардың жалпы мөлшерінде Орталық жəне Шығыс Еуропа елдерінің үлесі əзірге шағын ғана болып отыр. Олардың ішінде көзге түсетін – Ресей Федерациясы мен Польша болып табылады. Ең көп шығынданатын елдер(2008-2009) млрд доллар2008-2009 ж.ж. туризмге көп шығындар жұмсаған елдер:
Ел 2008 ж (млрд $) 2009 ж (млрд $)
Германия 91,0 81,2
АҚШ 79,7 73,2
Ұлыбритания 68,5 50,3
Қытай 36,2 43,7
Франция 41,4 38,5
Италия 30,8 27,9
Япония 27,9 25,1
Канада 27,2 24,2
Россия 23,8 20,8
Нидерланды 21,7 20,7
2010 ж туризмге көп шығындар жұмсаған елдер:
Ел 2010 ж (млрд $)
Германия 77,7
АҚШ 75,5
Қытай 54,9
Ұлыбритания 48,6
Франция 39,4
Канада 29,5
Япония 27,9
Италия 27,1
Россия 26,5
Австралия 22,5
64.ХТ статистикалық мәліметтерді жинаудың әдістері. Халықаралық туризмнің статистикасы əр түрлі формада мəліметтер жинайды. Олар статистикалық бақылау есебі арқылы немесе арнайы жүргізілетін тексерулер арқылы жүргізілуі мүмкін. Көбінесе статистикалық мəліметтер бекітілген формалар бойынша белгілі бір уақытта кəсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан алынады. Бухгалтерлік есепке қарап, олар есеп қағаздарын толтырып, оны статистика органдарынажібереді. Дəл сол есептер туризм туралы негізгі мəліметтерді береді. Дегенмен, ол бұндай күрделі қоғамдық-экономикалық құбылыстың барлық жағын қамти алмайды. Сондықтан туризм туралы мəліметтің бір бөлігін арнайы статистикалық бақылаудың көмегімен алады. Олар хат жазу немесе тексеру түрінде ұйымдастырылады. Осылардың арқасында келіп түскен мəліметтер есептерді толықтырып, туристік іс-əрекеттердің жеке аспектілерін толығырақ білуге көмектеседі. Туристік ағым статистикасында келушілер саны мен болуының ұзақтығы туралы мəліметтерді осындай есептерден алуға болады. Статистикалық бақылаудың ең кең тараған əдісі – шекарадағы есеп жəне орналасу орындарындағы келушілерді тіркеу. Қазіргі шақта əлемнің 60 елінде шетелдік туристерді шекарада, ал 40 елде орналастыру орындарында тіркейді. Шекарадағы есеп елге келгенде жəне шыққанда кеден бақылауында жүргізіледі. Барлық бақылау рұқсат орындарында болады. Саяхатшылар туралы нақты мəлімет алудың негізгі көздері – олардың келу карточкасы, паспорт пен визасы жəне басқа да сол сияқты формалар. Олар туристердің жасы, жынысы, азаматтығы жəне сапардың мақсаты туралы мəліметтер береді. Шекарадағы есеп əдісі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Греция, Франция, Үндістан, Алжир жəне басқа да елдерде қолданылады. Бұл əдіс кең тарағанымен, оның елеулі кемшілігі бар. Туристердің есеп саны шекараны кесіп өткенде кейде қайталанады, соның арқасында туристік ағымның жалпы мөлшері бірнеше есе көтеріліп кетеді. Туристер есепке шекараны өткенде ғана алынып қоймайды, олар барып тоқтаған орындарында да алынады. Сондықтан шекарадағы есептеуден басқа да статистикалық бақылау əдісі қолданылады – келушілерді орналастыру орындарында тіркеу. Отель жəне басқа да орналастыру орындары күнделікті келушілерді тіркеп отырады. Əрбір келуші есеп карточкасын толтырады. Онда келушілердің саны, сонымен қатар азаматтығы, тұрақты тұратын елі, келген күні жəне отельде болуының ұзақтығы көрсетіледі. Осылай статистикалық бақылау кезінде алынған мəліметтер қонақ үйі базаларының толық жұмыс істеуін реттеп тұрады. Бұл əдіс халықаралық жəне ішкі туристерді де есептеу үшін пайдаланылады. Бірақ алда олардың болғандығы туралы толық мəлімет бермейді, өйткені барлық орналасу орындары сəйкес түрде есеп жасамайды. Туристік табыс пен шығындар, физикалық туристік ағымдар ретінде əр түрлі əдістерімен есептелінеді. Халықаралық туризмнен түскен валютаның көлемін банктің есеп мəліметі арқылы жəне таңдап алып тексеру арқылы анықтауға болады. Банк əдісі халықаралық туристермен жүргізілген валюта операциясы туралы мəліметтерді жинаумен шектеледі. Ұлттық (орталық) банк коммерциялық банктер жəне валюта айырбастау орындары арқылы туристік шығындарды есепке алып отырады, өйткені олар туризм каналы арқылы сатылған жəне сатып алынған шетелдік банкноттар туралы ұлттық банкке мəліметтер беріп тұрады. Банк əдісі Францияда жəне басқа да Еуропа мемлекеттерінде қолданылады. Оның артықшылықтары бар. Ол туристерден қосымша мəліметті қажет етпейді жəне статистикалық органдардың жұмысын қиындатпайды. Түскен мəліметтерді төлем балансын жасағанда Ұлттық банк өңдейді. Солай болғанымен, статистикалық бақылау процесінде банк əдісінен қателіктер туындайды. Себебі, "қара нарық" барлық елдерде де бар. Ол арқылы валюта ағымының бір бөлігі банк каналын айналып өтеді. Банк əдісі территорияларға бөліп қарағанда шетелдік туристерден түскен валютаның көлемі туралы дұрыс түсінік бермейді. Есеп ақша келіп түскен елдер бойынша жүргізіледі,
сондықтан қателіктер кетеді. Туристік статистиканың негізгі əдістері – келушілерді шекара мен орналастыру орындарында тіркеуді біріктіріп жəне оған таңдап тексеруді қосқанда туристік ағым мен шығынның дəлдік есебі көтеріледі. Таңдап тексеру шетелдік саяхатшыларды бақылау орындарында сұрақ беру арқылы ұйымдастырылады. Таңдап тексеру əдісі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария елдерінде үнемі жүргізіледі. Мақсатын таңдаумен қатар бақылау объектісі шығады. Бақылау объектісі – барлық келушілердің жиынтығы. Арнайы анкеталар елде болған шетелдік туристер туралы толық мəлімет береді. Түрі жағынан анкеталар ашық жəне жабық болады. Жабық анкетада барлық сұрақтарға жауаптың тізімі құрастырылады. Мысалы, "Аэрофлот-Ресей əуежолы" авиакомпаниясының ұшақ бортында көрсетілген қызметі өте жақсы, жақсы, орташа, көңіл толмайды деп бағалаймыз. Ашық анкетада берілген ашық сұраққа əр респондент өз пікірін айтып ашық жауап береді. Сондықтан да ашық берілген сұрақтар арқылы мазмұны жағынан көп мəліметтер жинауға болады. Туристік шығындар туралы статистикалық мəліметтер жинағанда, сондай-ақ, əр түрлі басқа да əдістер қолданылады. Соның біреуі – күнделік əдісі. Сол арқылы бір келушінің тəулік ішіндегі шығынын анықтайды. Сапар басында келу-шілерге арнайы бланкілер саяхат кезінде толтыру үшін таратып береді (күнделіктер), содан кейін саяхат біткен соң қайтарып беруін сұрайды. Онда келушінің күнделікті шығыны жəне жалпы шығынның жинағы көрсетіледі, сонымен қатар келу мақсаты, баратын орны, болған аудандары мен түнейтін күндер саны көрсетіледі. Күнделік əдісінің жақсы жəне нашар жағы бар. Ол туристердің шығыны туралы толық мəлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл əдістің жетістігі барлық төлем операциялары төленісімен күнделікке жазылады, сондықтан да дəлдік мəліметтер болады. Солай болғанымен, күнделік əдісінің бірқатар кемшіліктері де бар. Оның ішіндегі ең бастысы – күнделік формасын келушілердің барлығының міндетті түрде толтырмауы. Халықаралық туризм статистикасының одан əрі дамуы – мəлімет базаларының жетіспеуінен шегерілуде. Қазіргі шақта əлемдік туристік алмасудың барлық көрсеткіштеріне бірде бір ел жүйелі түрде бақылау жасамайды. Статистикалық жұмыс жақсы жолға қойылған Францияның өзінде де есеп жұмысы үлкен мəселелермен жүргізіледі.
65.ХТ дамуының қазіргі тенденциялары. ХХ ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропа мемлекеттерінің туристік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық жəне əлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ қазіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты болды. Туристік тұтынушылықтың құрылымына басты əсерін тигізгені экономикалық конъюнктураның нашарлауы. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар негізгі туристік қызметті пайдаланушыларға – қоғамның орта буынына да əсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мəжбүр болды. Экономика конъюнктураның нашарлауы əлеуметтік сфераны өзгертіп жіберді, ол өз ретінде туристік сұранысқа əсерін тигізді. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалыс уақыты ұзартылды, апталық жұмыс мерзімі қысқарып, икемді жұмыс кестесі енгізілді. Бұның барлығы халықтың бос уақытын ұзартып, туристік қызметті пайдаланушылардың санын көбейтті. Осындай жағдайда туристік қызметтің потенциалды тұтынушыларының шеңберінің кеңеюі бірінші тенденция болып табылады. Халықаралық туризмнің екінші тенденциясы – егде адамдардың туристік сұранысының көбеюі. Солардың ішінен толығырақ зейнеткерлік жасқа тоқталу керек, өйткені егде адамдар жиі туристік белсенділік көрсетеді. Зейнеткерлік жас дамыған елдердің көбінде 60-65 жас аралығында болады. Экономиканың нашарлауынан кейбір өндіріс орындары қаражат дағдарысына ұшырады, сондықтан да 60 жасқа толған адамдарды да, зейнеткерлік демалысқа жіберуге мəжбүр болды. Бұлар нағыз мықты, үнемі қозғалыстағы адамдар, олардың бос уақыты мол жəне сапар шегуге əр уақыттада дайын болды. Олар ішкі жəне халықаралық туризм нарқының дамуына өз үлесін қосты. Бүгінгі күндегі егде туристер – тəжірибесі мол саяхатшылар. Өмірге қызығы басылмаған, тынымсыз адамдар, кейде қызық оқиға мен қауіпке толы сапарларға да шығады: шаңғымен таудан сырғанау; бұрқыраған өзендермен қайық есу; шөл даламен саяхат жасау жəне т. б. Мүгедек егде адамдар да саяхаттап, өзіне жаңа сезім, əсер алғысы келеді, бірақ оған мүмкіндіктері жоқ. Бұндай категориядағыларға арналған "төртінші жастағыларға" атты бағдарлама бойынша арнайы құрылыммен Данияда "Дайнэдж Ассоциэшн", Нидерландыда "Сенье Ваканти План", Швецияда "Свериджес Пенсионарсфорбинд" атты демалыс клубтары жұмыс істейді. Осындай факторлар туристік тұтынушылықты ілгері жылжытты. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауымен жəне бос уақыт мөлшерінің ұлғаюына байланысты халықтың рекреациялық сипатында келесі тенденциялар байқалады – демалыс уақытының бөлшектелуі жəне қысқа мерзімдік сапардың көбеюі. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының басында Австрияда жəне Ұлыбританияда халықтың 20% демалысқа жазда жəне қыста шығып тұрды, ал 10% жылына үш жəне онан да артық саяхатқа шығып тұрды. Осындай жағдайлар Германия, Италия жəне басқа да Еуропаның дамыған елдерінде байқалды. Турлар қысқа, бірақ жиі болып тұрды. Батыс елдерінің əдебиеттерінде бұған "үзілісті саяхат" деген ат берілді. "Үзілісті саяхат" туристік фирмалар үшін өте тиімді болып отыр. Өйткені қысқа мерзімдік саяхаттың бір күні жай саяхат күнінен едəуір жоғары. Онымен қатар "үзілісті саяхатты" адамдар жыл бойы пайдаланады, ол туристік саладағы қиын мəселелерді шешуге мүмкіндік туғызады (мезгілдік кезіндегі қонақ үйі мен көлік мəселелерін жеңілдетеді). Батыс Еуропаның халықтары демалыс жəне мейрам күндеріндегі маршруттарды жиі пайдаланады. Олар көрме, мұражай, галерея жəне дүкендерді аралап, экскурсия жасауды ұнатады. Ұлттық паркте уик-энд өткізеді немесе жақын жерлердегі фестиваль, карнавал, əр түрлі тағамдардың дəмін анықтауға қатысады. Батыс Еуропаның нарқына қысқа мерзімдік сапарға туристерді жеткізушілер негізінен Германия мен Ұлыбритания болып отыр. 1993 жылы бұл екеуінің үлесіне 35 жəне 10% келді. Олардың көбісі Франция, Австрия жəне Германияда уақытын өткізеді. Қысқа мерзімдік келушілер жағынан бірінші орынды Франция алады. Ол жақын туризмді дамыта отырып, уақытша қысқа мерзімге келушілерді Германиядан, Ұлыбританиядан, Белгиядан, Испаниядан жəне Италиядан қабылдайды. Демалудың түрінде де тамырымен өзгерістер енуде. "Көңіл көтеру мен қозғалысқа қызығушылықтың жарылысы" келесі тенденция болып табылады. Жағажайда жатып пассивті уақыт өткізу, демалысты өткізудің көп тараған түрі болса да, бірте-бірте жаңа талаптарға орын беруде. Бұрынғы "Үш S" (Sea-Sun-Sand) – теңіз–күн–жағажайдың орнына жаңа формула "Үш L" (Lore- Landscape-Leіsure) – ұлттық дəстүр–пейзаж–бос уақыт келуде. Бұл жаңа құндылыққа сəйкес келіп, адам психологиясында бекітілуде, қазіргі туристің ойын жəне мінез-құлқын білдіреді. Күнделікті ақиқат пен шындықтан қалмау үшін турист жергілікті колоритке ынталанады, басқа халықтың тұрмысын, əдет-ғұрпын, мəдениетіндегі ерекшеліктерді білуге тырысады. Сонымен қатар белсенді демалып, күш-қуатын қалпына келтіруге де ұмтылады.
66.Үш S-тің үш L-ге ауысуы - қазіргі туристік сұраныстың басты тенденциясы.
Демалудың түрінде де тамырымен өзгерістер енуде. "Көңіл көтеру мен қозғалысқа қызығушылықтың жарылысы" келесі тенденция болып табылады. Жағажайда жатып пассивті уақыт өткізу, демалысты өткізудің көп тараған түрі болса да, бірте-бірте жаңа талаптарға орын беруде. Бұрынғы "Үш S" (Sea-Sun-Sand) – теңіз–күн–жағажайдың орнына жаңа формула "Үш L" (Lore-Landscape-Leіsure) – ұлттық дəстүр–пейзаж–бос уақыт келуде. Бұл жаңа құндылыққа сəйкес келіп, адам психологиясында бекітілуде, қазіргі туристің ойын жəне мінез-құлқын білдіреді. Күнделікті ақиқат пен шындықтан қалмау үшін турист жергілікті колоритке ынталанады, басқа халықтың тұрмысын, əдет-ғұрпын, мəдениетіндегі ерекшеліктерді білуге тырысады. Сонымен қатар белсенді демалып, күш-қуатын қалпына келтіруге де ұмтылады.
